Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әріпті қосып әріпке
Ш.Батталова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Өткізген:Касенбекова Н.Б.
1 сынып мұғалімі
2011-2012 оқу жылы.
Тақырыбы: Ризамыз саған, Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өнерлерін ата-
аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, оқушыларды
өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер.
1.Кіріспе сөз.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы
әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып үйренуге, оқи
аламын деген ұмтылысқа шақыратын-Әліппе оқулығы. Бұл кітап- бүкіл әлем
дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.
Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетер
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.
Музыка ойналады. 1 сынып оқушысының әні.
Өздерін таныстырады.
Ән: «Мектеп» Жұлдызым
Әліппені бітірдіңдер шәкірттерім,
Ары қарай өсе берсін білімдерің
11 жыл білім алып ұстаздардан
Көгерте бер ұрпақтарым қазақ елін дей отырып,
сөз кезегін балаларға беремін.
1-жүргізуші.
Армысыңдар әкелер мен аналар, аяулы ұстаздар.
Қош келіпсіздер құрметті қонақтар.
Диана. Біз енді өзіміз-ақ оқып, жаза аламыз, ертегі әңгімелерді өз
бетінше оқитын болдық.
Мұғалім. Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе.
Армысыңдар жас достар,
Армысыңдар ата-ана
Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Болашағы қазақтың.
Басталады біздерден.
Хор. Әліппе.
1оқушы Біз әріптерді, дыбыстарды таныдық. Әріптерден сөздер, ал
сөздерден сөйлемдер құрадық. Дыбыстардың айтылуын
есте
сақтадық.
2оқушы Сандарды білеміз
Саннан санды алып
Айырманың мәнін таптық,
Санға санды қосып,
Қосындының мәнін таптық.
3оқушы Нүкте, үтір, жақшаны білдік.
Азат жолмен шекараны білдік
Бас әріптен бастап сөйлем жаздық.
Нүкте қойып аяқтадық.
1жүргізуші.
Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік.
42 әріпті түгел жаттап алдық.
2жүргізуші.
Оқуды, санауды, жазуды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі хормен. Мектеп. Мұғалім. Әліппе. Ата-ана.
Айгерім. А-ны айтқанда дауысым дірілдейді.
Ұстазым көз алдымда күлімдейді
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
Ең алғаш қолға алғанда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым кілтін маған алып берді.
Хор: Мұғалім ол біздің.
1жүргізуші.
Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып, оқуымызға ата-
аналардың да қосқан үлесі мол. Қане бәріміз ата-аналарға рақмет
айтайық.
Бәрі хормен: «Бақытты балалық шағымыз үшін, рахмет сізге ата-ана!
Жаннұр Ата-анамыз аман болсын,
Алла бізге жар болсын,
Ақ тілектер көп болсын,
Жамандық бізде жоқ болсын!
Айсұлу Анамызды сыйлаймыз,
Үйдің ішін жинаймыз.
Бұрынғыдай бұртиып,
Ашуланып тұрмаймыз.
Қарақат Сыйлап сәлем береміз,
Ұстаздарды көргенде.
Ізетпен жол береміз,
Үлкендерді көргенде.
Мұғалім: Ата-аналарға арнап қыздар тобы «Көбелек» биін орындап
берсін.
2жүргізуші. Әліппе бізді тек әріптермен ғана таныстырып қойған
жоқ, бір-бірімізбен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті
оқушы болуға да үйретті.
Жаннұр. Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
Әділжан. Бірінші беттен елімнің
Ел таңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын сәнімін.
Диана. Енді жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Аруна. Барлық әріп бағаны,
Айттың әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
Айжан. Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа
5-тік болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Ән. «Ертегілер» Анел орындап берсін.
Әліппе. Бәрің де өте жақсы балалар екнсіңдер. Айтпақшы менің
кішкентай достарым бар еді, оларды байқамадыңдар ма?
Балалар: Біз мұндамыз.
Әліппе. Балалар, сендер бұлардың кім екенін білесіңдер ме?
Айгерім. Иә олар біздің сүйікті әліппемізде үнемі кездесіп
отыратын: Тапқышбек, Білімбек, Дарынбек, Намысбек.
Әліппе. Иә олардың барлығы тәртіпті, білімді өте жақсы балалар.
Бүгін олардың сендерге алып келген тапсырмалары да бар.
Мен Тапқышбекпін.
Әліппеден менің тапсырмаларымды дұрыс орындағандарыңды білемін. Енді
қазір жұмбақтарымды шешіп көріңдерші.
Жұмбақтар жасырады.
Тапқышбек. Барлықтарың тапқыш екенсіңдер. Жарайсыңдар балалар!
Ендігі сөз кезегін өзімнен кейінгі Білгішбекке берейін.
Білгішбек: «Мектеп- кеме, білім-теңіз» демекші. Әліппеден тағы не
үйрендіңдер? Соны білгім келіп тұр. Тек әріптермен ғана танысып
қоймаған боларсыңдар.
Айжан. Иә біз ережелерді айтып үйрендік. Мысалы: сөз дыбыстардан
құралады. Дыбыстар әріптен таңбаланып жазылады.
Дыбыстарды айтамыз, естиміз,
Әріптерді көреміз, жазамыз.
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары бас әріптен
басталып жазылады.
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады. Сөздегі
дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.
Әрсен. Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады.
Білгішбек: Достарым, айтқандарыңның барлығы дұрыс, жарайсыңдар!
Дарынбек: Достарым мен сендерге мынандай тапсырма алып келдім. Мына
сызбадағы сөздердің бірінші әрпі қалдырып жазылған. Берілген сөздің
барлығына ортақ әріпті табыңдар. Қане, қалай ойлайсыңдар, ол
қандай әріп?
Ж әрпі.
ас астық
айна
Ж арық
ел ойна
алау
Дарынбек: Ендеше осы сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңдерші.
Оқушылардың жауаптары: ас-тағам, жас-көздің жасы немесе жастық шақ.
Астық-дәнді дақыл, жастық зат.
Арық- су ағатын арна, жарық- күн, жарық ай. Ел- халық жұрт, жел-
табиғат құбылысы. Алау-от, жалау-ту, байрақ.
Айна- бейнемізді кретін зат, жайна гүлдей жайна деген сөзді
білдіреді.
Дарынбек:
Жарадыңдар, достарым!
Дарынды екенсіңдер.
Намысбек: Қазақта жеті атасын білмеген- жетесіз деген сөз бар.
Меніңше, өте дұрыс айтылған. Біздің қазақ үшін жеті атасын білу
шарт. Бұл жағынан қалай екенсіңдер? Бірнеше оқушылар жеті атасын
айтып шығады.
Намысбек: Намыстарың бар екен. Нағыз ер екенсіңдер!
Мұғалім: Рахмет әліппенің достары. Ойын: Әріптерден сөз құрау.
Әліппе бізге көп нәрсе үйреткен екен. Біз әліппенің арқасында жазу
жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз құрауға, сөйлем құрауға
дағдыландық. Ендеше Әліппеге ризашылығымызды білдірейік.
Балалар: Ризамыз саған Әліппе!
Әліппе: Сендердің өнерлеріңе таң қалып, риза болдым. Сендерге де
рахмет. Сау болыңдар!
1жүргізуші.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
2жүргізуші
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім.
Сауатты адам санатына кіргенім,
Біз енді Әліппемен қоштасамыз.
Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Мұғалім:
Балалар, Әліппемен қоштастық. Енді «Ана тілі» оқулығын оқитын
боламыз.
1жүргізуші
Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласаң қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе
Анасынан безген ұл деп қараңыз
Хор. Отан.
Ойын ата-анамен. «Мектепке жинал»
Би. Нұрасыл мен Айсұлу.
Ән. Он дегенім Отаным..... кері санамақ.
Би. «Гүлдер биі» Қыздар тобы.
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
дей келе Әліппемен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz