Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сот залы

к

Камелхан Имашхан
№ 21
кәсіптік лицейінің химия және

информатика пәнінің оқытушысы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
МАҚСАТТАРЫ:
1.Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін
күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат
Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын
насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
2.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу.
Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және
халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: Қайрат туралы шығарылған газет (”Қайсар туған
Қайрат”). Желтоқсан туралы жалынды сөздер жазылған плакаттар (”16 желтоқсан
бүкілхалықтық мереке”, ”Лаула, Лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы!”)
Қайраттың сан сыры бейнеленген сөздер, магнитофон.
СЫНЫПТЫ БЕЗЕНДІРУ:
1. Жоғарыдағы плакаттар және түрлі түсті шарлар ілінеді.
2. Сот залы
3. Түрме
Тәрбие сағатының барысы:

Музыка ойналып, залдың екі жағынан екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті де
қастерлі тәуелсіздікке 15 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің
қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның
арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-
қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің
мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан
биік болсын.
1-жүргізуші:Бүгінгі ”Желтоқсан жаңғырығы” деп аталатын тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды
тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары,
жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел
болды.
1-жүргізуші: Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан
Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да
желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір
минут үнсіздікпен еске алайық.
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
1-жүргізуші: Рахмет
1-оқушы: ”Желтоқсан” өлеңін оқиды
Қанды қырғын-қалған іс,
Бейне теңіз сең соққан.
Жарқылдайды ар-намыс,
Алматы. Аяз. Желтоқсан.
Дүрсілдейді жүректер,
Сесі күшті күшті қарудың.
Жүзіне мұң түнетті,
Үлбіреген арудың.
Арманы алда, сенім көп,
Оранды отқа үміттер.
Мұрты жаңа тебіңдеп,
Келе жатты жігіттер.
Жасамай ездік босқа айбат,
Намысымен от шайнап.
Халық үшін бас байлап,
Жанып та кетті жас Қайрат.
Қанды қырғын от өрген,
Жарқылдады ақыл-ой.
Бәрін соның көтерген,
Біздің халық батыр ғой!
2-жүргізуші: Бұл тәрбие сағаты 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған
желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты
қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына
арналады.
1-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік,
жауап іздейік.
1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
2-оқушы: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің
пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің
бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда
тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары
бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының
17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы
деген атпен қалды.
2-жүргізуші:
2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау
таппады? Неге жаныштауға тырысты?
3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең
түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-
әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6
миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік
білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық
деп айып тағып, жаныштады.
4-оқушы: ”Желтоқсан желі” - ән.
1-жүргізуші:
3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма,
олар кімдер?
5-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды.
Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент
шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат
Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге
түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен
айып тағылды.

1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін
күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы
көріністен үзінді тамашалаңыздар.

КӨРІНІС

Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.
Қайрат:
Қайнама қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейді,
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.
Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!
Хатшы: Отырыңдар!
Сот үкімді оқиды.
Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:
Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында
1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау
ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР
қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес
соталқасы Үкім етеді.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық
жазаға тартылсын.
Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас
бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ
КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына , атуға
кесілсін.
Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?
Қайрат: Бар.
”Ақтық сөз” өлеңін оқиды.
Қайрат:
”Ақтық сөзің не?” – деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтамын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
”Еркек тоқты - құрбандық”,
Атам десең атыңдар!
Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған-азамат.
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
Сот: -Бүгінгі сот жабық.
Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңынан
жүреді.”Қайрат” анама өлеңін оқиды.
Қайрат:
Мейірімді ақ жүзіне анамның,
Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.
Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,
Кемістігі көп-ау мына балаңның.
Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,
Өкінем де, басымды иіп өтінем.
Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой,
Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.
2-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ
елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші
камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
1-жүргізуші:
5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов
ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген
қыздар болды ма?
6-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-
келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен
көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы
училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын
жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов
түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.
”Атамекен”-әні. (бір оқушы орындайды).
2-жүргізуші:
6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?
7-оқушы: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді.Ол үміттері ақталмады.
Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше
жылдардан кейін анықталды.Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.1989 жылы 6-
шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне
12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай
құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.
1-жүргізуші:
7-сұрақ: Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?
8-оқушы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан
өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын
орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін
көрсетті.
Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” -өлеңі.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
”Менің Қазақстаным”- ән.
2-жүргізуші: Қара мынау ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.
1-жүргізуші: Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.
2-жүргізуші: Мінеки құрметті көрермендер ”Желтоқсан жаңғырығы” атты тәрбие
сағаты өз мәресіне жетті.
1-жүргізуші: Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып,
өздеріңізбен қоштасамыз.
Бірге: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Қарағанды қаласы

2011 жылы

Мамыраев көшесі 41-үй, 68-пәтер,

тел. 23-01-90

Ұқсас жұмыстар
Қайрат Рысқұлбеков қазақ хаһарманы
Спид - ғасыр дерті
Сот сабағы
Ағаштар неге ашуланды? 4 сынып, ана тілі
Зиянды әдеттерден сақ болайық
Фосфор, оның қосылыстары (фитнес сабақ)
Инерция соты
Шерхан мұртаза <<интернат қоймасы>>
Тіл – күретамыр
Шықбермес шығайбай
Пәндер