Негізгі құралдар

Аңдатпа
Бұл баяндамада нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің ақпараттық құзырлылығын қалыптастыру және ақпараттық білімді педагогтарды меңгеру мәселесі қарастырылған.
Құзырлылық нормаларын және деңгейлері мен компоненттері арасындағы матрицалық жүйесі бойынша жұмыс жасалған.
Аннотация
В этом докладе рассмотрены проблемы, направленные на формирование информационной компетентности учителей образовательных школ и освоение педагогами информационных навыков.
Работа выполнена в форме компетентных норм и нормативов, а также по матричной системе.
Annotate
This report the know ledge of computer studies by the talent teacher’s information.
The work made from competent of normal between matrix component’s system.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Ақпараттық - білімдік ортада педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын
Қалыптастыру;
- Мектептегі мұғалімдердің ақпараттық құзырлығын қалыптастырудағы информатика пәні
мұғалімдерінің рөлі.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қасымбекова Гүден,
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
информатика пәнінің мұғалімі
Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып, педагогикалық инновация жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М. С. Бургин, Н. Д. Молахов, Н. И. Лaпин, А. И. Пригожин «инновация», «инновациялық құбылыс» түcініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский, В. А. Сластенов, В. С. Лазерев, С., Ц. Поляков, М. М. Поташник, бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В. И. Антошок, В. Г. Зазыкина, Р. Л. Кричевский, Л. К. Маркова, Н. Р. Юсуфбекова зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам - ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлқтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic - әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.
Жалпы бiлiм беретiн оқу орындары білім алушыларға ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.
Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық коммуникациялық құзырлылық. М. В. Лебедева мен О. Н. Шилова мұғалiмнiң ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығын "оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi" деп анықтайды[1] .
Авторлар мақалада ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы және кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi.
Сонымен, құзырлы тұлғаның ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:
- ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;
- әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену және оны оқу процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;
- ақпараттық және коммуниациялық технологияларды оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында кез келген педагогқа ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен оның мүмкіндіктерін кәсіби қызметтеріне танымдық және дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидиактикалық, әдістемелік тұрғыдан сауатты және АКТ құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
Ақпараттық білімді педагогтарға қалыптастыру келесі мәселелерге, атап айтқанда, мемлекеттік ақпараттық қоғамның саясаты мен келешегіне, білім беруді ақпараттандырудың мақсатына, АКТ құралдарының дамуына байланысты педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру жүйесіне; мектептің материалдық-техникалық базасының қамтамасыз етілуіне; педагогтардың санатына; олардың біліктілікті көтеру деңгейлеріне, алған білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктеріне және тәрбиелік міндеттердің ақпараттық қоғамның даму бағытымен өзара байланыстылығына тәуелді.
Педагог кадрлардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудағы құзырлылық нормасы адам қабілетін дамытуға негізделген білім беру реформасындағы үш амал мен алты компоненттің қиылысуы арқылы қарастырылады:
- Техникалық сауаттылық, білімді қалыптастыру және білім беру жүйесіндегі 6 компонент:
- Саяси және тұжырымдама;
- Бағдарлама және бағалау;
- Педагогика;
- АКТ;
- Ұйымдастыру және басқару;
- Мұғалімдерді кәсіби бағытта даярлау.
Құзырлылық нормаларын қалыптастыру деңгейлері мен компоненттері арасындағы матрицалық байланыс келесі кестеде берілген.
Құзырлылық нормаларын қалыптастыру деңгейлері мен компоненттері арасындағы матрицалық байланыс
№1 - кесте
Бағдарлама және бағалау
Педагогика
АКТ
Ұйымдастыру және басқару
Мұғалімдерді кәсіби бағытта даярлау
Базистік білім
Технологияны енгізу
Негізгі құралдар
Қарапайым сынып
Цифрлық сауаттылық
Білімді қолдану
Қиын деңгейдегі тапсырмаларды шешу
Күрделі құралдар
Ынтымақтасу тобы
Басқару және бағыттау
Ақпараттық сауаттылық пен мәдениет дағдылары
АКТ арқылы өзіндік басқару
Технологияны кеңінен қолдану
Алған білімді практика-да қолдана білу
Мұғалім үйренушінің моделі
Бастапқы кезеңде АКТ бойынша педагогтардың құзырлылық нормасы техникалық немесе компьютерлік сауаттылықтарды дамытуда электрондық оқу құралдарымен, жаттықтыру программаларымен, интернет ресурстарымен немесе қарапайым техникалық құралдармен жұмыс жасау дағдылары қарастырылады.
Білімді тереңдету амалы негізінде педагог кадрлардың біліктілігін АКТ бойынша қалыптастыру негізге алынады. Оларды кәсіби бағытта ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану мәселелерін қарастыру ұсынылады. Сонымен бірге бұл амалдың талаптарын іске асыруда ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша арнайы дағдыларын қалыптастыру әдістері қарастырылады. Сондықтан мұғалім оның мақсаты мен стратегиялық бағыттарын анықтау мазмұнын жан-жақты игеріп, оны кәсіби бағытына қолданатындай түсінік қалыптастыру керек. Бұл әдістер біліктілікті арттыру жүйесінің оқу-тақырыптық жоспары мен бағдарламасына өзгерістер енгізуді талап етеді. Ал білім сапасының бағасы педагогтардың АКТ-ны меңгеру білімімен сипатталады.
Қазақстан Республикасында ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic - әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э. Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi. »[2] .
Жалпы, педагог - кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет сияқты. Бiрiншiсi - педагогикалық бiлiм беретiн информатика пәні мұғалімдерінің ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру:
- интернет арқылы халықаралық байланыс;
- ақпараттық- коммуникациялық технологияларды оқытудың пәндік арнайы курстары;
- дербес компьютердің болуы;
- телекоммуникациялар;
- қызығушылық;
- белгілі бір бағыттағы ақпараттық қажеттілік;
- ғылыми - зерттеу қызметі.
Екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы педагог - кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жатады:
- білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы;
-педагогикалық қызыметінде коммуникациялық технологияларды қолдануға деген қызығушылық;
- педагогикалық жобалау;
- компьютерлік сауаттылық;
- біліктілік көтеру арнайы курстары;
- электрондық оқу - әдістемелік кешендердің болуы;
- педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті модернизациялау.
Менің негізгі қарастырғым келіп отырған мәселенің бiрiншiсi - мектептегі мұғалімдердің ақпараттық құзырлығын қалыптастырудағы информатика пәні мұғалімдерінің рөлі.
Мектептегі мұғалімдердің ақпараттық құзырлығын қалыптастырудағы информатика пәні мұғалімдерінің рөлі. Қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Бүгінде білім беруді одан әрі ақпараттандырудың кезеңі мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет желісін пайдалана алуы тиіс.
Алайда, ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz