Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Төлеген жырлары - қуаныш жырлары
Айбергенов жыр-көшімен сырласу.
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№1 орта мектебі
Кітапхана меңгерушісі
Корчагина Жанар Жанғалиқызы
Кештің мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының
бірі Төлеген
Айбергеновтың өмір жолы мен асыл
мұраларын оқырман қауымға
таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын
сүюге тәрбиелеу,туған
телге деген сүйіспеншілігін
арттыру,патриоттық тәрбие негіздерін
қалыптастыру.
Көрнекілігі: поэзия кеші өтетін залда Төлеген Айбергеновтың
портреті
қойылады,слайдтар,кітап көрмесі,ақын
туралы қанатты
сөздер,музыкалық орталық,түрлі-түсті
шаралармен,гүлдермен
безендіріледі.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,оқушылар!
Ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 75 жыл толуына арналған «Құйма
жырдың киесіндей ақын немесеАйбергенов жыр-көшімен сырласу» атты
кітапханалық поэзия кешіне қош келдіңіздер!
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ...Бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын!
Қыз қуатын жігітке ат беремін!
Жаным деген жүрекке от беремін.
Мен,әйтеуір,бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін?!
Мұны айтқан тарпаң мінезді ақжарма ақын Төлеген Айбергенов еді.
II жүргізуші: Оның сол бір қиын-қыстау заманда бар жиған-тергенін ортаға
салып,тамаша бір той ғып өткеретінін өзінен басқа ешкім де аңғарған жоқ -ты
.Тіпті сол тойының қашан,қайда және қай күні болатынын да ақын ашып айта
алмады.
Солай десек те,ақынның өзі осынау өмірде болсын-болмасын, сол бір тамаша
тойдың ерте ме, кеш пе, әйтеуір күндердің бір күнінде болатынын сезген
сыңайлы.
I жүргізуші:Сол күннен бері, әне-міне дегенше, аңдатпай жүріп, арада қырық
бес жылдың қалай зымырап өте шыққанын бүгін көріп отырмыз. Ал әлгі өтілуге
тиісті өз тойын осыдан 45 жыл бұрын армандаған тұлпар мінезді арғымақ ақын
Айбергеновтың 75 жылдығына арналған поэзия кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
II жүргізуші: Өлең жазсам,тал бойым,
Қорғасын боп балқиды.
Шертіп бір сырлы сан күйді,
Домбыра көңілім шалқиды.
Жақсы өлең туса құттықтап,
Жатады шулап ну орман
Орындалғандай ну арман
Қалам бір шығып құмардан.
Бұл ақынның өлең туралы толғанысы еді.Арамызда Айбергенов жоқ,бірақ жыры,
шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.Біз де бүгінгі кеште сөз
кезегін ақынның өлеңдері мен әндеріне берейік.
Ән:
I жүргізуші: Төлеген жырлары – қуаныш жырлары. Бірақ, бұл гүлге елтіген
көбелек қуған серуеншінің қуанышы емес, қиынды көрген, қайғы мен қасіреттің
де ащы дәмін татып байқаған адамзат адамның жүзеге асқан мақсаты мен
орындалған арманының қуанышы. Бір жағынан Жібек баулы қырандай күй
кештіріп, барша әлемді бауырына сыйыстырғанша сиыстырып кеткен жас
тұлғамыздың бірі еді, тіпті бірегейі десек те жарасады.Соған бұл ақынның әр-
бір жыры толық жауап беретіні хақ.
«Арал жырлары» - Амантаев Нұржан.
Ақынның өмірбаянымен қысқаша таныстырып өту.
Ақын өмірбаяны. Салтанат Айбергенова.
II жүргізуші: Арғы тегі Ақтөбе өңірін жайлап,кейінгі кер заманда бір
сыпырасы әрі кетіп, бір сыпырасы бері кетіп, яғни Кеңес үкіметінің қолдан
жасаған аштық топалаңынан әркім басы ауған жаққа жол кезіп кеткен ұрпақтың
ата-аналарының көземелімен қайта тоғысып, енді-енді ес жия бастаған
сыңайлы.Соның кепілдігі болар жан-жаққа шашырап кеткен жанардың сәулесі
санасы, ізгілікті істерінің өз атамекеніне ойыса бастағаны.
I жүргізуші: Осы жайдың бір куәгеріндей туған жері мен жүрген жерін, қала
берді, ата-бабаларының атамекенін аңсап,сол өңірдің барша құнарын
аталарының қанымен, аналарының ақ сүтімен бойына сіңірген Төлеген
Айбергенов сияқты дүниеден жастай кеткен ұлы ақынымыздың жөні бір бөлек
еді. Төлеген сонау ертеректе Арал теңізінің Солтүстігіне көзі жәудірей
қарағанымен, Оңтүстігінде дүниеге келген сағынышты қай елдімекені болмасын
көгертіп-көктетіп, әлсін-әлі жыр арқауына өзгеше өрнек төктіртіп
отырғандығы барша қазаққа аян.
II жүргізуші: Ол өзінің ата-бабаларының мәңгілік ірге тепкен «Атамекені»
және бұған қоса «Адамға» деген сүйіспеншілігін «Ақындық» жаралғысымен ала
келгендей.Енді біз сол жырларға құлақ түрейік:
1. «Атамекен» - Жарылғасынова Алтынай.
2. «Адамға» - Мұханбеталиев Әнуар.
3. «Ақындық» - Дәрібаева Ақбота
Көрініс: «Келіп тұрған алдыңа Айбергенов»
I жүргізуші: Төлеген – жыр әлемінде өзіндік үнімен еніп соңынан тұтас бір
толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихын да бүтін бір дәуірдің кілті болған
тұлға. Оның өлеңдерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқ. Осынау
марқұм боп кеткен талантты сазгер жігіт Жеңіс Естілеуов ән жазған
Айбергеновтың «Қош сәулешім», «Есіңе ал», «Сайрашы,сандуғашым», «Марфуға»,
«Өтті ғой,сәулем,ай талай»т.б.ән текісттері тыңдаушысын қай жағынан да
баурап алатын асыл дүниелер!
Ән орындалады.
II жүргізуші: Төлеген лирикасының ең басты қаһарманы-сағыныш. Ол
оқушысымен әр кездескен сайын сөзін сағыныштан бастайды.
Ей,адамдар,айналайын,туғандар.
Жалғыз минут тыңдаңыздар!
Мен сендерге көп болды сыр шертпедім.
Қазір мені жұлып алды төсектен...
I жүргізуші: Оның қай жырын оқысаңыз да осындай сағыныш сазы еседі.Туған
жерге деген сағыныш, достарға деген сағыныш, өлеңге деген сағыныш... Шындап
келгенде бұл,сағыныштың бәрі де ақын көкірегін өртеп бара жатқан алай-дүлей
махаббат. «Сағыныш» деген бір тақырыппен төрт өлеңдік топтамак арнаған
екен,соның бір өлеңін тыңдап көрелік.
Сағыныш: Мұхтар Шахановқа.
Оқитын:
«Апаларым» - Бекетов Қуанышбек.
II жүргізуші: Ақынның қысқа да нұсқа жырларының өзі асыл тастан мөлдіретіп
құйылған моншақтай көздің жауын алатынын қайтерсің.Тек тастан жасалған
моншақты жан жоқ қой, ал Төлеген ақын керсінше жансыз дүниеден жанды әлемді
мегзеп, өз оқырмандарының көңілін соған еріксіз аударып, жан дауасына
айналдырып жібергеніне таңданасыз.
«Бір тойым бар»
I жүргізуші: Оқырманның ерекеше таңдандырып, тамсандыратын қасиетті ақын
интуциясы.Болашаққа деген болжамы, көріпкелдігі, әулиелігі.
Өзінің өлең-жыр тойының мәңгі-бақи тарқамайтын,талай жыл бұрын болжаған
ақынды «әулие емес» деп кім айта алады?! Оның тойы өлмей тұрып-ақ отызға
толмай тұрып-ақ басталып кеткен еді.Содан бері әні жалғасып келеді.
II жүргізуші: Төлеген, меніңше де, әулие ақын! Ол өзінің өлетінін де және
қайда неден өлетінін де болжай салған!
Бір жетсе менің ажалым жетеді,
Найзағай оттарынан.
Сатқындар оқтарынан,
Өйткені мен теңіз боп ақтарылдым...
Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде...
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты
Мен өлемін өзімнің биігімде?!
I жүргізуші: Айтса, айтқандай, ол өлең шабытының шарықтап өрлеген
шағында,табиғи талатының асқар биігін енді шыға берген сәтінде,орда бұзар
отыздың мерекелі де, берекелі «Жеті қанат» отауының шаңырағын биікке енді
көтере бастағанда, тағдыр оғының біріне тап болып,дүниеден өтті.Ақ
жаңбырлар тоздырған тау сияқты өз биігіне шығып өтетінін және де артында
ұлан-асыр той жүріп жататынын алдын ала болжаған ақынды «Әулие емес» деуге
кімнің аузы барады?!
Т.Айбергенов туралы диафильм көрсетіледі.
Ән.
II жүргізуші: Кезекті өмірден өзі кетсе де,Төлеген жырларына баға берген
қаламдастарын тыңдалық.
1. М.Мақатаев «Төлегенге» - Досберген Мақсат
2. Қ.Мырзалиев «Төлегенге» - Сәндібек Аржан
3. М.Шаханов «Айбергенов шыңы» - Өтемісова Перизат
Өтемісов Перизат.
I жүргізуші: Төлеген жырлары туралы ойласақ,ол жырларды адам қолынан шықты
қаламмен жазылды дегенге сенің де келмейтін секілді. Бұл әлдісыр құдірет
арқылы ақын көкірегіне құйылып,содан төгіле қалған дүниелері ме дейсіз.
Төлеген –құйма жырдың киесіндей ақын. Төлеген-Алланың ерекше мейірімі
түскен адам болса керек. Өмір-жасы қысқа болғанымен, поэзия көгіне өз
жырларын,қолтаңбасын мәңгі өшпес күн секілді шығарып кетті емес пе?-дегім
келеді.
II жүргізуші: Құрметті қонақтар! Осымен құйма жырдың киесі Төлеген
Айбергеновтың мерей тойына арналған бағдарламамыз мәресіне жетті. Сөз
соңында,әрқашан ақынды еске алып,жырларын оқи жүрейік-дегім келеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz