Астана қаласының мейрамы қай күн

Павлодар қаласы, №25 ЖОМ

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

зияткерлік сайысының жоспары

Пән мұғалімі: Теміров Е. Р.

2012-2013 оқу жылы

XXI ғасыр көшбасшысы

(зияткерлік сайыс)

Сайыстың мақсаттары:

  1. Білімділік: Сайыскерлердің Отанымыз - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдардындағы шежіресін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен нығаюы жолындағы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметі және оның маңызы, тұңғыш президенттің саяси тұлғасы, күнделікті өмірі мен отбасылық жағдайы туралы білімдерін тексеру.
  2. Дамытушылық: Жоғарғы сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу.

Қатысушылар: 11 сынып оқушылары.

Сайыс төрт бөлімнен тұрады.

  1. Жалпы сұрақтар.
  2. Көкпар.
  3. Бәйге.
  4. Жорға.

І тур. Жалпы сұрақтар

  1. Елбасының анасының есімін атаңыздар

А) Ақжан; В) Әлжан; С) Әминә.

  1. Елбасының Семей ядролық полигонын жабуға байланысты ойларын, оның зардаптары мен зияны туралы жазған кітабының атауы қандай?

А) «Бейбітшілік кіндігі»; В) «Бейбітшілік тамыры»; С) «Бейбітшілік бастауы»

  1. Грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағына беретін сөз.

А) плутократия; В) автократия С) демократия

  1. Елбасының руы қандай?

А) Жалайыр; В) Адай; С) Шапырашты

  1. Елбасының бастамасымен үстіміздегі жылы қаламызда өткен Қазақстан мен Ресейдің арасындағы өңіраралық жиылыстың ресми атауы қандай?

А) съезд; В) саммит; С) форум

  1. Орыс биографиялық қоғамының шешімі бойынша үстіміздегі жылы елбасыға қандай құрметті атақ берілді?

А) «Мыңжылдық адамы»; В) «Ғасыр адамы»; С) «Жыл адамы»

  1. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?

А) 25 қараша; В) 28 қазан; С) 24 қыркүйек

  1. Елбасының арғы атасы, жоңғарлармен шайқаста қазақ даласын қорғаған шапырашты руының батыры кім

А) Олжабай батыр; В) Қарасай батыр; С) Ағынтай батыр

  1. Елбасының толықтыруымен өңделген «Менің Қазақстаным» әнінің жаңа мәтіні қай жылы Әнұран ретінде қабылданды?

А ) 2001 жылы; В) 2003 жылы; С) 2006 жылы

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, қай күнді Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады?

А) 29 тамыз; В) 15 қараша; С) 16 желтоқсан

  1. Қай жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті?

А) 1991 жылы; В) 1992 жылы; С) 1993 жылы

  1. Бүгінгі он бесінші қараша күні Қазақстанда қандай мейрам тойланады?

А) «Ұлттық экономика күні»; В) «Ұлттық валюта күні»; С) «Ұлттық саясат күні».

  1. 1995 жылы елімізде қай ұлы тұлғаның 150 жылдығы тойланды?

А) Ы. Алтынсарин; В) Ш. Уәлиханов; С) А. Құнанбайұлы.

  1. Тәуелсіз қазақ елі идеясы жолында құрбан болған, Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері кім?

А) А. Байтұрсынов; В) М. Дулатов; С) Ә. Бөкейханов.

  1. Қазақ шежіресін хатқа түсірген жерлес ақын, ғұлама ғалымды атаңыз

А) С. Торайғыров; В) Ж. Аймауытов; С) М. Ж. Көпейұлы.

ІІ тур. Көкпар

Тәуелсіз Қазақстан

  1. Еліміздің өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жариялады?1991 жылы 16 желтоқсан күні
  2. Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады?Төртінші маусым күні
  3. Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш қалай аталады?Тәуелсіздік монументі
  4. Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекетТүркия Республикасы
  5. 1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады?Тарих толқынында

Тұңғыш елбасы

  1. Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш президенттік сайлау қашан өтті?1991 жылы 1 желтоқсан
  2. Елбасымыз Украина жеріндегі қай қалада техникалық училищені аяқтады?Днепродзержинск
  3. Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады?Теміртау
  4. Елбасының ақындық шабытынан туып, әнге айналған, МузАРТ тобының орындауындағы сазгер А. Қоразбаевтың әніне жазылған өлеңін атаңыз«Үшқоңыр»
  5. 1997 жылы баспасөзде жарияланған елбасының Қазақстанның алдағы уақыттағы дамуына арналған стратегиялық жоспарыҚазақстан - 2030

Еуразия жүрегі - Астана

  1. Ақмола қаласы елбасы жарлығымен қай уақыттан бастап Астана деп атала бастады?1991 жылы 6 мамырда
  2. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат.Бәйтерек
  3. Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады?Бейбітшілік пен келісім сарайы
  4. Астана қаласының қазіргі кездегі әкімі кім?И. Тасмағамбетов
  5. Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? «Еуразия жүрегінде»

Тарихи тұлғалар

  1. Кеңес Одағының батыры, тұңғыш Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің маршаллыСағадат Нұрмағамбетов
  2. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім?Т. О. Әубәкіров
  3. Тәуелсіз еліміздің тарихында бірінші болып әдебиетте Мемлекеттік сыйлықтың иегері болған жазушы кім?Қалихан Ысқақ
  4. 2010 жылы елімізде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы болып табылатын қандай ұлы тұлғаның 100 жылдығы аталып өтілді?Б. Момышұлы
  5. Қазақ әліпбиінің реформаторы, Алаш қайраткері, ұлы жазушы, ақын кім?А. Байтұрсынов

Ата Заң

  1. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?1993 жылы 28 қаңтарда
  2. Қазіргі кезедегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды?1995 жылы 30 тамызда
  3. Барлық азаматтардың қатысуымен өтетін халықтың өз дауысын бере арқылы түйткілді мәселелердің шешімін табатын сайлаудың түріреферендум
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?9 бөлім, 98 бап
  5. Конституция баптарындағы заң нормаларының сақталуын, өзге заңдардың Конституцияға қайшы келмеуін қадағалайтын мемлекеттік органКонституциялық Кеңес

Әлемдік қауымдастық

  1. 2003, 2006, 2009 жылдары Астана қаласында елбасының басшылығымен кімдердің жиылысы өтті?Әлемдік дәстүрлі діни кофессия басшыларының съезі
  2. Елбасының беделінің арқасында еліміз 2010 жылы қандай белді ұйымға басшылық еттіЕҚЫҰ
  3. Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне қай жылы төрағалық етті?2011 жылы
  4. Әлем халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қолдау және қорғау бойынша қызмет атқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының органыЮНЕСКО
  5. Біріккен Ұлттар Ұйымының штабы қай қалада орналасқанНью-Йорк

ІІІ тур. «Бәйге»

Балалық шағымның аспаны

10. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қашан, қай жерде дүниеге келді? 1940 жылы 6 мамырда, Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы

20. Елбасыотбасында нешінші бала? Отбасының тұңғышы

30. Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің режиссері кім? Рүстем Әбдірашев

40. «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? Нұрлан Әлімжанов

Тұлға

10. Елбасымыздың зайыбының есімін атаңыз. Сара Алпысқызы

20. Елбасы отбасында жұбайымен неше бала тәрбиелеп өсірді? үш қыз: Дариға, Динара, Әлия

30. Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі гольф

40. Елбасының Интернет желісіндегі ресми сайтының атауы қандай? www. akorda. kz

Зиялы елбасы

10. Нұрсұлтан Әбішұлының қандай ғылыми атағы бар? Экономика ғылымының докторы


Ұқсас жұмыстар
Тарих көшбасшысы
Тәуелсіздік көшбасшысы (өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында өтетін зияткерлік сайыс)
Жасасын халқым
Ұлыстың ұлы күні. қайталау
Астана қай өзеннің бойында
Мынау Астана қаласының қай жері
Астана шежіресі
Астана - бәйтерек. 6 сынып
Білесің бе, елорданың тарихын?
Тәуелсіздік - ынтымақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz