Бастауыш сыныпта тік төртбұрыштың ауданын оқытуға арналған сабақ жоспары

ШҚО Семей қаласы, №13 жалпы орта білім беретін мектеп

Камзина Гүлза Сайлауғалиқызы, бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы.

Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың ауданын табу ережесімен таныстыру.

1. Тік төртбұрыштың ауданын табуды үйрету.

2. Ойлау, сөйлеу, есеп шығара білу қабілеттерін дамыту.

3. Таза, әдемі жазуға жолдастыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, слайдтар.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Ауызша есептеу.

4. Жаңа тақырып.

5. Кітаппен жұмыс.

6. Қорытынды.

7. Бағалау. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: -сәлеметсіңдер ме, балалар? Біздің бүгінгі математика сабағымыз ерекше болып өтейін деп тұр. Өйткені, біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Барлық күш-жігерімізді салып, білімімізді көрсете білейік. Ендеше сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

1-слайд. «Күн шуағы». Тақтадағы тілектерді оқып шығайық.

-Өте тамаша. Енді үй тапсырмасына шолу жасайық. 2-слайд.

Х+46= 215 х-92=120

Х =169 х=212

-Жақсы. Бүгінгі сабағымызды ауызша есептеуден бастайық. (2-слайд)

-Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Тік төртбұрыштың ауданы» деп с\аталады. (слайд 4)

Аудан туралы не білесің?Бір фигураның ауданын білу үшін фигураны келесі фигураның үстіне қойып, үлкен-кіші екенін білеміз.

Мысалы:1) Үшбұрыштың ауданы дөңгелектің ауданынан үлкен.

2) Тік төртбұрыштың ауданы үшбұрыштың ауданынан үлкен.

3) Дөңгелектің ауданы тік төртбұрыштың ауданынан үлкен.

-Ауданның өлшем бірлігі не? Ауданның өлшем бірлігі квадрат сантиметр.

-Тамаша. Енді тақтаға назар аударайық. (слайд 5) . Не көріп тұрсыңдар?(тіктөртбұрыш) . Тіктөртбұрыш неше шаршыдан құралған? Неше қатар бар? Неше баған бар?Қалай тез есептеуге болады? Ендеше, осыдан мынандай ереже шығаруға болады:Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығы мен енін көбейтеміз. Яғни, Ауданы ұзындығы *ені. Мысалы, тіктөртбұрыштың ұзындығы 3 см, ені 5 см болса, оның ауданы қанша болады? 15см кв. Қазір мына кестеге назар аударайық. Флипчарт 1. №2

.

Тіктөртбұрыштың ұзындығы
Тіктөртбұрыштың ені
Тіктөртбұрыштың ауданы
Тіктөртбұрыштың ұзындығы: 9 см
Тіктөртбұрыштың ені: 3см
Тіктөртбұрыштың ауданы: ? см кв.
Тіктөртбұрыштың ұзындығы: ? см
Тіктөртбұрыштың ені: 4 см
Тіктөртбұрыштың ауданы: 28 см кв.
Тіктөртбұрыштың ұзындығы: 10 см
Тіктөртбұрыштың ені: ? см
Тіктөртбұрыштың ауданы: 30 см кв.

Флипчарт 2. №3.

Тіктөртбұрыштың ұзындығы
Тіктөртбұрыштың ені
Тіктөртбұрыштың ауданы
Тіктөртбұрыштың ұзындығы: 6 см
Тіктөртбұрыштың ені: 4 см
Тіктөртбұрыштың ауданы: ? см кв.
Тіктөртбұрыштың ұзындығы: ? см
Тіктөртбұрыштың ені: 3 см
Тіктөртбұрыштың ауданы: ? см кв. бірдей
Тіктөртбұрыштың ұзындығы: 6 см
Тіктөртбұрыштың ені: ? см
Тіктөртбұрыштың ауданы: ? см кв.

-Көп рахмет. Енді №6 есепке назар аударайық. . Флипчарт 3. №5.

24:4+6*3 =24 500:5-50*2= 0 90*5-900:3 =150

200*4:8-50= 50 30*8+16-200= 56 40*2+20+100 =200

Флипчарт 4. №6.

Ұзындығы-4 м

Ені-?, 2 м қысқа

S-?

Шешуі: 4-2=2(м, ені)

4*2=8 м кв.

Жауабы: Тұскиіздің ауданы 8 м кв.

-Сонымен тік төртбұрыштың ауданын табу үшін не істейміз?

-Ұзындығын табу үшін не істейміз?

-Енін табу үшін не істейміз?

-Қазір сабақты қалай меңгергенімізді тест арқылы тексерейік.

Сұрақтары: 1. Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы 4 см, ал ені 2 см болса, оның ауданы неше кв. см болады? А) 6 см кв. б) 8 см кв. в) 10 см кв.

2. Егер шаршының қабырғасы 3 см болса, оның ауданы неше см кв. болады?

А) 6 см кв. в) 7 см кв. с) 9 см кв.

3. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 15 кв. см болса, ал ұзындығы 5 см болса, оның ені неше см болады? А) 3 см в) 5 см с) 4 см

4. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 12 см кв., ал ені 3 см болса, оның ұзындығы неше см болады? А) 4 см в) 6 см с) 2 см

5. аудан бірлігін көрсет. А) дм в) см кв. с) м

-Өте тамаша. Енді тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін Венн диаграммасы арқылы еске түсірейік.

Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып математикасы: Тік төртбұрыштың ауданын оқытуға арналған сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Төртбұрыштың ауданын табу (тік төртбұрыш пен шаршы)
Тік төртбұрыштың қасиеттері: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, салыстыру және тік төртбұрыштың периметрін есептеуде қолдану
Тік төртбұрыштың қасиеттері мен есептері: сабақ жоспары
Тік төртбұрыштың қасиеттері және қосудың ауыстырымдылық пен терімділік қасиеттері
Бастауыш сыныпта болымды және болымсыз етістіктерді оқытуға арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта зат есімнің шығыс септігін оқытуға арналған сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу пәні: бастауыш сыныпта амандасу салтын оқытуға арналған сабақ жоспары
Тік төртбұрыштың қасиеттері және қосудың қасиеттерін қолдана отырып есептер шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz