Еңбек - адамгершілік құндылығы: 2 г сыныбына арналған өзін-өзі тану сабағы

«№ 42 орта мектеп» ММ

2 г сыныбы

Өзін - өзі тану пәні

Ибраимова Ж. К.

12. 02. 2011 ж

Өскемен қаласы

Еңбек - бәрін жеңбек

Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Абай

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, қағаздан қиылған жүректер, дәптер, оқулық.

Шаттық шеңбері:

Амандасу.

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

- Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір - бірімізге тілектерімізді айтып шығайық.

Әңгімелесу:

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
  • Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
  • Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
  • Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Тапсырма

Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау

Мәтінмен жұмыс Б. Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мысал әңгіме

  • Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
  • Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
  • «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Абай

-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Қандай еңбек туралы мақал -мәтелдер білесіңдер?

  • Ердің атын еңбек шығарады.
  • Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  • Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

  • Көз - қорқақ, қол - батыр.
  • Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

Еңбек түбі - зейнет.

Сахналау:

«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов.

Автор:

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап.

Қуыршақ:

-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ :

-Дүкеннен келдім нан сатқан.

Қуыршақ:

Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ :

-Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ :

-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ :

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген

Дихандар мені өсірген.

Нан дастарқанға қалай келеді? деген сұрақ аясында еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелету.

Үйге тапсырма:

Дәптермен жұмыс

«Еңбек - бақыт бастауы» әңгіме жазу

Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді, тілектеріңді мына қағаз жүректерге жазыңдар

Жүректен жүрекке

Шеңберге тұрып, бір - біріне жазған тілектерін оқыту. .


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәні: Еңбек - бәрін жеңбек (дұрыс іс-әрекет құндылығы) - 2-сынып, №21 сабақ
Өзін-өзі тану сабағы: Адамгершілік - асыл қасиет
8-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Достық пен адамгершілік құндылықтар
Өзін-өзі тану: Ақиқат және шыншылдық құндылығы
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағы: салауатты отбасы және сүйіспеншілік құндылығы (2-сынып сабақ жоспары)
2-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағы: Обал мен сауап
2-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Халқым менің қонақжай - қонақжайлылық пен адамгершілік құндылықтар
Әдептілік - адамгершілік бастауы: өзін-өзі тану сабағы, 9 а сынып
Келісім түбі - жарастық: 2 сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz