Музыка өнері

Қашқынбеков Бауыржан Өміржанұлы.

М. Жапақов атындағы негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Айғыржал ауылы, Шет ауданы, Қарағанды облысы.

Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті.

( 8 сынып)

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың алған білімін толықтыру, Қазақтың ұлттық мәдениетінің маңызын түсіндіру, халық композиторларының шығармаларын тарихи талдау.

Тәрбиелік: Балалардың өнерге деген қызығушылығын туғызу эстетикалық талғамын дамыту, ұлтжандылыққа баулу.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қиялын ұшқырлау, түлға ретінде жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі . Сын тұрғысынан ойлау стратегиясымен аралас сабақ

Сабақтың әдісі : Баяндау, лекция

Пәнаралық байланыс: Музыка, еңбек, сурет.

Көрнекілік құралдар : таблица, сөзжұмбақ, қол өнер бұйымдары, тест сұрақтары, домбыра.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу. Тест бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Б) Шығармашылық жазба жұмысын тексеру ( реферат, сөзжұмбақ)

2. Жаңа сабақ: Жоспармен таныстыру

Жоспар.

  1. Сурет және қолданбалы өнер.

А) қол өнер түрлері

Б) ұлттық қолөнер

2. Музыка өнері.

А) ХlХ ғ. Екінші жартысы халық музыкасының қалыптасуы.

Б) Атақты күйші -сазгерлер

Кіріспе сөзі: Балалар! Бүгінгі сабағымыз қазақ халқының мол мұрасы қол өнер, күй өнері, музыка мәдениетіне үнілу, талдау, қортынды жасау болып табылады. Сабақтың ерекшелігі басқа сабақтармен тығыз байланыс жасау, басқа ғылым салаларынан мағлұматтар аласындар, бағалау демократиялық жолмен жүргізіледі, яғни әркімнің білім денгеиін өздерің бағалайсыңдар.

Жаңа сабақ бойынша бірінші сурет сабағынан Б. С Смирнов, О. Федченко, В. Верешагин, Н. Хлудовтың суреттеріне шолу жасадым. Әсіресе Қазақстан тақырыбына салынған « лепсі өлкесін қоршаған таулар», « көш», « мал айдау» суреттеріне анықтама бере кеттім. Келесі тоқталған тақырыбым қолөнер саласы бойынша еңбек сабағынан жасалынған текемет, киіз, кілемшелер бойынша жұмыс істеу болды. Оқушыларға бұл заттардың жасалу жолы, күнделікті тұрмыста қолданылуы жайында кеңінен мағлұматтар берілді. Жоспарымыз бойынша тағы тоқталған тақырыбымыз музыка өнері. Әуелі музыка, жалпы қазақ музыкасы туралы балалардың не білетіні жайлы сұрақтар қойдым:

  1. Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері шығармаларын ата?
  2. Тәттімбет күйлері қай күй саласына жатады?
  3. Құрманғазы, Дәулеткерей қай күйдің шебері?

Осы жерде оқушыларды екі топқа бөліп, сын тұрғысынан оқытудың INSERT түртіп алу стратегиясың қолдандым.

Білемін
Білмеймін
Мен үшін жаңа
Білгім келеді
Білемін:
Білмеймін:
Мен үшін жаңа:
Білгім келеді:

Екі топ осы кесте бойынша қазақ күйінің түрлерін, орындалу өзгешелігін, осы кестеге әр түрлі белгілер арқылы өз ойларын білдірді. Екі топтың басшылары тұрып өз тобының ойларын қорғады.

Бұл жерде мұғалімнің көп сөйлемей оқушылардың өзіне жұмыс істетуіне жағдай жасадым.

Көрнекілік бойынша еңбек сабағында жасалған домбыра макеті, қобыз макетін көрсете отырып, домбыралардың жасалу жолына

әр домбыраның әр түрлі күй тартуға арналғанын өзім қосымша музыка сабағынан беретіндіктен тартып көрсеттім. Оқушылар шертпе күймен, төкпе күйдің айырмашылығын өз құлақтарымен естіді. Осы жерде оқушылар өздері білетін халық композиторларының әндерін орындады. ( «Балқадиша», «Ақсиса», «Маңмаңгер», «Ләйлім шырақ» әндерінің бір шумағынан орындалды) . Осы жерде үйде дайындап келген таблицамды тақтаға ілдім.

Осы таблица бойынша жаңа сабақты пысықтадық.

Оқушылар кезек- кезек шығып әр композитордың шығармаларын таблицаға жазды. Осы таблица бойынша оқушылардың жаңа сабақты түсінгені белгілі болды.

р/с
Композиторлар
Шығармалары
р/с: 1
Композиторлар: Тәттімбет
Шығармалары:
р/с: 2
Композиторлар: Құрманғазы
Шығармалары:
р/с: 3
Композиторлар: Дәулеткерей
Шығармалары:
р/с: 4
Композиторлар: Жаяу Мұса
Шығармалары:
р/с: 5
Композиторлар: Ақан сері
Шығармалары:
р/с: 6
Композиторлар: Ықылас
Шығармалары:

Ұқсас жұмыстар
XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Қазақ халқының өнер және музыка мәдениеті. 8 сынып
Xviii ғасырдағы музыка өнері
"қазақ халқының музыка өнері" ашық сабақ 5 сынып
Халық музыкасы. 2-сынып
Қазақстанның фортепиано өнері
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Қазақстандағы балет өнері
Етістіктің көсемше тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz