2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Ж. Аймауытовтың Қартқожаның туған жері

Әдебиеттік оқу 2 класс

Сабақтың тақырыбы: Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов.

Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсатын таныстыру; оқушыларды

мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік:

Туған жер туралы білімдерін кеңейтіп ашу.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың сын тұрғысынын ойлауын дамыту,

шығармашылық жұмыс істеуге үйрету, ойын

жүйелі жеткізуге дағдылану.

3. Тәрбиелік:

Адамгершілікке, туған елге сүйіспеншілігін

дамыту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқулық автор суреті, мақал - мәтелдер жинағы.

Туған жер туралы ақындардың өлеңдер жинағы (Ф.

Оңғарсынова, Ө. Тұрманжанов, С. Жиенбаев) .

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, дискуссия, ой қозғау топтастыру,

белгілеу.

Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту.

- Сабақтың мақсатын хабарлау. Топтарға бөлу.

- Ж. Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтінімен танысамыз.

ІІ. Мағынаны тану.

1. Кіріспе әңгіме (автордан деректер)

а) топртарға бөліп тапсырма беру.

1 - топ. Туған жер дегенді қалай түсінеміз?

2 - топ. Кешкі қарбалас үстінде ауыл суреті. Қартқожаға қалай көрінеді?

(ойларын жазу)

3 - топ. Қартқожақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін автор қалай

сипаттаған? (тауып оқу) .

2. Оқулықпен жұмыс.

а) Мәтінді оқып беру.

Мәтінді оқу барысында белгілеу «+» білемін, «-» білмеймін.

ә) Сұрақ - жауап арқылы мәтіннің мазмұнын беру.

б) Сөздік жұмысы.

Қотан -қой кіретін үй маңы.

Үй басы - әр үй

Ет бауыр жақын - өте жақын туыс.

Шерсіз - қайғы - мұңсыз.

Балапан жүректі - сәби, жас жүректі.

Қас қарайды - кеш болды.

Жетесіз - ақылсыз.

в) Мәтінді оқушыларға оқыту (жеке, топпен, терме, тізбектей) .

ғ) Оқушылардың топпен жасаған жұмыстарын оқытып, талдау.

ІІІ. Ой толғаныс.

Эссе жазу.

1 - топ. 4 - 5 сөйлемнен тұратын «Туған жер» мәтінін құрастыру.

2 - топ. Тірек сөздерден өлең жолын құрастыру (Құшағы кең мақтан етем, өскеніме, шаттанамын) .

IV. Қортындылап, туған жер туралы ақын өлеңдерін оқыту.

Ұжыммен ( І. ІІ, ІІІ)

О, туған жер кең пейіл, құшағың кең

Саған көңіл бұлқынар күш - ағыммен

Сағынышты қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

(Ф. Оңғарсынова) .

V. Бағалау топпен.

VI Үйге тапсырма.

а) Сауатты оқу, мазмұнын айту.

ә) (абзацты жаттау) .


Ұқсас жұмыстар
2-сынып: Ж. Аймауытовтың Қартқожаның туған жері мәтіні бойынша әдебиеттік оқу сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу: Өтебай Тұрманжановтың Туған өлкем өлеңіне арналған сабақ жоспары
Ж. Аймауытовтың Қартқожа романын талдауға арналған сабақ жоспары
Ашық сабақ: Әдебиеттік оқу - Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі), 2-а сынып
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Ж. Смақовтың Айтшы әжетай өлеңін таныстыру және мазмұнын меңгерту
2-сынып Әдебиеттік оқу: Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған ашық сабақ
Кімнің мекені жақсы - 2-сынып әдебиеттік оқу сабағының сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Амандасу салты - сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу пәнінің сабақ жоспары: Бесік жыры
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Сақина ертегісіне арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz