Ұйқасын тап

1-сынып

Тақырыбы: М дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: 1) М дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық талдау жасату.

М әрпі бар сөздерді оқи білуге, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.

Өтілген дыбыстарды қайталау.

2) Оқушының логикалық ойлауын, сурет бойынша сөйлем құрап

айту дағдыларын және М әрпі бар сөздер ойлату арқылы сөздік

қорын дамыту.

3) Ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер, карточкалар, слайд

түрі: Жаңа сабақ

әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, көрнекілік

Сабақтың жүрісі:

І. Психологиялық ахуал

ІІ. Өткен әріптерді қайталау.

- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды атау.

- «Сөз ойла, тез ойла» ойыны арқылы сөз ойлау.

- Суретке сөйлем ойлап айту.

ІІІ. Жаңа сабақ: (слайд арқылы көрсетіледі)

Өзі жап - жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп - шұбар. (мысық)

а) - « мысық» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі ?

- М дыбысы, дауыссыз, үнді.

- М дыбысына байланысты сөз ойлау

ІV. Оқулықпен жұмыс:

  • М көк түспен белгіленіп тұр, дауыссыз, үнді.
  • моншақ, мата, оймақ,, мақта сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
  • бағандағы сөздерді оқыту.
  • соңындағы сөздерді жазу.

V. Сергіту.

VІ. Дәптермен жұмыс: М әрпін жазу

VІІ. Жұмбақ шешу:

  1. Түйе өркешін қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп ? (М)

  1. Менде бар, сенде жоқ.

Малда бар, елде жоқ. (М)

  1. Тамырда бар, құмда бар,

Қамырда бар, сұмда бар. (М)

VІІІ. Буындарды оқып, сөз ойлау.

  • ма, -му, - мо, (ашық буын)

Ұйқасын тап:

Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат,

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты - ( жүзім)

ІХ а) «Не өзгерді?»ойыны

тал - мал, қол - мол, тақта - мақта, ата - мата

ә) «Жоқ буынды тап» ойыны

ма. . . ., қар . . ., мақ. . ., та. . ., қай. . .

Х. Сурет бойынша диктант жазу.

доп, алма, айна, тақта, ту, мақта, ағаш, қарға.

ХІ. Топтастыру:

М

ХІІ. Мадақтап, бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Дара және күрделі етістік. 3 сынып
Интеллектуалды сайыс "бала тілі - бал!"
Ойлы болсан озып көр
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Етістікті тап
Жүзден жүйрік жайлы ақпарат
Ойын арқылы окушылардың ой-өрісін, тілін дамыту
Етістікті пысықтау
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Жазу қатарындағы үлгіні жазу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz