Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Компьютерді үйренгенде осы бағдарламаны үйренуден бастаған дұрыс

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА MS POWER POINT
БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Капарова Зульфия Бөрібайқызы
Атырау облысы Исатай ауданы ,Х.Наубетов атындағы орта мектеп,
1- санатты математика пәні мұғалімі.

Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басты және ақпараттану деп аталатын жалпы
тарихи процеске кірді.Қоғамның осы кездегі дамуы- іс-әрекеттің негізгі
түрі- ақпаратпен жұмыс болып отыр.Компьютерлендіру- осы процестің бөлігі
болады. Сәйкесті түрде жаңа уақыт орындаушы ғана емес,әрі зерттеуші, әрі
шығармашыл,шешілмеген мәселелердің шешімін табуға бейім адамдарды қажет
етеді.Ал әрбір мұғалімнің міндеті – балаға өмірдің мән –мағынасын аша
атырып,онымен бірге дамудың жаңа сатысына көтерілу арқылы баланың өмірді
түсінуіне көмектесу. «Білім туралы» заңның 41- бабында әр оқушының
мемлекеттік стандарт талабы деңгейінде білім алуын қамтамасыз ету-
мұғалімнің басты міндеті ретінде көрсетілген.Яғни,қазіргі заман мектебі
жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімдерді күтуде.Өз ісіңнің
шебері болуы үшін тек жаңа технологияларды білу ғана емес,педагогикалық
жағынан өте сауатты болу бүгінгі заманның талабы болып отыр.
Әрбір мұғалім «офис» топтамасындағы бағдарламаларды жеңіл түрде
игеріп ала алады.Осы бағдарламалардың бірі Microsoft компаниясының –
PowerPoint бағдарламасы. PowerPoint -тың негізгі міндеті –ақпаратты
қабылдаудың және есте сақьтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен
көрмелерді жоспарлау,жасау және өңдеу.Ол қолдануда өте қарапайым.Оны
қандай пән мұғалім болса да игеріп алады. Компьютерді үйренгенде осы
бағдарламаны үйренуден бастаған дұрыс.Бұл бағдарлама кез келген пән үшін
тез және ешқандай шығынсыз көрме дайындауға мүмкіндік береді.Көрме -
сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға
арналып,компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. «Ол не
үшін керек?» деген сұрақ туындайды.Компьютер арқылы түрлі
графиктер,суреттер,видеокөріністер ,дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге
болады.Компьютердегі әртүрлі түстер ,аннимациялық эффектілер – барлығы
сабақ процесінде белгілі бір уақытқа дейін оқушылардың зейінін
тұрақтандыруға мүмкіндік береді.Көрмелерді пайдалану оқушыларды сабақ
үстінде психологиялық еркін сезінуіне көмектеседі.Жаңа материалды игеру
кезінде кез келген слайдты қайталап көруіне болады.және әрбір слайдқа
дыбыстық файл қосуға болады.Олар музыка,экрандағы құбылысты түсіндіретін
дикторлық текст болуы мүмкін.Бұл ,әрине мұғалімнің тақтаға жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.Мұғалімдер сабақта ауызша өз
мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютердің көмегімен оқушыларға
ұғындырса,бұрынғыға қарағанда әрбір жаңа тақырыпқа деген баланың
құштарлығы мейлінше көп оянады.Жаңа сабақты түсіндіргенде көрмелерді
пайдалану кезінде оқушылардың қызығушылығы артып,ақпараттың 50-80%-ын
қабылдайды. Бұл мақалада Power Point бағдарламасын
қолдану тиімділігі туралы айтқым келеді.

Академик А.Д .Александров : «Геометрияның міндеті - оқушылар
бойында 3 қасиетті: кеңістіктік ойлауды,тәжірибеде қолдана білуді және
логикалық ойлауды дамыту»,- деген екен.Ол кеңістіктік ойлауды тек қана
геометрияны оқып үйренуде ғана емес,жалпы адам өмірінде бірінші орынға
қояды.
Оқушылардың 5-11 сыныпқа дейінгі кеңістіктік фигураларды оқып
–үйренуін қарастырайық. 5-6 сыныпта олар куб,тік бұрышты
параллелепипедті қарастырады..7-9 сыныптарда геометрия сабағында екі
өлшемді объектілермен жұмыс жасайды және кеңістіктік ойлауға мүмкіндік
болмайды.Ал 10 сыныптың алғашқы сабақтарында-ақ мұғалім көптеген
проблемаларға кезігеді: яғни оқушылар кеңістіктік фигураларды «оқу»
білмейді,олардың сызбасын сыза алмайды;тақта мен дәптердегі салынған
сызбалар оларға кеңістікті сезіндіре алмайды; оқушылар ойша элементтерді
қозғай алмайды. Бұл проблеманы шешу үшін пән мұғалімі оқушының
кеңістіктік ойлауын дамытатын есептер беру қажет.Мысалы: фигураларды
тануға,фигуралардың және олардың элементтерінің өзара орналасуына,фигураның
жазбасын жасауға және т.б PowerPoint бағдарламасы арқылы мұғалім
көптеген кеңістіктік фигураларды көрсетуге мүмкіндігі мол.
Бүгінгі күні компьютер менің педагогикалық тәжірибеме нық кірді деп
айта аламын.Жаңа материалды түсіндіру кезінде көрмені қолданған кезде
оқушылар қызығушылық танытатыны бәрімізге аян.Тіпті нашар оқитын оқушы да
жұмысқа құлшыныспен кіріседі.Егер көрме мұғалім сөзімен қатар жүріп
отырса ,ол қызықты және пайдалы болады. Математика пәні бойынша көрмелер
оқушылардың танымдық белсенділігін дамытады,сабақ көтеріңкі көңіл-күймен
өтеді.Оқушылардың шаршағанын басады. Сондықтан 5,6,7,8 сынып оқулығы
бойынша кейбір тақырыптар бойынша көрмелер дайындадым.Осы бағдарлама
арқылы оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамыту үшін жасалған көрмелерден
алынған слайдтарды ұсынғым келеді. Бұл көрмелерді білімді қорытындылау
сабақтарында қолдануға болады.

Әсіресе 5 сынып оқушылары көрмемен өткізілген сабақты тез
қабылдайды.Бастауыштан келген оқушылар үшін көрмелерге түрлі аннимациялар
қойған тиімді .Ол оқушылардың көңіл-күйін көтеріп,жаңа материалды тез
қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы: «Тік бұрышты параллелепипед»
тақырыбын өткенде төмендегідей көрме дайындадым.



Бұл сабақтар қандай оң нәтиже береді?
• Балаларға компьютерде жұмыс жасау ұнайды және пәнге қызығушылығы
артады.
• Әрбір оқушы өзіне тән қабылдау шапшаңдығын таңдап алады,керек кезінде
түсінбеген жеріне қайтып келуіне болады.
• Суреттер,түрлі түстер,дыбыстық безендірулер оқушыға жақсы әсер етеді.
• Тексеру және өзін-өзі тексеру жүзеге асады.
• Тестілеуді тез өткізуге болады?

5- сыныпта өткізілген «Үлестер.Жай бөлшектер» тақырыбы бойынша өткізілген
сабақтың көрмесінен мысалдар келтіре кетсем:


Немесе 6- сыныпта өтілген «Координаталық түзу» тақырыбы бойынша
дайындалған көрме оқушылардың рационал сандар туралы түсінігін
кеңейтеді.


Қазіргі кезде әрбір бала дарынды,өзін -өзі дамытуға
қабілетті.Сондықтан мен өз тәжірибемеде оқытудың ақпараттық
технологиясын көп пайдалануды мақсат еттім.Оқытуда ақпараттық
технологияны қолданудың түрлі әдістері бар,бірақ оың ішінде ең
қарапайымы Microsoft РowerPoint бағдарламасы арқылы дайындалатын-
көрмелер.Бұл жерді компьютер әрі тақта,әрі оқулық, әрі дидактикалық
материалдың ролін атқарады.Көрмелер кез келген ақпаратты өңдеп
берудің үлкен мүмкіндіктерін береді: слайдтарды безендіруде қалағаныңша
түстерді,әртүрлі өлшемдегі қаріптерді,аннимация эффектілерін қолдануға
болады.Жаңа технологиялар оқушыларды оқытуда инновациялық әдістер мен
құралдарды пайдалану есебінен білім сапасын
көтеруге,жұмылдыруға,адаптацияға,ойлау қабілетін негіздеуге септігін
тигізеді.
Қорытындылай келе, осы бағдарламаны сабақ жоспарын жасағанда
қолданудың басты тиімділіктерін атап кеткім келедң.Бұлар осы күннен
басталып,қазіргі кезде дамып келе жатқан болашақтың мектебін жақсы
жақтан көрсетеді деп ойлаймын.
1. «Мұғалім-оқушы», «оқушы-мұғалім» қарым-қатынасы бір-біріне
сыйластық,сенім,қысылып-қымтырылмай еркін отыруға құрылады.
2. Көрнекіліктің көптігінен және көргенін есте тез сақтауы арқылы жаңа
сабақты игеруге аз уақыт жұмсалады.
3. Мұғалім оқушылардың талдауын тыңдап,олармен санасады.Оқушылардың өзі
ашқан жаңалығы- ең қуаныш әкелетін мезет.
4. Білімді игеру,ізденіс,шығармашылық негізінде болады.балалар өздерін
сенімді,еркін ұстайды.Өз жетістігін көзбен көріп,қуанады.
5. Тіпті нашар оқитын оқушы да жұмысқа құлшына кіріседі.Олар слайдтарға
қызыға қарап,сұрақтарға жауап береді.Кез келген көрме кезінде балалар
өте мұқият,жинақы және тәртіпті отырады.
6. Сабақ көтеріңкі көңіл-күймен өтеді.
7. Тексеру және өзін-өзі тексеру жүзеге асады.
8. Тестілеуді тез өткізуге болады.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер Шеберлік сыныптың мақсаты Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданып отыруына ықпал ету
Домбыраны алғаш тартып үйрену
Қош бастауыш жайлы ақпарат
Математиканы оқытуда инновациялық технологиялар
Компьютерлік вирус
Компьютер жады
Ең үздік менеджер. 8 сынып
Microsoft Access бағдарламасында кесте құру
Сайыс сабақ құру
Адамның баласыныңең жаманы - талапсыздық
Пәндер