1 сыныпқа арналған Еңбекке баулу пәнінің қайталау-жарыс сабағы: практикалық дағдылар, қауіпсіздік және тәрбие

Пән аты. Еңбекке баулу.

Сыныбы . 1 сынып.

Мұғалімі. Абуханова Д. Х.

Сабақтың тақырыбы . Қайталау.

Сабақтың мақсаты . а/ білімділігі. Оқушыларға халқымыздың еңбегі жайлы түсініктерін толықтыру. Еңбекке қызығушылығын арттыру.

ә/ дамытушылық . Еңбек тақырыбына байланысты өлең, жұмбақтарды мәнерлеп оқуға қызығушылығын арттыру. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық- гигиеналық талаптарын орындату.

б/ тәрбиелік . Еңбек ету ерекшелігін білу арқылы эстетикалық тәрбие беру. Материалдарды үнемдеп ұқыпты жұмыс істеуге және болашағын болжай алатын ұл- қыз тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті. Ата - аналардың мектеппен байланысын нығайту. Ата -аналар мен бірлесе отырып, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі . өтілген тарау бойынша қайталау, жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі . суреттер, буклеттер, газеттер, кітаптар, қайшы, түйме, мата, ине- жіп т. б. құралдармен таныстыру.

Сабақтың барысы .

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Ұй жұмысын бекіту.
  3. Жаңа сабақ

Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе, жоқ тыныш. / қайшы/

Тап- тап, жорға,

Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе, жеткізбес,

Жерге түссе, таптырмас. /ине/

Жалпақ бетті батыр

Белін буып жатыр. / сыпырғыш/

Басы жоқ, денесі жоқ, құрсағы бар,

Ішінде құрсағының жұмсағы бар.

Жатарда ұнатады ұйықтағанды

Кәрілер сол жұмсаққа сонша құмар. /жастық/

Сайыстың түрі.

Балаңызбен бүгін сіз,

Келіп тұрсыз сайысқа

Бағалаймыз бұны біз,

Озып кеткін жарыста.

  1. Үлгі болып олақ пенен салақтарға,

Не жетсін, жамау тігіп, жамағанға.

Не жетсін, шеше көріп, тон пішкенге

Өз түймесін өзі біліп қадағанға.

1-ші сайысымыз оқушылар өз аналармен бірге түймелерін алып, матаға тігеді.

Ескереміз ұқыпты тігілгенін

Ептілігін көрейік бұл сайыста

Анаңыздың көрсеткен үлгісімен

Келтіріндер жануарлардың мүсіндерін. -деп,

2 - ші сайысымыз әртүрлі жануарлардың мүсіндерін жасаңыздар.

Кімге не ұнайды ойыны.

Оқушы өзіне ұнаған жануарлар туралы тақпақ айтады.

Анамыздың еңбегін

Бағалайық, қарайық.

Үлкендерден үлгі алып,

Ұрпақтарға жалғайық.

Осы жерде аналар өздерінің қоларынан жасаған өнерлерін балаларына айтып түсіндіреді.

Ата -аналардан еңбек жөнінде мақал - мәтелдер сұрау

Қорытынды.

Еңбек - ердің сәні.

Еңбек - ата, жер - ана.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбегіңе қарай - құрмет,

Жасыңа қарай ізет.

Оқушылардан еңбек туралы мақал -мәтелдер сұрау.

Қауіпсіздік техникасының ережелерін сұрау.

4. Үйге тапсырма.

5. Бағалау

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Таран негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Абуханова Диана Хамитқызы


Ұқсас жұмыстар
3-сынып: Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспарлары мен практикалық тапсырмалары
1-сыныпқа арналған Еңбекке баулу пәні: Тігіс түрлері және инені сабақтау (пысықтау сабағы)
Еңбекке баулу пәнінің орта мерзімді жоспары - бастауыш сыныптар, 1-модуль: Табиғи материалдармен жұмыс
1-сынып. Еңбекке баулу: қағаздан қатпарлап тауыс (Бақыт құсы) жасау сабағы
Еңбекке баулу: мектепке дейінгі топқа арналған тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бастауыш мектептің 1-4 сыныптары үшін Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы (2013)
Ағашты өңдеу және құрал-саймандары: әдістер, қауіпсіздік және практикалық дағдылар
Қайталау сабағы: Қазақстан - тілдік дағдылар мен патриоттық тәрбие
2-сынып Еңбекке баулу сабағы: Қобдиша қақпағын әшекейлеу
11 сыныпқа арналған инновациялық жарыс форматындағы Жарықтың толқындық және квантық қасиеттерін қайталау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz