Ал кәне әжелер сайысының бағдарламасы - Қызғалдақ балабақшасының мектепалды даярлық тобы мен ата-аналарының мерекелік ертеңгілігі

«Қызғалдақ» балабақшасының мектепалды даярлық тобының ата-аналарымен бірлесіп өткізілген « Ал, кәне, Әжелер» сайысының бағдарламасы.

Жүргізуші:Басталды, міне, тойымыз,

Ұнады ән мен ойымыз.

Наурыз бақыт әкеліп,

Тойға ұлассын тойымыз.

Мерекелік ертеңгілігіміз «Ал, кәне әжелер» сайысын бастаймыз. Алдымен әжелеріміз балабақшадағы немерелерімен ортаға шығады.

Ортадағы қоржыннан әжелеріміз реттік сандарын немерелерінің көмегі арқылы суырады.

№1. Нағима Уалиеванемересі Злихамен.

№2. Жания Сапарованемересі Ақботамен

№3Жаңыл Сырымбаева---немересі Сырыммен

№4Алма Дүзбаева немересі Фархат, Парасатпен.

№5Күнсұлу Масаеванемересі Айланамен.

Жүргізуші: Маған ақыл беретін,

Әжем менің асыл .

Сипап жақсы көретін,

«Құлыным» деп басымнан.

Ән: «Немерем»---орын: Ақбота.

Жүргізуші әжелерге сайыс шарттарын таныстырды және әділ-қазы құрамын сайлады.

Жүргізуші: Әділ-қазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол сыйлықты.

1 «. Шаңырағым-шаттығым»--Өзін, өз отбасын таныстыру.

Ән: «Қоғалыай-орынд. : Нұрхат, Назарбек, Нұрхан.

2. «Ойлы болсаң озып көр»--Ырым-тиым туралы сөздер айта отырып, мағынасын айту.

Ән: «Қуанышым қазынам»---орынд:Мағжан, Айхан, Фархат

3 . «Өнерлі өрге жүзер» --өз өнерлерін көрсету.

Би: «Айгөлек» --Орынд:Бишілер тобы.

4 . «Шебердің қолы ортақ»---Қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

(Өздерінің қолдан жасаған заттарын көрсету)

Ән: «Қызылқұмда ауылым» --орынд: Айлана, Назерке.

5. «Ас адамның арқауы» --Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру. (Үйден пісіріп әкеліп көрерменге көрсету)

Ән: «Қазақтың дастарханы» --орынд:Ақтыныс.

Ағылшынша ертегіден қойылым: «Мысық пен тышқан» ---ролдегілер: Нұрхан, Алмаз, Аилана.

6. «Ескірмеген есті сөздер»Тиым сөздер мен мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Би: «Адай» ---ер балалар тобы.

Ән: «Көктем» Орынд: Әділхан, Дильназ, Жандарбек, Нұрсұлтан, Парасат.

Жүргізуші: Жақсылыққа үйреткен,

Жамандықтан шектейді.

Ертегі айтып беретін,

Әжеге ешкім жетпейді.

Қорытынды сөз: Әділ-қазыларға беріп, әжелерге атақтар беріп, марапатталады:

1Нағима әжеге -« Өнегелі әже»

2Жәния әжеге- «Шебер әже»

3Жаңыл әжеге-«Балқаймақ әже»

4Алма әжеге-«Зерек әже»

5Күнсұлу әжеге -«Өнерлі әже» атақтары беріліп сыйлықтар ұсынылды.

Атырау облысы . Индер ауданы. Елтай ауылы. «Қызғалдақ» балабақшасы.

Балабақша әдіскері: Қарабалина Дина.


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобының 8 наурызға арналған Супер анам және мен мерекелік сайысының бағдарламасы
Қош бол, даярлық тобы - мектепалды даярлық сыныбының қорытынды мерекелік сабақ жоспары
Мектепалды даярлық сыныбының қорытынды-қоштасу ертеңгілігі
Мектепалды даярлық сыныбының жылдық қорытынды ертеңгілігі Қош бол даярлық сыныбы
Мектепалды даярлық тобының түлектік мерекелік қойылымы
Мектепалды даярлық тобының қоштасу ертеңгілігі және сабақ жоспары
Ашық сабақ: мектепалды даярлық тобы - Мектеп тақырыбы мен І дыбысын жаттықтыру
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй құстары
Математика: 1-5 сандарын қайталау және бекіту (мектепалды даярлық тобы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz