Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көп сөз
Катаева Назира Афанасқызы
Қазақ тілі және әдбиеті пәні мұғалімі
№41 М.Оразалиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі, Сайрам
ауданы,Оңтүстік Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлем ішінен сын
есімдерді табу, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сын есімнің
сындық қасиеттерін ашу.
Тәрбиелік: Өлеңді негізге ала отырып, оқушыларды адамгершілікке,
ұқыптылыққа, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ой
–қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, тез ойлауға, жүйелі сөйлеуге,
салыстыра білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, өлең үзінділері, үлестірлемелер,
сызбалар.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, ой
түйіндеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз –
қазақ тілі сабағы.
II. Үй тапсырмасын сұрау. (Зат есім)
Өткен сабақты қорытындылау ретінде үлестірмелер таратылады, оқушыларға 2
минут уақыт беріледі, бір-бірінің жұмыстарын өздері бағалайды.
- Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- Біз қай сөз табын өттік?
- Енді біз бүгін тағы бір сөз табымен танысамыз. Ол үшін сендер мына
сөзжұмбақты шешулеріңіз керек.
|К |Ү |М |І |С |
| |А |Л |Т |Ы |Н |
|Ө |Н |Е |Р |Л |І |
| |К |Е |Ң | |
| |Ж |Е |М |І |С |Т |І |
|Ж |Е |Т |Е |Л |І | |
| |Ж |А |М |А |Н |
1. Көп сөз....
2. Аз сөз...
3. ... өрге жүрер
4. ... киім тозбайды
5. ... ағаш жерге иіліп тәжім етеді
6. ... жігіт елге иіліп тәжім етеді
7. ... жолдас жолда қалдырар
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім»
Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
- Балалар, сөз жұмбақтағы мақалдарға оралайықшы.
1. Қандай сөз күміс?
2. Көп сөз қандай?
3. Аз сөз қандай?
4. Қандай адам өрге жүзер?
5. Қандай ағаш жерге иіліп тәжім етеді?
6. Қандай жігіт елге иіліп тәжім етеді?
7. Қандай жолдас жолда қалдырар?
- Торкөздегі нені білдіріп тұр?
- Иә, балалар, бұл сөйлемдегі сөздер заттың сапасын, сипатын, көлемін
білдіріп тұр.
Оқушылардың өздеріне ереже шығарту.
Тақтадағы кесте бойынша анықтау.
ІV Қызығушылығын ояту.
«Топтастыру» стратегиясы бойынша ой қозғау.
Сөз бір затқа қатысты. Зат біреу болғанымен, оның сан түрлі қасиеттері
белгілері болады.
V. Ой-толғаныс.
Сын есімді оқытуда ерекше мән берілуі тиіс, мәселен негізгі сын
есімдер мен туынды сын есімдердің, сапалық және қатыстық сын
есімдердің өзара байланысы мен бірлігін таныту. Сын есімдердің
сөздердің мағыналық топтарымен байланысын ашу мысалы, диаграмма сызу
арқылы.
Оқушыларға тапсырма: Үлгіге қарап, өзін қалаған сөзді доминант етіп
ал да, диаграмма жаса.
Сергіту сәті.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
128- жаттығу, төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын
зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Үш тілді меңгеру. Зат есімді орыс тілінде «Имя существительное» деп
атап, кто? деген сұрақ қойса, ағылшын тілінде «Noun» деп атап, What?
Who? деген сұрақ қойамыз, ал сын есімді орыс тілінде «Имя
прилагательное» деп атап, какой? какая? какое? деген сұрақ қоямыз. Ал
ағылшын тілінде «Abjective» деп атаймыз.
Олай болса, балалар «Кім шебер аудармашы?» атты тақырыпта ойын
ойнаймыз. Ол үшін екі қатардан үш оқушы шығып, алтын сандықтан бір
мәтінді таңдап алады. Мәтінді үш тілге аударамыз.
1. Менің досымның аты- Айдана. Оның көздері дөңгелек, қап- қара. Шашы
ұзын,бойы орта. Мінезі ашық.
2. Серый, жадный.... Волк
Рыжая, хитрая.... Лиса
Слабый,трусивый.... Заяц
Болшой, косолопый .... Медведь
3. Serik is the best boy in our class. He is clever and kind. He is a
good friend. But he is fatt and very short.
VІІ. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың өздері жұмбақ құрастырып, соның ішінен заттың түсін,
көлемін, дәмін білдіретін сөздерді табу. Сұрақ қою.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Тағы қандай жыл мезгілдері бар?
- Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың қандай ақынын
білесіңдер?
(Интерактивті тақтада Абайдың суреті, «Көктем», «Жаз», «Күз»,
«Қыс») жыл мезгілдер суреттері көрсетіледі.
Абай өлеңдерінен үзінді айтқызып, сын есімді табу.
Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың өздеріне өлең шығарту.
1. Бес жолды өлең жазу.
2. Бес минуттық эссе жазу.
VІІІ. Қорытынды.
Оқушылар сын есімді, оның сындық қасиеттеріне тоқталып кетеді.
Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма.
1. Ереже, сөздік жаттау.
2. «МЕНІҢ ДОСЫМ» тақырыбында шығарма жазып келу.
«Интербелсенді оқыту» түрлерін пайдалану тұлға үшін тиімді
оқыту тәсілі. Оқушылар арасында ашық еркін шығармашылық қарым-
қатынас орнату,оқушыларды белсенді әрекеттерге баулу,тақырыпты
күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды байланыстыру,оларды
ой толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға мүмкіндік
туғызатын оқыту тәсілі.
Үйренудің басты мақсаты-тұлғаның дамуы,оның ішінде әсіресе
ойлау қабілетімен шығармашылық дағдылардың өркендеуі.Ал жазу
(жазба жұмыстары)-ойлаудың шырқау биігі.Жазуда оқушы өзінің ішкі
жан дүниесін ашып,оны асқақтата түседі.Сол себепті де әр сабақта
жазу жұмыстарын жиі қолданған дұрыс.
-----------------------
пайдалы
биік
қураған
қалың
ағаш
жуан
жапырақты
жас
жемісті
жомарт
ақылды
зерек
мейірімді
тәртіпті
бала
әзілқой
жігерлі
көргенді
көрікті
көркем
әдемі
мейірімді
келбеттң
сұлу
шырайлы
өңді
реңді
Сын есім заттың сынын, сапасын білдіреді
дара, күрделі, негізгі, туынды
Зат есім заттың атын білдеіреді
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz