Web дизайнның пайда болуы. web дизайнға қойылатын талаптар

Web дизайнның пайда болуы.

Web дизайнға қойылатын талаптар.

XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Ақпараттану адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Әсіресе адамның интеллектуалды өмір ортасына, білім жинау, тарату мен қолдануға әсері орасан. Еліміздегі білім беру саласы да жаһандық ақпараттанудан қалмай, бірге дамып келеді. Алайда интернет ресурстарына көз жүгіртсек, қазақ тіліндегі сапалы сайттардың өте аз, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Мемлекеттік грант иеленіп, жоғарғы оқу орнына түскісі келетін оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру керек. Ол мектепте алған білімін тексеру үшін арнайы сынақ тест тапсырады, оның нәтижесін де ұзақ күтеді. Және қазір мектеп оқушыларына дейін ғаламторды жақсы меңгерген, қажет материалдарын оңай іздеп табады. Мектеп бітіруші түлектерге арналған «talapker. kz» сайты уақытты үнемдеп, бір жерден бірнеше пайдалы ақпарат алып, сынақ тестісінен өтіп, өз-өзін тексеруге керемет мүмкіндік береді. Сайттың артықшылығы:

  • Оның мобилдігі;
  • Интернет арқылы байланыстың әркімге қолжетімдігі;
  • Материалдардың жаңаланып толықтырылуы;
  • Сынақ тест тапсыруда уақыт пен ақшаны үнемдеу;
  • Екі тілде болуы( қазақ және орыс тіліндегі оқырмандарға арналған) ;
  • Ыңғайлы навигация және көркем web-дизайн. Объектіні зерттеуге қолданылған бағдарламалар - Macromedia Flash, Dreamweaver MX, Javascript және ActionScript . Зерттеу тақырыбы - Web-дизайн көмегімен талапкерлерге арналған «talapker. kz» сайтын құру. Мақсаты: мектеп бітіруші түлектерге пайдалы, креативті дизайнды сайт-көмекші құрастыру. Ол үшін мен алдыма мынандай мақсаттар қойдым: Жобама байланысты материалдар жинақтау
  1. Macromedia Flash, Dreamweaver MX бағдарламалары арқылы сайт дизайнын көркемдеу.
  2. Javascript және ActionScript бағдарламалары арқылы сынақ тест және навигация батырмалары үшін скрип жазу.
  3. Сайтты материалдармен толықтыру.
  4. Қазақ және орыс тілінде нұсқалар жасап, сайт жобасын аяқтау. Web дизайнның пайда болуы

Web дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т. б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді. Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны web дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады.

  1. Web дизайнға қойылатын талаптар.

Web дизайн - сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы - тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек:

  1. Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.
  2. Web дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек.
  3. Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі.
  4. Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс - мәзір анық та түсінікті болу керек.
  5. Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет.
  6. Web дизайн «жеңіл», яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек.

Ұқсас жұмыстар
Интернет технологиялар даму үдерісінің теориясы
Интернетпен қатынас құру
Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспарларының топтамасы
HTML тілінде web парақ құру
"web-дизайн" қолданбалы курс бағдарламасы
Photoshop бағдарламасын оқыту курсының бағдарламасы
Кері тригонометриялық функциялар
Сайыс сабақ құру
Ауқымды желі. интернет. www іздестіру жүйелері
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz