Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Саяхат сабақ. Сабақтың тақырыбы

Хуралай Алданыш,
Абай атындағы көпсалалы
мектеп-гимназиясының мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы
Жарма ауданы Қалбатау ауылы

Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Сөз таптары туралы ұғымдарын кеңейту, сан есім, дара
және күрделі сан есім туралы түсінік беру, сан
есімді басқа
сөз таптарынан ажырата білуге үйрету;
ә) тәрбиелік: Ұжымдық, жұптық жұмыс жасау барысында адамгершілік
қасиеттерін дамыту, туған жерді сүюге, халықтың
салт-
дәстүрінен тағылым алуға, инабаттылыққа баулу,
патриоттық сезімдеріне әсер ету;
б) дамытушылық:Ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты жазу, оқу
дағдыларын жетілдіру, оқушылардың
белсенділігін
жандандыру, өз ойын, пікірін еркін айта
білуге
қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Жарма ауданының картасы,
танымдық ойындар, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаш,
өлең, санамақ, сөзжұмбақ, Венн
диаграммасы, т.б.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту,
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау,
талдау, жинақтау, ой қорыту, сұрақ-жауап, т.б..
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі,

сурет, математика,ән-әуез.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, журналға белгілеу
жасау, сабақтың түрімен, мақсатымен таныстыру, «Қызығушылығын арттыру»
стратегиясы.
Балалар, бүгінгі сабағымызда өзіміздің туып-өскен жеріміз, Жарма
ауданына саяхатқа шығамыз. Жарма ауданы туралы мәліметтерді іздеп, тауып,
оқып, біліп келу үйге алдын ала тапсырмаға берілген болатын. Біз бірнеше
елді мекенге саяхаттайтын боламыз. Ол үшін тапсырмалар мен жаттығулар
орындауымыз шарт.
ІІ. Өткенді қайталау. Саяхатымызды бастамас бұрын Жарма туралы Мәуітқазы
Зүкенұлының мына бір өлең жолдарына назар аударайық:
Бұл Жарма құт мекенім, өскен елім,
Гүлшоқты жазиралы асқар белі.
Айдынды мұз мұхиты болмаса да,
«Сабынды» ерекше ыстық айна көлім.
Енді өткенге оралайық: «Мағынаны ажырату» стратегиясы
- Біз қандай үлкен тараумен танысып жатырмыз?
- Сөз таптары.
- Қандай –қандай сөз таптарымен таныстық?
- Зат есім, сын есім.
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін оқушылар өлеңге талдау жасап, өткенді
қорытындылайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабағымызға көшіп, саяхатымызды бастайық (оқушыларға
парақ үлестіріліп беріледі). Мына парақта бүкіл сабақ барысында әдеттегідей
толтырып отырамыз. Сабақ соңында бұл парақ, бағалау парағы іспетті қызмет
атқарады деуге де болады.

Семантикалық карта
|Білетінім: |Жаңадан білгенім: |Білгім келеді: |
| | | |

Жарма ауданының орталығын атайықшы. Қалбатау. Ендеше, Қалбтауға бару үшін
ойын шарты бойынша жаңа сабақты талдап көрейік. Бүгінгі танысатын
тақырыбымыз: Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер. Тақтаға тақырып үш
тілде жазылады. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» туралы саясатын айта кету.
Жарма ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылған. Жер көлемі – 22.6 мың
км. Мұнда 67 елді мекен, 22 ауылдық, қалалық округтер бар. 23 ұлт өкілінен
құралған 46,8 мың адам тұрады.
Мәтінге талдау жасап, сан есім, дара және күрделі сан есім туралы
ережені оқушылар өздері шығарып келеді. «Топтастыру» стратегиясы

Сан есім

Дара
Күрделі
Сан есім кіріскен өлеңнен үзінділер оқиды, сан есімге байланысты үйден
сызып келген суреттерін таныстырып, қорғайды, сан есім кіріскен мақал-
мәтелдер, санамақтар айтады.
Ойынымыздың шарты бойынша Қалбатауға келдік. Қалбатау туралы біліп
келген мәліметтерімізді ортаға салайық.
Ауыл 1893 жылы құрылған. Алғашқы жер үйлер пайда болып, ауылдың аты
Георгиевка деп аталды. Украинадан 37 отбасы көшіріліп әкеліп, Ханым
өзенінің оң жағалауына қоныстандырылды.
Георгиевка атауы Жарма ауданының 80 жылдығы қарсаңында Қалбатау деп
өзгертілді.
«Қалбатау» асыл тұқымды мал зауыты бар.
«Арго» шаруа қожалығының неізінде ашық кластері қалыптасты.
Аудандық пошта байланысы торабы арқылы тұрғындарға 72 түрлі пошта
қаржы және агенттік қызмет етеді.
«Арасан» емдеу-сауықтыру кешені бар.
Қалбатауда сұрапыл соғыс жылдарындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының
Батыры деген жоғары атақ берілген батырларымыз бар. ( 9 жармалық батырларды
слайдтан көрсету)
Қалбатаудың тумасы еңбек сіңірген спорт шебері – Дәулет Тұрлыханов
Кеңес Одағының 7 дүркін чемпионы, әлем мен Еуропаның бірнеше дүркін
чемпионы.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановтың
атындағы спорт мектебінде 22 бапкер спорттың 7 түрінен 800-ден аса
шәкірттің шеберлігін шыңдауда.
Аптасына бір-екі рет қазақ және орыс тілдерінде аудандық «Қалба
тынысы» және қалалық «Шар тынысы-Шарский вестник» газеттері шығарылады.
«Шар су қоймасы» бар. 1997 жылы пайдалануға берілді. 30 мың га егістік
пен шабындықты суарып келеді.
Шар қаласының өзіне барып көрейік. Ол үшін саяхатымыздың шарты бойынша
тапсырма орындауымыз қажет.
Оқулықпен жұмыс:
І қатар 156-жаттығу
ІІ қатар 159-жаттығу топпен жұмыс
ІІІ қатар 160 жаттығу
Қатардан бір-бір оқушы тақтаға шығып, қалғандары дәптере жазып
орындайды.
157-жаттығу «Еркін ойлау» стратегиясы
Жаңылтпашты бірнеше оқушыға оқытып, өздеріне жаңылтпаш құрастыртып
айтқызу. Мұнда І қатардың оқушылары ІІ қатардың оқушыларына, ІІ қатардың
оқушылары ІІІ қатардың оқушыларына, ІІІ қатардың оқушылары І қатардың
оқушыларына жаңылтпаштарын айтқызады.
Ребус шешкізу
Оқулықпен жұмыс жасадық. Саяхаттың шарты бойынша автобусқа отырып, Шар
қаласына барайық. Картаға жұлдызшамен белгілеу жасау.
Шар қаласы туралы білетінімізді ортаға салайық:
«Шар» атауының мағынасы нені білдіреді?
Бұл сөз төңірегінде ғалымдар, өлкетанушылар әрқилы пікір айтады. Өзен
бұрын ХҮІІІ ғасырда Гурван Шар деп аталыпты. Гурван – үш деген санды
білдіреді. Олай деп аталу өзеннің үш саласына байланысты. Түркі халқының
сөздік қорына енген «Шар» сөзінің мағынасының қисынына қарағанда «ол –
таусылмайтын, тоқтамайтын, селдір тоғайлы өзен сағасы» болып шығады.
Шар қаласының маңында цемент зауыты салынып жатыр
Шар өзені Жарма ауданын қақ ортасынан екіге бөліп ағып жатыр. Оның
ұзындығы 259 шақырымға жетеді. Шардың арналары: Былқылдақ, Кеңтарлау,
Жанама, Ханым, Бөке, Жарма, Терісайрық, Жайма, Қорғанбай.
Шар қаласы туралы өлеңнен үзінді оқу.
Шар қаласының іргетасы 1923 жылы Түріксіб темір жол құрылысына
байланысты жұмысшылар поселкасы ретінде қаланды. Шар қаласы арқылы
Түркістан – Сібір темір, Алматы – Семей автокөлік жолдары өтеді.
Темір жол арқылы саяхатымызды пойызбен жалғастырып, Жанғызтөбе кентіне
барайық. Ол үшін саяхатымыздың шарты бойынша жаңа сабағымызды бекіту
тапсырмаларын орындап көрейік.
І тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
........ сом ақшаң болғанша,
........ досың болсын.
Мақалдың мағынасын айтқызу, орысша баламасын айтқызу.
ІІ тапсырма: Сөз құрастырыңыз.
Е ж т і
Жеті – қандай сан? (киелі сан)
7 санына байланысты білетіндерімізді ортаға салайық: 7 ата, 7 жұт, 7
қазына, 7 ғалам, т.б.
ІІІ тапсырма: Көру диктанты.
1. Ұлға – отыз үйден тыю,
Қызға – қырық үйден тыю.
2. Мың малың болғанша,
Бір балаң ғалым болсын.
3. Он екі мүшең сау болса,
Қара басың ханмен тең.
Қатар отырған екі оқушы дәптерлерін ауыстырып тексереді.
Саяхатымыздың келесі реті бойынша Жаңғызтөбе кентіне келдік. Жаңғызтөбе
кенті туралы білетінімізді ортаға салайық:
Жаңғызтөбе туралы өлеңнен үзінді оқу, Жаңғызтөбедегі «Мұнай-сервис» мұнай
базасы туралы айту, Жаңғызтөбенің тоғыз жолдың торабы екенін айту, т.б.
Қалбатауға қайта қайту үшін саяхатымыздың шарты бойынша жаңа сабақты
қорытындылайық.
V. Жаңа сабақты қорытындылау. Венн диаграммасын пайдаланып жаңа сабақты
қорытындылаймын.

VI. Үйге тапсырма: 158-жаттығу, 161-жаттығу.
VII. Бағалау. Семантикалық карта парағын тексеру, қорыту, бағалау.

-----------------------
Сан
есім

Дара:
Бір түбірден тұрады

Күрделі:
Екі немесе бірнеше түбірдің бірігуінен, қосарлануынан, тіркесуінен жасалады

Ұқсас жұмыстар
Сенім қаласына саяхат
Логарифмдік теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Жаттығу жұмысы.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы
Бауырсақ ертегісіне саяхат
Балаларға өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерінің суретін салғызу
<<Сан есімді қайталау>>
Бутаков тобы
Сабақтың Саяхат сабақ түрі
Қазақстанда туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандарды анықтау
Сабақтың тақырыбы. АШЫҚ САБАҚ
Пәндер