Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

XXI ғасыр оқу үрдісіндегі, ғылымдағы,білім алудағы болатын
түбегейлі өзгерістердің ғасыры. Жаһандану мен ақпараттық технологияның
қарқынды дамуы білім беру саласына орасан ықпал етіп, республикамыздағы
білім беру жүйесіне жаңа деңгейдегі талаптар қоюда. Білім беру
саласындағы бүгінгі күннің басты талабы жан-жақты дамыған,бәсекеге
қабілетті жеке тұлға тәрбиелеп шығару. «Өнер,білім –дүниенің кілті.Оны
білгенге дүние арзанырақ түседі» -деп Абай атамыз айтқандай білімі
дамыған елдің келешегі кемел болатыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасы
Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылымның дамуына ерекше көңіл бөле отырып, өз
жолдауында «....бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне
сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет » деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасына да әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
өзгеруінен жоғары динамикалы жаһандану дәуірінде ойлаумен қарым-қатынастың
қарқынды дамуы,сондай-ақ адамның интеллектісі мен әл-ауқатының өзгеруіне
байланысты он екі жылдық оқуға өту мәселесі туындаған. Он екі жылдық
білім беру Қазақстан мектептерінде:
1. Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды;
2. Оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады;
3. Кәсіптік білім береді;
4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді;
Жапонияның таңдай қақтыратын жетістіктері орта білім беруді
реформалаудан басталды.Олар 12 жылдық білім берудің 6+3+3 =12 үлгісін
қолдана отырып, дамудың биік шыңына шықты. Осы үлгіде бастауыш буынға 6
жылдық оқу мерзімі берілген. 6 жылдық бастауыш мектебі бар жапондық білім
беру жүйесі мемлекеттің озық жағдайын қамтамасыз етуге мол үлес қоса
отырып, өзінің алдына қойылған жауапты міндетін зор абыроймен орындап
шықты. Жапондықтар өздерінің –негізгі қызметі ана тілін берік әрі
түбегейлі меңгеруі-жапондық рухты терең қалыптастыра алатын 6 жылдық
бастауыш мектебімен байланысты деп есептейді, ал білім берудің бұдан
кейінгі буындары мен деңгейлері әлемдік мәдени және ғылыми –техникалық
жетістіктер де терең меңгеріліп, мемлекетті әлемдік өркениеттің өріне
көтеріп отыр.Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін-
білім» дегендей елімізді өркениетті –Жапония,Англия, АҚШ сияқты елдер
қатарына теңестіруде оқытудың негізін бастауыш сатысынан терең қалап, әр
оқушыны 1- сыныптан бастап бейімдеп оқытуға бағыттау қажет деп ойлаймын. Ал
мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушының білім, білік дағдыларды игеруіне
ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру, оқуға, жазуға, есептеуге
машықтандыру, шығармашылық ойларын дамыту бастауыш сыныптан қамтамасыз
етіледі.Осыдан оқушыларды «Қалай оқыту керек?» деген сауал
туындайды.Бастауыш сынып сатысының ерекшелігі мектепке қабылданған
оқушылардың дайындық деңгейінің,психологиялық, физиологиялық жағынан әр
түрлі болуында. Сондықтан бастауыш мұғалімінің қызметі әр баланың жеке
ерекшелігіне қарай жағдай жасау үшін тұлғалық, бағдарлы болуға
тиіс.Бағдарлы бейіндеп оқыту қала мектептерінде тиімді жағдайда
жүргізілуде, ал шағын оқушысы бар ауыл мектептерінде бағдарлы бейіндеп
оқытуға дайындықты бастауыш мектептен бастау үшін мұғалім ең алдымен
бірінші сыныпқа келген оқушының қабілетін, зейінін, түйсігін, бейімділігін
анықтау үшін мектептегі психолог маманмен бірлескен түрде жұмыс жасап,
әр түрлі психологиялық тест тапсырмаларын алу керек. Екінші кезекте мұғалім
оқушыларды арнайы дайындалған: математика, қазақ тілі, ана тілі, дүниетану
сияқты негізгі пәндер бойынша оның жас ерекшелігін ескере отырып пәндік
тестпен қабылдап, қорытындысы бойынша семантикалық карта жүргізіп,
оқушының білім деңгейін мониторингке түсіру қажет.Осы жүргізілген зерттеу
(бақылау) жұмыстарынан кейін сынып оқушылары бейімділіктеріне қарай
топтастырылып (іріктеліп), 1,2,3 қатарға отырғызылады. Бұл оқушыларды әр
пән бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындап, шығармашылықпен жұмыс жасап,
өздігінен іздене білу қабілеттерін арттырады. Яғни;
1 қатар-математика
2 қатар- ана тілі, қазақ тілі
3 қатар- дүниетану
Мысалы, математика сабақтарында берілген деңгейлік тапсырмалардың 1,2
деңгейін 2,3 қатарда отырған оқушылар орындауға міндетті.Себебі бұл
өтілген тақырыптарды пысықтауға, бекітуге арналған материалдар, стандартқа
сай берілген тапсырмалар. Ал 3 деңгейдегі тапсырмалар ол математикаға
бейім балалар үшін күрделендірілген, қосымша кітаптардан, басылымдардан
алынған әр түрлі жаттығулар болып табылады. Әр сабақта бала осындай
тапсырмалардың 80 % орындап мен жасадым дегенде ғана шығармашылықпен
жұмыс істей алады.Бұл процесс әрбір сабақта жүргізіліп отырады. Күнделікті
сабақта мұғалімге әр пәнді инновациялық ізденіспен жүргізіп, сол бойынша
көрнекіліктің қорын жинақтап, өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыруына
ықпал етеді. Сонымен қатар мұғалім оқушының күнделікті жетістігін,
кемшілігін бір файлға жинақтап салып, оқу үрдісінде алған білімдерін
қорытындылап отыруының маңызы зор. Өйткені, сол арқылы оқушы өзінің
күндік, апталық, айлық жетістігі мен кемшілігін, білім дәрежесін анықтап,
оның нәтижесін шығарып, өзіне-өзі баға беріп отырады.Осындай жұмыстарды
жүргізе отырып,бастауыш сыныпта оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды төмендегі
үлгіде ұсынар едім.Бұл үлгімен жұмыс жасаудың тиімділігі: әр оқушыға өз
мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік
береді, пәнге қызығушылығын арттырып, жан-жақты ізденіп, зерттеушілік
қабілетін жетілдіреді.

12 жылдық білім беруге көшуде бастауыш сыныпта оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастыру үлгісі

Оқыту үрдісінің негізгі мәселесі оқушыға іргелі де терең,
тиянақты, жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті-адамды ғылыми
ойлауға, оның әдістерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім
алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызады.Сондықтан өзім қолданып жүрген
педагогикалық технологияларға тоқталғалы отырмын.Президентіміздің
Жолдауындағы «....бастауыш білім жүйесіне де ақпараттық технология
мүмкіндіктерін пайдаланып, балаларды ерте жастан бастап ақпараттық
сауаттылықпен қамтамасыз ету қажет » деген сөздерін негізге ала отырып әр
сабақты жүргізу барысында ақпараттық технологияны, электрондық
оқулықтарды қолданамын.Мәселен, 3 класс оқушыларымен «5-ке көбейту және
бөлу» тақырыбында өткізілген сабақтың бекіту кезеңінде деңгейлік
тапсырмалармен берілген есептерді электрондық оқулыққа түсіріп пайдаландым.
Әрбір деңгейдегі тапсырмаларды орындап болғаннан кейін оқушылар жауабы
интерактивтік тақтада автоматты түрде ұпай санымен көрсетіліп, оқушы білімі
бағаланып отырды.Осындай сабақтардан кейін оқушылардың пәнге деген
ынтасы артып, әр түрлі шығармашылық есептерді қызығушылықпен шығарып,
белсенді бола түсті.Электронды оқу құралдарын пайдалану оқушының жан-
жақты дамуы үшін өте қажет. Қажет кезде мұғалімнің түсіндіруін
түрлендіре түседі, кейбір тақырыптарды меңгеру барысында оның ішіндегі
құбылысты түсіндірумен қатар көрнекілік түрінде көрсету қажет болады.
Инновациялық білім беру әдістерінің ішінде педагогика ғылымының
докторы,профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы
бастауыш сыныпта бейімдеп оқытуға тиімді құралдың бірі. Бұл технологияның
мақсаты- әр бір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін
қамтамасыз етеді. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы мұғалім оқушының
білімді қалай меңгергенін біледі. Бұл технология дамыта оқыту
технологиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Осы технология оқушылармен
жұмыс жасағанда төмендегідей жетістіктерге қол жеткізеді:
-еркін ойлауға мүмкіндік беріп,ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
-ақыл-ойын дамытып,жан-жақты ізденушілігін арттырады;
-тіл байлығын жетілдіріп,шығармашылық белсенділігін арттырады;
Осы тұрғыда әр түрлі шығармашылық әдіс-тәсілдерді, «Деңгейлеп
саралап оқыту» технологиясының элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды
жан-жақты қалыптасқан, шығармашыл тұлғаны жетілдіру бағытына негіздеп, 3
сыныпта математика, 1 сыныпта ана тілі пәндері бойынша оқушыларға
арналған жұмыс дәптерлерін құрастырдым.Бұл жұмыс дәптерлері 1,3 сынып
оқулықтарына қосымша материал ретінде, тақырыптары өзара
сәйкестендірілген.Мұндағы мақсатым: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,
математикалық біліктерін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын
жетілдіре отырып, өзін-өзі бақылауға, бағалауға үйрету, тілдік қорын
молайтып,ізденіс күйіне келтіру.Атаулы жұмыс дәптерлерін қосымша
сабақтарда қолданамын. Ана тілі «Жұмыс дәптерінде» шығармашылық
жаттығулардың көптеген түрлері қамтылды. Олар, негізінен логикалық
жаттығулар, қызықты жаттығулар, деформацияланған жаттығулар түрінде болып
келген. Бұндай жұмыс дәптерлері ана тілі, қазақ тілі, сондай-ақ
математика пәндеріне бейім балаларды терең білім алуларына ықпал етіп,
күрделі тапсырмаларды орындауда логикалық ойлау қабілетін
жетілдіреді.Сонымен қатар бастауыш сыныпта әрбір оқушыларға қажетті
білімді игертіп қана қоймай, оларды негізгі тілдік ұғымдармен
таныстырып, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіруге, ауызекі және
жазба тілде қарым-қатынас жасауды қалыптастыру шарт.Осыны бала бойына
дарыту мақсатында 1-сыныпқа арналған диктанттар жинағын құрастырдым.
Диктанттар жинағында есту, көру, терме,бақылау,сөздік, шығармашылық
диктанттары күнделікті сабақтар ыңғайына қарай жүргізілуіне сәйкес
жасалынды.Мұндай диктант оқушылардың сауаттылығын және каллиграфиялық
дағдыларын жетілдіруге тиімді. Мәтін сөздері жеңіл,ұтымды,оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай жазылған.Жеке-жеке тақырыптар арқылы түсіндірілу
теориясы нақтыланған, бір-бірімен ұштастырылған.Диктанттар жинағы
оқушылардың бойына адамгершілік, әдептілік, патриоттық, елжандылық,әсемдік
тәрбиесін сезінуге ықпал етеді.
Бастауыш сыныптан бастап оқушыларды жан-жақты ізденіп, белгілі
бір тақырыпты зерттеуге дағдыландыру күнделікті сабақта тереңдетіліп
берілген деңгейлік тапсырмаларды орындауын одан әрі жетілдіріп, пәнге
деген бейімділіктерін ғылыми түрде жетілдіре түседі.Ғылыми-зерттеушілік
қызмет-бұл жаңа объективтік білім алуға бағытталған зерттеу қызметінің
түрі.Оның негізгі мақсаты – жаңа білім алу. Осындай ғылыми – зерттеу
әдістерін қолдану барысында 2-сынып оқушым Мүтәліп Гүлдана аудандық Кіші
Ғылыми Академия жоба жарысында «Қапал өңіріндегі грек жаңғағының өсірілуі»
тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап, 1-жүлделі орынды жеңіп алса, 7-сынып
оқушысы Мүтәліп Ұлтай осы тақырыпты №35 Республикалық Кіші Ғылыми
Академия жоба жарысында қорғап, 1- дәрежелі дипломмен марапатталды.
Зерттеуші оқушыға мұғалім тақырып таңдаудың критерийлерін түсіндіріп,
зерттеу өзектілігін анықтауға бағыт беруі керек. Ғылыми жобаны қорғауда
мұғалім оқушыға зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі сұрақтар қойып,
сондай-ақ шешендік шеберлігін дамытуға жәрдемдесу қажет.
Зерттеушілік қызмет оқушылардың сабақтағы танымдық әрекетін
ұйымдастырудың тиімді тәсілдерінің бірі.Бұл процесс барысында оқушыларда
проблемаларды айқындай алу, түрлі дереккөздерінен ақпарат жинау, бақылау,
тәжірибе өткізу,талдау,салыстыру, салғастыру, болжамдарды талқылау,
жалпылауды тұжырымдау сияқты зерттеу қабілеттіліктері мен дағдылары
қалыптасады. Ол оқушыларда жүйелі ойлауды дамытуға,проблеманы шешу
құзыреттілігін, ақпараттық және тіл табыса білу біліктіліктерін
қалыптастыруға жағдай жасайды.Зерттеу қызметіндегі оқушының рөлі мынадай:
- зерттеу қызметінің субъектісіне айналады;
- шешімдер қабылдайды;
- ғылыми жетекшімен,зертхана қызметкерлерімен өзара қатынастар жүйесін
орнатады;
- ақпаратты зерттеу үшін пайдалылық тұрғыдан бағалайды;
Ел Президенті жолдауындағы «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі
бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген байламы жеке адамның
құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, жарыс,
күрес, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. «Білім негізі
бастауышта» десек оқушыларға жан-жақты, терең білім беруді мектептің
алғашқы сатысы бастауыштасыныпта қадағалай отырып,мектеп табалдырығын жаңа
аттаған балаларды психологиялық, пәндік тестермен қабылдап, оқушыларды әр
бір сыныпқа көшіруде түрлі сынақтар алып, өздігінен білім алуға деген
құлшынысын арттыра түсуіміз қажет.Бастауыш сыныптан бейімдеп,деңгейлеп
оқыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу, ақпараттық технологияларды қолдану
ерте жастан бастап оқушылардың бойындағы қабілет көзінің ашылып,
дарынды,интеллектісі жоғары жеке тұлға қалыптасуына ықпал етеді.
Осындай үздіксіз білім беру елімізді өркениетті елдер қатарына
қосып, келешек ұрпақты білімді, білікті, саналы тұлға ретінде
қалыптастыруға мол мүмкіндігін береді.

ЖАҢА СТАНДАРТҚА КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУ ҮРДІСІН
ИННОВАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ

Алматы облысы Ақсу ауданы

Ғали Орманов атындағы орта
мектебі мектепке дейінгі шағын

орталығымен мемлекеттік

мекемесінің бастауыш сынып

мұғалімі

Қасымова Алима Саятқызы

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанды таяудағы 10 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына кіргізу стратегиясы Қазақстан»
19 қаңтар 2006 жыл

2. Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»-
3 наурыз 2007 жыл

3. Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » №14 30 қаңтар 2010 жыл

4. «Білім кілті» журналы №4 2006 жыл

5. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы » журналы
№5 (29), №9 (33) 2009 жыл

-----------------------

Бағдарлы бейіндеп оқытуды қалыптасты-рушы тұлғаa

Ұқсас жұмыстар
Үйретуден балаға
Қ дыбысы және әріпі
Жеткіншек өмірінде кездесетін қиындық сәттер
Блиц сұрақтар
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері
Спорт –мемлекетті көтерер сала
Негізгі идея
Апталықтың ашылуы
Алдымда толған мақсат, толған таңдау
Ұбт-ға дайындау
Пәндер