Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы
Ынтықбаев Таңсықбай
№54 Ж. Аймауытов атындағы мектеп - гимназиясының
биология пәнінің мұгалімі
Сайрам ауданы Оңтүстік Қазақстан облысы
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «1001 мақал 101 жұмбақ»
Тәнтану пәні бойынша салауатты өмір салтына байланысты 8-сынып ұлдары
арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өткізілді.
Сайыстың шарты: Сынып оқушыларына алдын ала тапсырмалар беріледі. Онда
әрбір жеке оқушы 100 мақал, 50 жұмбақ дайындап келуі керек. Мақал да,
жұмбақ та тән тану пәні бойынша, денсаулыққа, адам ағзасына, он екі мүшеге
бағытталуы тиіс.
Сайысқа 6 ер бала, 3 мақалшы, 3 жұмбақшы таңдалып алынып, сайысты
жүргізуші, сараптаушы топтары сайланады.
Сайыстың барысы:
Мақалшы сайысы. Сайыста пайдаланылған мақалдармен жұмбақтар топтамасы.
«Ас иесімен тәтті, табағымен жақсы» «Қазаныңа не салсақ, шөмішіңе сол
ілінер», «Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама», «Ас тұрған жерде дерт
тұрмайды», «Ауру батпаңдап кіріп, мысқапдап шығады», «Ауруын жасырған
өледі», «Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый», « Ауырып
тұрдың аунап тұрдың», «Сәтін салған ауруға, не болса сол, ем болар», «Тұмау
аяғы құрт, тұман аяғы жұт», «Іздеп алған аурудың емі табылмас», «Тазалық –
саулық негізі, саулық байық негізі», «Жан ауырса - тән азады, қайғы болса –
жан азады», «Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің», «Нан - тамақтың
атасы, ынтымақ - көптің атасы», «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде», «Көз
- адамның айнасы, астың бар ғой пайдасы», «Емнің алды – еңбек», «Ауырып ем
ізегенше, ауырмайтын жол ізде», «Тыста ұзақ жүргенің, ұзақ өмір сүргенің»,
«Тәннің ләззаты – саулығында, жанның ләззаты біліміңде», «Елемеген ауру
жаман, ескермеген дау жаман», «Жалқаулық - жаман ауру», «Айналдырған ауру
алмай қоймас», «Ауырып жазылған жан олжа, жоғалып табылған мал олжа», «Арық
еттің сорпасында дәмі болмайды ақылсыздың сөзінде мәні болмайды», «Жұғын
бар жерде – шыбын бар, шыбын бар жерде – шығын бар», «Бас аманда мал тәтті,
бас ауырса, жан тәтті», «Сырқат – тән жарасы, қайғы жан жарасы», «Ащы
еңбектен тәтті нан», «Жақсы жұмыс жанға тыныс», «Тарта жесең тай қалар,
қоя жесең қой қалар, қоймай жесең, нең қалар».
Осымен «мақалшылар сайысы» аяқталып, жеңімпаз оқушы анықталады.
Жұмбақшылар сайысы.
1. Сауле артында жүз ине,
Десек сөзді жасырдым.
Тапқыр болсаң тауып көр
Қулығымды асырдым (кірпік)
2. Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығының билеп тұрған анасы бар.
(адамның 62 тамыры, 12 мүшесі)
3. Жиырма баласы бар төртеуі ана,
Бірі ұзын бірі- қысқа дара-дара
Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,
Білімпаз мамандығы болған сара.
(2 аяқ, 2 қол , саусақтар)
4. Күбір-күбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
Осы айтқан жұмбақты,
Дұрыс тапсаң жарадың. (құлақ)
5. Қызыл түлкі шықпайды
Өз інінен шықпайды. (тіл)
6. Көсеуім басы ақ күміс,
Тапшы кәне көрелік (саусақ пен тырнақ)
7. Оң қолым, сол қолым,
Бәріде өз қолым.
Тапқыр болсаң, тапшы қане?
Барлығы не болады. (10 саусақ, қол)
Жұмбақшылар сайысы аяқталып, мақал, жұмбақ сайысының жеңімпаздары ортаға
шақырылып марапатталады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz