Тапқыр химиктер ойыны: №21 кәсіптік лицейдегі химия пәнінің дәстүрлі емес сабақ жоспары

«Тапқыр химиктер» ойын сабағы

Камелхан Имашхан

№ 21 кәсіптік лицейінің

химия пәнінің оқытушысы

Мақсаты:

  1. Білімділік:Оқушылардың интелактуалдық деңгейін арттыру, оқушылардың

химияға деген қызығушылығын тудыру.

  1. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз ойын еркін жеткізуді, нақты тез шешім қабылдау дағдысын дамыту.
  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: жарыс түрінде - ойын, сұрақ-жауап, жеке және топтық жұмыс.

Құрал жабдықтар: тарату карточкалар, Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, элементтер.

Пән аралық байланыс: химия, математика, физика, биология, тарих.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Ойынға екі топ қатысады. Әр топтан 5 адамды ойынға қатысуға таңдап аламыз. Қалған оқушылар жанкүйерлер ретінде қатысады. Егер топ берілген сұраққа жауап бере алмаса оларға жанкүйерлері көмектесе алады. Егер жанкүйерлері дұрыс жауап берсе командаға ұпайдың жартысы беріледі. Ал егер жанкүйерлері де жауап бере алмаса, сұрақ қарсыластарға ауысады. Ал қарсыластары жауап бере алмаса, олардың жанкүйерлеріне беріледі. Жанкүйерлер шулап, жауапты беруге рұқсатсыз көмектессе айып төленеді. Егер жанкүйерлері дұрыс жауап бере алмаса екі команда да ұпай ала алмайды. Әр топқа топ басшысын тағайындаймыз, және әділқазылар алқасын 3 адамнан тағайындаймыз. Олар баға беріп, олардың ұпайларын есептеп отырады.

Ойын барысы:

Ι. 1-ші кезең: Химиялық элементтер

1. Келесі элементтерді атаңдар:

1-ші топ 2-ші топ

S - күкірт C - көміртек

Na - натрий К - калий

Н - сутек О - оттек

СІ - хлор Са - кальций

Cu - мыс Р - фосфор

Ғе - темір Ni - никель

(Әрбір дұрыс жауап - 1 ұпайдан)

2. Химиялық чаинворд.

Алдымен мұғалім екі топқа бір - бір элементтің атын береді де, әрі қарай оқушылар сол элементтің атының соңғы әріпінен басталатын элементті атауы керек. Ойын солай жалғасады.

1-ші топ 2-ші топ

Азот Бром

(әр бір сөзге 1 - ұпайдан)

3. Элементтер атын құрастыру

Әр топқа келесі химиялық элементтер беріледі. Осы элементтердің атына кірген әріптерден басталатын элементтердің атын құрастыру керек.

1-ші топ 2-ші топ

Хлор Фтор

(жазбаша түрде параққа әрбір дұрыс жауап - 1 ұпайдан )

ΙΙ. 2-ші кезең: Химия + қазақ тілі. Көп нүктелердің орнына сөздерді жазып, сөйлемді толықтыру.

1-ші топ

Оттек - иіссіз, . . . , дәмсіз газ. Ол ауадан . . . , суда . . .

зат. Ол басқа элементтермен әрекеттесіп . . . зат оксид түзеді.

(түссіз, сәл ауыр, аз ериді)

2-ші топ

Сутек - иіссіз, . . . , дәмсіз газ. Ол ауадан . . . , суда . . . зат.

Ол оттекпен әрекеттесіп түссіз, . . . зат - Н 2 О түзеді.

(түссіз, жеңіл, өте аз ериді)

(әрбір дұрыс жауап - 1 ұпайдан )

ΙΙΙ. 3-ші кезең: Шпаргалка

Химиядан бақылау жұмысын өткізгеннен кейін сыныптан химиялық реакциялардың бір жартысы жыртылған шпаргалка табылады.

Осы реакциялардың қайта орнына келтіріңдер.

1-ші топ

1) . . . = CuO + H 2 O (Cu(OH) 2 )

2) 2Na + H 2 SO 4 = . . . (Na 2 SO 4 + H 2 ↑)

3) C + O 2 = . . . (CO 2 )

2-ші топ

1) . . . = Cu + H 2 O (CuO + H 2 )

2) 2Na + 2H 2 O = . . . (2NaOH + H 2 ↑)

3) 2H 2 + O 2 = . . . (2 H 2 O)

(Әрбір дұрыс теңдеуге - 3 ұпайдан)

ΙV. 4-ші кезең: Химиялық сөзжұмбақ

Әрбір топқа шағын крассворд беріледі. Оны шешуге - 5 минут уақыт.

1-ші топ 2-ші топ

Соңғы 3 әріпі бірдей элемент аттарын табыңдар Соңғы 2 әріпі бірдей элемент

аттарын табыңдар

1-ші топ 2-ші топ (әрбір дұрыс сөзге - 1 ұпайдан)

V. 5-ші кезең: Химиялық қадам (Екі топтың басшысы үшін)

Оларға кезекпен сұрақ беріліп отырады. Сұраққа дұрыс жауап берген сайын бір адым алға аттап отырады. Әрбір аттаған адым сайын 1 ұпай беріледі.

1-ші топтың басшысына сұрақтар:

1. Сутектің оксиды қалай аталады ? ( H 2 O)

2. Бензинді неден алады ? (мұнай)

3. Жер астынан алатын қара түсті қатты зат қалай аталады ? (тас көмір)

4. Судың қатты күйі қалай аталады ? (мұз)

5. Қанның гемоглобин құрамына кіретін элемент қалай аталады ? (темір)

6. Әртүрлі тәжірибе өткізуге арналып, арнайы жабдықталған сынып

қалай аталады ? (зертхана)


Ұқсас жұмыстар
Камелхан Имашхан атындағы №21 кәсіптік лицейдегі Тапқыр информатиктер білім сайысының бағдарламасы мен өткізу шарттары
Химия пәні: Металдар әлеміне саяхат - қорытынды дәстүрлі емес сабақ жоспары
Үздік информатиктер: кәсіптік лицейдегі информатика пәнінің бинарлы сайыс сабақ жоспары
Бинго-Миллион ойыны арқылы өткізілетін химия пәнінің жарыстық сабақ жоспары
Тарих пәні: Ата жұрт интеллектуалды ойынының дәстүрлі емес сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Жас талапкерлер сайысы - информатика, 5-сынып (дәстүрлі емес сабақ)
Қазақ тілі мен әдебиеті: Көнерген сөздерді қайталау - дәстүрлі емес сабақ жоспары
Кәсіптік лицейдегі тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны дамытудың өзекті мәселелері
7-сынып алгебрасы: тараулар бойынша қайталау үшін дәстүрлі емес сайыс сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Сын есім тақырыбының аралас дәстүрлі емес сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz