Уақыт, ой және бала тәрбиесі: отбасы мен мұғалімдердің рөлі

Уақыт және өзім туралы ойлар

Дүниеде не жүйрік? Ой жүйрік.

Ой түбіне жете алмайсың. Жасыңа жас қосып, уақыт өткен сайын айтар ойың да молаяды екен. Бүгін мені Мұқағали ағамыздың мына өлең жолдары терең ойға жетеледі:

Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл,

Санай жүріп самайлар ағарды кіл.

Уақытты не пайда санағаннан?

Алатұғын өмірде бағаңды біл . . .

Қандай керемет сөздер! Еріксіз ойға батасың.

Өтіп жатқан өмір. Күн артынан күн өтіп, уақыт та зырылдауда . . .

Уақыт дегенде менің ойыма болашақ елестейді. Елбасымыз білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Яғни, болашаққа сеніммен қарау үшін бала тәрбиесіне зор мән берген дұрыс. «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, ағаш ек, ғасырлық өміріңді ойласаң, бала тәрбиеле», - дейді халық даналығында. Бала тәрбиесінің алтын бесігі - отбасы болатын болса, әр ата-ана өз баласын қанатының астына алып, өзі білген, өзі жеткізген, өзі қабылдаған жақсы тәрбиесін үлгі-өнеге етіп ұрпағына беріп отырса, несі жаман?!

Көз - көруге, құлақ - естуге тоймаса, адам жақсылыққа тоймағаны, перзентінің бойына жақсы қасиеттерді дарытқаны хақ. Ертеде әкесі өмірде көп қателесіп, жолы болмай жүрген баласын шақырып алып: «Сен күніне бір жақсы іс жасап, мына қапшыққа бір тастан салып отыр. Қап толған соң, маған алып кел», - деп кеңес беріпті. Әкесінің өсиетін орындау үшін баласы кез келген адамға жақсылық жасап, қапқа тас салуды әдетке айналдырыпты. Күндердің күнінде баласы тас толған қапты әкесіне алып келіп: «Әке, сіз берген қапшық жақсылыққа толды. Енді басқасын бересіз бе?» - дейді. Әкесі рахаттана күліп алып: «Балам, енді саған ешқандай қаптың да, тастың да қажеті жоқ. Сен онсыз да жақсылық жасауды үйрендің, қателікке де бой алдырмайтын болдың», - деген екен. Міне, осы секілді тәрбие жолдарын, халық даналығын пайдалана отырып, болашақ балғындарды тәрбиелеуге кім кедергі жасамақ? Ешкім де. Ендеше, ойдан іске көшелік. Нәтижесін болашақ көрсетер.


Ұқсас жұмыстар
Берекелі отбасы: отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесі
Ұрпақ тәрбиесі: отбасы мен мектептің ұлттық тәрбиедегі рөлі
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
Бала тәрбиесі: отбасы мен мектептің бірлескен жауапкершілігі
Баланың тәрбиесі: отбасы мен мектептің бірлескен рөлі
Адамгершілік тәрбиесі: отбасы мен қоғамдағы рөлі
Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің рөлі: ашық тәрбие сағаты тәжірибесі
Оқу мен тәрбие: ата-ананың бала тәрбиесі мен білім сапасындағы рөлі
Жастан берілген тәрбие: отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі рөлі
Отбасы - бала тәрбиесінің негізі: тәрбие мен тұлға қалыптастырудағы отбасының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz