Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Модульдік технология
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
М. Әуезов атындағы орта мектебі
«Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану»
Дайындағандар: математика және информатика
пән мұғалімдері:
Ибрагимов Ербол
Салахиденұлы,
Шарафиденова
Алмагүл Өтеуліқызы
2011 жыл
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер
енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті
ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік
стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан
Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының
мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015
жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін
орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту
болып табылады.
Жаңа технология - мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа
ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы
артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге
болады.
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл
ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі
материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
3. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру
мүмкіндігін арттырады;
4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып,
олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта
олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік
сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен
басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық
білімнің алғышарттарын меңгеру қажет. Ал теориялық білімді практикамен
ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз. Түрлі елдерде болып
жатқан жаңалықтармен танысуды, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет,
электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатындығы дәлелденді. Сондықтан
білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың
интернет желісінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде
жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін
тереңдетуіне септігін тигізеді.
Орта білім берудің мақсаты – жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында
алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын
анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын
және өз еркімен дұрыс шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Математика пәнін оқытуда жаңа коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу.
Оған жетуге оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық
оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар қызмет
етеді.
Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық
мақсаты:
- қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы
байланыс;
- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынға меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап
оқыту бағдарламасына өту.
Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен
танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан мен өзімнің педагогикалық жұмысымда
сабақ жүргізудің негізгі тәсілі оқушылардың тікелей өзара қатынасынан
туатын интерактивті әдістерді және профессор Ж.А.Қараев насихаттап жүрген
жаңа оқыту технологиясын іс-тәжірибеме енгізіп жүрмін. Бұл технологияның
ерекшелігі – терең білім алу арқылы баланың дамуын қолдау болып табылады.
Саралап-деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы мен оқушының
белсенділігін арттыру әдісін қатар жүргізу арқылы әр оқушының өз бетінше
жұмыс жасауына толық мүмкіндік беруге болады.
Алға қойған мақсатына жету үшін әр мұғалім сабақ өткізудің әр түрлі
тәсілдерін қалай, қашан қолдану керектігін біледі. Сабақ кезінде
оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынастың мейлінше
көп болуын оқытудың немесе білім берудің интерактивті әдісі деп атайды.
Оқытудың интерактивті әдісін қолданудағы негізгі мақсат:
- әр деңгейлі есептер шығару;
- тақырыптардағы ережелерді толық түсініп, оны есеп шығарғанда
пайдалану;
- өтілген тақырыптарды жүйелі түрде қайталап, еске түсіріп отыру.
Ал осындай өтілетін сабақтарға интерактивті тақтаны пайдаланса, оның
мүмкіндіктері: сабақ уақыты үнемделеді, тақтада жазылған тапсырмалар
бойынша оның шығарылуы және тақтада сақталған шешім қосымша сабақтарда,
сабақтан қалып қойған оқушыларға немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға көмек
ретінде көп септігін тигізеді.
Модульдік технологиямен сабақ өткізгенде бұл жүйені сүйемелдеу үшін:
1. “Презентациялар” технологиясын пайдалану ыңғайлы. Бұл біріншіден
оқушыларға жаңа материалдарды көренкті түрде көрсету құралы болса, екінші
жағынан мұғалімдерге материалды дайындауды және оны қолдану процесін
жеңілдетеді. Сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді, уақытты қысқартады.
2. Үлгерімді тексеру мен оқушының білімін жетілдіру. Осы мақсатта пайдалану
біріншіден мұғалімнің жұмыс өнімділігін арттырып,оқу нәтижелерін тексеруге
көбірек уақыт бөлуге көмектеседі, екіншіден қадағалай отырып, балалардың
алған білімін бағалауды жүзеге асырады. Тексеру нәтижесінде толық ақпарат
ала отырып, балалардың қатесіне коррекция жасау үшін басқа қағазға жазылған
қосымша тапсырма бере алады.
3. Компьютерді жаңа сабақ өту кезінде де тиімді қолдануға болады.
Ақпарат коммуникациялық технологияны қолдану бағыттары
1. Теориялық материалды бірнеше бөлікке бөліп, оларды есте сақтау үшін
бірнеше тапсырма орындалатын программаланған оқыту процесі жүргізілсе.
2. Бір компьютерге бір-бірін үйрету үшін өз таңдаулары бойынша екіден оқушы
отырғызса.
3. Оқытуға арналған есеп құрастырылып, оның нәтижесін бақылау объективті
түрде жүргізілсе. Сонда жаңа материалдарды игеруге кететін уақыт 40-50%-ға
қысқаратынын, ал оларды меңгеру сапасы 30-50%-ға артатынын көрсетеді.
4. Қосымша сабақтарда пайдалануға болады. Балалардың білім деңгейлерінің әр
түрлі “әлсіз” оқушылар үшін – коррекциялау топтарын құру, ал қалғандары
үшін - үйірмелер мен факультативтер сияқты қосымша сабақтар ұйымдастырылып,
олардың деңгейлерін біркелкілендіруге болады.
5. Компьютерлік модельдермен жұмыс істеу балаларға таңдау еркіндігін беріп,
өз жаңалығын ашу жағдайын беретін зерттеу компоненті, екінші жағынан өз
теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін береді.
6. Компьютерді құрал ретінде және ақпарат дайындауға пайдалануға да болады.
7. Қашықтықтан оқыту – ақпараттық қүралдар арқылы білім алу формасы.
Мұғалім математика сабағына оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін
ойындар ұйымдастыруына болады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын
арттырып белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін арттыруға
дидактикалық ойындар орны ерекше. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар
біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар
аударылады.“ХХІ ғасыр көшбасшысы”, “Миллионды кім алады?”, “Алтын қақпа”
ойындарын өткізу, қызығушылықты арттырады.
Оқыту процесін ақпараттандыру үрдісі – мұғалімдердің қызығушылығын,
шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтар жасау мен оны іс-тәжірибеде
қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудырады. Электронды оқулықтың
ерекшелігі модульдікке сәйкестігі және оқып үйренуге икемділігі. Бұл оқулық
ғылыми-педагогикалық құрал.
Нәтижелігі:
1. Тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті
қасиеті);
2. Қажетті материалдарды жылдам тауып алу;
3. Гипермәтіндік түсіндіруден жан жақты ақпараттық материалдар алады;
4. Білім, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға
болады.
Қолданылуы:
1. Теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік
береді;
2. Сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға көмектеседі;
3. Сабақта және тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық
тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді;
4. Емтиханға дайындық кезінде пайдаланылады.
“Модульдік технология” оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянған,
табанды еңбек етуге үйренген, зерттеушілік қабілеті біршама бар жерде ғана
нәтиже береді. “Модульдік технологияда” оқушы терең білім алуға, пәнді
түсініп оқуға өзі ұмтылады, ал мұғалім оны бағыттаушы. Бұл жүйе
шығармашылықпен жұмыс істейтін оқуға үлкен мүмкіндік береді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын
мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру
жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға ену, басты
мәселе болып отырғаны мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын
стратегиялық қорға айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни
өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім
саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда
жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық
салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда.
Еліміздің 20-30-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспарында мектептерді
компьютерлендіру бағдарламасы қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазіргі
кезде мектепетердің барлығы жаңа типті компьютерлермен, электрондық
оқулықтармен жабдықталып “Интернет” желісіне қосылды.
Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық
ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға,
барлық пәндерге кіреді. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болғанда
компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана
қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап және әрдайым мәлімет
ошағы болып қала береді, одан мұғалім қажеттісін ала білуі және оқушыларды
осыған үйретіп, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет.
Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеуге
де болады. Нәтижесінде оқушы:
- компьютерде еркін жұмыс жасайды;
- компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
- ақпараттарды алады, сақтайды;
- интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
- электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
- өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
- басқа пәндерді оқығанда компьютер мүмкіндігін тиімді қолдана алады.
-----------------------
Әртүрлі ойындар
«Зерде» ғылыми қоғамы
Ұлттық бірыңғай тест
Олимпиада
Жаңа сабақ
Есептер шешу
Тексеру сабағы
Қорытынды жинақтау сабағы
Сабақта
Модульдік технология
Сабақтан тыс

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz