6-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Қос сөздер және қайталама қос сөздер (Қазақтың ұлттық ойындары)


Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы

«Аршаты орта мектебі» КММ

Пән мұғалімі: Китапбаева Жанна Токтагановна

Қазақ тілі. 6- сынып 8. 10. 2012жыл

І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық: «Қос сөздер. Қайталама қос сөздер»

Лексикалық: «Қазақтың ұлттық ойындары»

ІІ. Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның ішіндегі қайталама қос сөздердің жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгерту, қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру

Дамытушылық : оқушылардың күрделі сөздер туралы алған білімдерін, есте сақтау, көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, Ұлттық нышандарды дәріптеуге тәрбиелеу, бірін-бірі бағалай білуге үйрету. .

ІІІ Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, бәйтерек, қима қағаздар, ақтық.

ІҮ Сабақтың түрі: ойын сабақ, жаңа сабақты меңгерту

Ү Сабақтың әдістері: деңгейлеп оқыту, семантикалық картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылықпен айналысу.

ҮІ Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:оқушыларды түгендеу, сабақтың өту барысымен таныстыру. Топ басшыларының ізгі ниеттерін айтқызу.
  2. Үй тапсырмасы: «Аударыспақ» ойыны

1. Дара сөз, күрделі сөз деген не?

2. Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді?

3. Күрделі сөздерді ата.

4. Біріккен сөздер деген не?

5. Кіріккен сөз дегеніміз не?

6. Аң - құс, жәндік, өсімдік атауларына мысалдар келтір:

7. Географиялық атауларға мысалдар келтір.

8. Кісі аттарына мысалдар келтір.

9. Дене мүшелері атауларына мысалдар келтір.

10. Ойын атауларына мысалдар келтір.

11. Ән-күй, өлең аттарына мысалдар келтір.

12. Мезгіл атауларына мысал келтір.

13. Қоғамдық өмірге тұрмысқа байланысты атаулар.

14. Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар

2. Үй тапсырмасын қорытындылау: «Ақсүйек» ойыны. Семантикалық карта:

Мысалдар
Қысқарған сөз
Біріккен сөз
Қос сөз
Тіркескен сөз
№: 1
Мысалдар: Бүгін
Қысқарған сөз:
Біріккен сөз: +
Қос сөз:
Тіркескен сөз:
№: 2
Мысалдар: БҰҰ
Қысқарған сөз: +
Біріккен сөз:
Қос сөз:
Тіркескен сөз:
№: 3
Мысалдар: Қара көк
Қысқарған сөз:
Біріккен сөз:
Қос сөз:
Тіркескен сөз: +
№: 4
Мысалдар: Әке-шеше
Қысқарған сөз:
Біріккен сөз:
Қос сөз: +
Тіркескен сөз:

3. Жаңа сабақ: «Асық» ойыны:

Ережені оқытып, тақтада түсіндірту

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып

айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.

Қос сөздің түрлерін түсіндірту:

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып

айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.

Жасалу жолдары:

Көре - көре көсем боласың,

Сөйлей - сөйлей шешен боласың

1. Түбірдің түгелдей қайталануы арқылы жасалады.

Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті

2. Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары

қосымшасыз бір түбірдің қайталануы

Барар -бармасымды Құртқа біледі.

3. Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып

қайталануы арқылы жасалады.

Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты азықтарды ала келіпті.

4. Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу

мәнінде жұмсалуы арқылы жасалады .

Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп

Үрейді ұшырды.

5. Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық

өзгерістерге ұшырап жасалуы.

Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр.

6. Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы

  1. Жаттығу жұмыстарын орындау: «Алтыбақан» ойыны

88-жаттығу

Берілген сөздерден сөйлем құрап, қос сөздердің қалай жасалғанын айт.

Дүркін-дүркін, қолма-қол, көзбе-көз, жалт-жұлт, өзінен-өзі, қараптан-қарап, жымың-жымың, қараң-қараң, мөлт-мөлт, тарс-тарс.

Айтыс

89-жаттығу

Суретке қарап, әңгіме құра

«Тақия тастамақ» ойыны:

Бір оқушы қос сөздің бір сыңарын айтады, екіншісі жалғасын тауып, қалай жасалғанын айту керек.

«Соқыртеке» тақтадан көрген сөздерді қайталап айту:

Алыс-жақын, үп- үлкен, түйе-мүйе, аузы-аузына, ат-мат, алпамсадай-алпамсадай, Екібастұз, Катонқарағай, сары май, имек-имек, барар-бармасымды, үйдей-үйдей, ата-ана.

«Палуандар күресі» деңгейлік тапсырмаларды орындау:

Қызыл- сөйлем мүшесіне талдау

Сары- дыбыстық талдау жасау

Көк- түбір мен қосымшасын ажырату

ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау: «Саялы бәйтерек аясында»

Қос сөз дегеніміз не?

Қос сөздер нешеге бөлінеді

Қайталама қос сөз деген не?

«Тау-тау» қалай жасалған?

«жүзбе-жүз» қалай жасалған?

«Орынды -орынсыз» қалай жасалған?

«Ет-мет» қалай жасалған?

«Жалт-жұлт» қалай жасалған?

«Қып-қызыл» қалай жасалған?

Біріккен сөз дегеніміз не?

Елтаңбаның авторы кім?

Тудың авторы кім?

Әнұранның авторлары кімдер?

ІХ Үй тапсырмасы: жасалу жолдарын жаттау, 91- жаттығу

Х Бағалау:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ашық сабақ: Қазақ тілі

Өткізген: Кітапбаева Ж. Т

«Аршаты орта мектебі» КММ

2012-2013 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
6-сынып: Қос сөздер және қайталама қос сөздер бойынша сабақ жоспары
Қос сөздер мен қайталама қос сөздер: қазақ тілінен сабақ жоспары
Қос сөздердің түрлері (қайталама қос сөздер) тақырыбындағы 6-сынып сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі: Алматының кейінгі даму шежіресі және қайталама қос сөздер
Қос сөздер мен қайталама қос сөздердің түрлері және жасалу жолдары
6-сынып қазақ тілі: Қосарлама қос сөздер туралы сабақ жоспары
6-сынып: Күрделі сөздер мен қосарлама қос сөздер бойынша сабақ жоспары
Ашық сабақ: 4-сынып, Қазақ тілі - Қос сөздер
Қос сөздер құпиясы: қайталама формалардың жасалу жолы мен практикалық сабағы
4-сынып қазақ тілі: Қос сөздер тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz