Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шыншыл ертегі

Қ.И Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі

3 сынып

Габбасова Ләйлә Дінбаянқызы
Батыс Қазақстан
облысы Тасқала ауданы Тасқала аулы
Қ.И.Сәтбаев атындағы
ЖОББМ- нің бастауыш сынып
мұғалімі , І
санатты.

Ана тілі 3 сынып
Сабақ тақырыбы : Көжек (ертегі)
Сабақ мақсаты : Білімділігі : тақырыптың идеясын ашып, мазмұнын түсіндіру,
қоян
туралы жан-жақты білім
беру;
Дамытушылығы: уақытты ұтымды пайдалана білуге,
өз беттерімен
ізденуге үйрету,
сөздік қорларын молайтып,
дүниетанымдық ой-
өрістерін кеңейту
Тәрбиелігі : туған жерін , Отанын шексіз сүюге, оның
табиғатын қорғай
білуге тәрбиелеу
Типі : Сайыс сабақ (жаңа білім беру)
Әдісі : Сайыс, сұрақ-жауап, ішінара ізденіс, ойын, әңгімелеу, баяндау,
салыстыру
Көрнекілігі : оқулық, әмбебап тақта, мозайка, тірі үй қояны, ермексаз,
үлгісуреттер мен
тірек сызбалар;
Сабақ барысы
І. Қызығушылықтарын ояту

Сыныпты екі топқа бөлу

Екі топқа мозайка құрастырып жарысады. (арқар) Бұрын аяқтаған топ ұпай
алады.
ІІ. Үй тапсырмасын «Бәйге» ойыны арқылы тексеремін

1. Сол жақтағы 30—Атасы немеренсін қайда апарғысы келді?
2. Немересінің атасына қойған сұрақтары қалай?
3. Атасы немересіне қандай тапсырма берді?
4. Қошан жауапты қашан, қалай іздеді?
5. Арқардың мүйізі жөнінде әкесі қандай әңгіме айтты?
6. Қошан арақарды қалай бақылады, нені байқады?
7. арқар қайдан, қалай, неге секірді?
8. «Арқарға үлкен мүйіз неге керек ?» деген сұраққа қандай жауап тапты?
9. Арқарды сипатта

Ұпайларын санау, салыстыру

«Арқарға үлкен мүйіз неге керек?» шығарманың қай түріне жатады?
Тағы қандай түрлерін білесіңдер?
- сықақ, повесть, роман, поэма , тб
-Ал, ауыз әдебиеті жанрларын білесіңдер ме?

- жұмбақ, мақал, жаңылтпаш, шешендік сөз...,ертегі
-Ертегілер неше топқа бөлінеді екен?
- Шыншыл ертегі; Қиял-ғажайып ертегі, хайуанаттар туралы ертегі.

Осы топтарға жататын ертегілерді білесіңдер ме?
- Жақсы
- Бүгін біздер «Көжек» туралы ертегімен танысамыз
- Қалай ойлайсыңдар , бұл ертегінің қай тобына жатады?
Көжек ненің төлі? – Қоянның.
Қояндар қайда өмір сүреді?
- Далада , орманда , үйде.

Венн диаграммасы бойынша балалар үй қояны мен дала қоянының айырмашылықтары
мен ұқсастықтарын жазып көрсетеді.

Өзім тағы да қоян туралы толықтырып айтамын.(слайдтан көрсетемін)

Мәтін мазмұнын түсіндіремін.

Мәтінді балаларға оқытамын.
Пысықтау сұрақтарын беремін.
Туған жер туралы мақал-мәтелдердің жалғасын таптырамын

Ермексаздан көжекті мүсіндетемін (үлгіге қарау)
Жинаған ұпайларын санатамын
Мадақтау, бағалау.
Сабақты қорыту
Біз бүгін қоян екеш қоянға да өзінің туған жері ыстық екенін білдік.

Үйге тапсырма беру
Қолданылған әдебиеттер : энциклопедия «Ол кім, бұл не ?» ІІ том, Қазақстан
энциклопедиясы том, Әлем жануарлары энциклопедиясы, Ұлан газеті 2009,
№40.,

-----------------------
Ана тілі

Тасқала 2010

Ұқсас жұмыстар
Қиял - ғажайып ертегілер
Байлық пен ақыл
Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Байлық пен ақыл. Шыншыл ертегілер
«қырық өтірік» ертегісі
Байлық пен ақыл (ертегі)
Кім ойшыл
Ертегіні оқыту
Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Мәтінді оқу
Пәндер