Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ток күшінің өлшемі
Сабақтың тақырыбы: Физика - біздің болашағымыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тексеру. ҰБТ- ға
оқушылардың дайындығын анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың өздерін жан - жақты тереңірек ашуына бағыт -
бағдар беру, оқушы
көзқарасын қалыптастыру, пәнге деген
қызығушылығын арттыру, тез ойлау
қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, топпен жұмыс
істей білуге,
ынтымақтастыққа, адамшылық құндылығын,
ынта – ықыластарын арттыруға,
рухани байлығын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта.
Сабақ формасы: Топпен жұмыс істеу.
Сабақ барысы:
І. «Физика – біздің болашағымыз» атты
сайыс сабағын ашу.
- Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі
оқушылар!
Бүгінгі «Физика - біздің болашағымыз» атты сайысымызға қош
келдіңіздер!
Ақталған ақ арманы үміттері,
Қашан көрсең жүреді күліп тегі.
Қаумалаған ағайын аманбысың,
Аманбысың, сайыстың үміткері.
«Физика - біздің болашағымыз» атты сайысымызды ашық деп
жариялаймын.
Сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын әділқазылар алқасын
сайлап алайық.
Бүгін сайысымызға 2 топ қатысады.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған,
Жобасын сайыскерлер біле мекен ? - дей
келе сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.
Сайыс бағдарламасы:
1 - кезең. Топтардың таныстыруы
2 - кезең. «Кім көп біледі?»
3 - кезең. «Формулалар» елінде
4 - кезең. «Изопроцестер» елінде
5 - кезең. «Жұмбақтар шешу»
6 - кезең. «Білім құмарлар» елінде
7 - кезең. «Білгенге маржан» логикалық
есептер шешу
8 - кезең. «Қызықты сұрақтар»
9 - кезең. «Данышпандар» елінде
10 - кезең. «Кім тапқыр?» сөз құрау
1 - кезең. Топтардың өздерін таныстыруы. (1 – 5аралығында ұпай беріледі)
Әр топ топтарының атын, ұрандарын айту.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді болса егер
Бүл кезеңнің жеңімпазы болады -дей келіп,
2 - кезең. «Кім көп біледі?»
Әр топқа сұрақтар қойылады. 1 минутта жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап
1 ұпай болып есептеледі.
І - топ
1. Қысымды немен өлшейді? (Барометр)
2. Электронның заряды қандай? (Теріс)
3. Ток күші тізбекке қалай жалғанады? (Тізбектей)
4. Кернеу қандай құралмен өлшенеді? (Вольтметр)
5. Планк тұрақтысының мәні? (h= 6,63*10-34 Дж*с)
6. Спектрді кім ашты? (Ньютон)
7. Жарық жылдамдығы неге тең? (с=3* 108 м/с)
8. Сыйымдылықты қандай құралмен өлшейді? (Конденсатор)
9. Металдарда электр тогын таситындар? (Электрондар)
10. Теп - тегіс беттен шағылу дегеніміз? (Дұрыс немесе айнадан
шағылу)
11. Микраскоп қандай аспап? (Өте ұсақ көруге арналған)
12. 1 кН - да неше Н бар? (1000 Н)
13. Күш импульсі неге тең? (Ғ*t)
14. Пішінін сақтамайтын көлемін сақтайтын дене? (Сұйық)
15. Жарық сәулесінің түсу бұрышы 30о түскен сәулемен шағылған
сәуленің арасындағы бұрыш? (60 о)
16. Бір дене екінші денемен жанасқанда, қозғалғанда пайда
болатын күш?(Үйкеліс күші)
17. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі қандай? (Ом*м)
18. Судың тығыздығы неге тең? (1000 кг/м3)
19. Массасы 2 кг 3 м/с жылдамдықпен қозғалатын дененің
импульсі неге тең? (6 кг*м/с)
20. Ауырлық күшінің бағыты? (Төмен)
21. α - сәулесі дегеніміз? (Гелий атомы ядроларының ағыны)
22. Ток күші 5А, кедергісі 2 0м. Кернеу неге тең? (10 В)
23. Атомның моделін ұсынған ғалым кім? (Э.Резерфорд)
24. Магнит ағынының өлшем бірлігі қандай? (Вебер)
25. Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын кесінді ? (орын
ауыстыру)
ІІ - топ
1. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (Моль)
2. Протонның заряды қандай? (Оң)
3. Кернеу тізбекке қалай жалғанады? (Параллель)
4. Ток күшін қандай құралмен өлшейміз? (Амперметр)
5. Бүкіл әлемдік тартылыс тұрақтысының мәні? (G=6.67*10-
11Н*м2/кг2)
6. Элементар заряд неге тең? (1,6*10-19Кл)
7. Радионы ойлап тапқан ғалым? (Попов)
8. Индуктивтілікті қандай құралмен анықтайды? (Катушкамен)
9. Электролиттерде эл.тогын таситындар нелер? (Оң және теріс иондар)
10. Бұдыр беттен шағылу дегеніміз не? (Шашырау немесе диффузиялық
шағылу)
11. Телескоп қандай аспап? (Аспан денелерін бақылауға арналған
оптикалық аспап)
12. 1МВТ-та қанша ВТ бар? (миллион Вт)
13. Дене импульсі неге тең? (m*v)
14.Пішінін де, көлемінде сақтайтын дене? (Қатты)
15. Түсу бұрышы 20 о болса, шағылу бұрышы неге тең? (20о)
16. Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш?
(Серпімділік күші)
17. Тығыздықтың өлшем бірлігі? (Кг/м3)
18. Еркін түсу үдеуі неге тең? (9,8 м/с2)
19. Массасы 5кг, үдеуі 0,2м/с болатын денеге әсер ететін күш? (1 Н)
20. Үйкеліс күшінің бағыты? (Қозғалысқа қарсы)
21. β- сәулесі дегеніміз? (Электрондар)
22. Кедергі 2 Ом, кернеу 6 В болса, тоқ күші неге тең?(3 А)
23. Ядро қандай бөлшектерден тұрады? (Протон, нейтрон)
24. εқк - нің өлшем бірлігі? (В)
25. Дененің жүріліп өткен жолы? (Траектория)
3 - кезең. «Формулалар» елінде.
2 топ формулалар жазып жарысады. Әрбір дұрыс жазылған формула 1 ұпай болып
есептеледі
4 - кезең. «Изороцестер» елінде.
Изороцестер графиктерін салу. (Әр дұрыс сызылған график 10 ұпай)
А) І – топ. р қысымның Т температураға тәуелді графигін салу.
ІІ – топ. р қысымның V көлемге тәуелді графигін салу.
|Графиктердің бөліктері |Тұрақты параметр |Қай процесс |
|1 → 2 |Р = const | |
|2 → 3 |Т = const | |
|3 → 4 |V = const | |
|4 → 1 |Т = const | |
Б) Изопроцестерді салу.
|Графиктердің бөліктері |Изопроцестер |
|1 → 2 |Изотермиялық ұлғаю |
|2 → 3 |Изохоралық қызу |
|3 → 4 |Изобаралық ұлғаю |
|4 → 5 |Изотермиялық сығылу |
|5 → 6 |Изохоралық қызу |
І – топ
ІІ - топ
р
V
V Т
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалаған жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Біреуінің қатты істейтін миы бар – дей келе
«Жұмбақтар шешу» кезеңіне өтейік.
5 - кезең. «Жұмбақтар шешу» (Әрбір дұрыс жауап 2 ұпайдан)
1. Жасыл желек көкалда,
Бірде алға, бірде артқа.
Желаяқ көп бала
Таласып жүр бір шарға
(Доп.)
2. Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған,
Итерсең алға заулайды.
Шойын жолдан аумайды.
(Шаңғы.)
3. Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде қызы күндіз
Жүргенде білінбейді басқан ізі.
(Күн мен
Ай.)
4. Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.
(Жаңбыр,
найзағай.)
5. Қол ұстасқан шамдардың ,
Мін таппайсың бойынан.
Бірі қалса сүрініп,
Бәрі кетер ойыннан.
(Тізбектей жалғау.)
6. Тізбектегі ток күші
Тармақтарға бөлінер,
Өткізгіштер біріккен ,
Ол нүктені түйін дер.
Бұл жұмбақтың жауабы
Қандай жалғау шешіндер.
(Паралель жалғау.)
7. Формуласы күрделі
Есептеп жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
Берген бірлік өлшемін
(Джоуль.)
8. Ток күшінің өлшемі
Ағып өткен мөлшері
Физикалық шаманы
Ғалым атына теңеді.
(Ампер.)
6 - кезең. «Білім құмарлар» елінде
Әр топ өздеріне берілген есептерді шығарады.
І –топ.
Егер өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы 0,1м болса, ток күші 50 А
болғанда өткізгішке индукциясы 10 мТл магнит өрісі қандай күшпен әсер
етеді? Өрістің индкуция сызықтарымен ток өзара перпендикуляр.
(3 ұпай)
Массасы 2 кг тас тік жоғары лақтырылған. Оның кинетикалық энергиясы
400 Дж болса, жылдамдығын анықтаңыз.
(5 ұпай)
Тізбектің жалпы кедергісін табыңдар R4=24 Ом, R3=20 Ом, R1=R2=R5=R6=
3 Ом. (10 ұпай)
ІІ – топ
1. Электрлік шам арқылы 20 минутта 600 Кл заряд ағатын болса, шамдағы ток
күші қандай?
(3 ұпай)
Қос ойыс линзаның фокус аралығы 10 см. Нәрсені 12 см ара қашықтыққа
орналастырса, нәрсе кескіні линзадан орналасу қашықтығы.
(5 ұпай)
Егер әр резистордың кедергісі 1 Ом болса, тізбектің кедергісі неге
тең? (10 ұпай)
7 - кезең. «Білгенге маржан» логикалық есептер шешу (Әрбір сұрақ 3 ұпайдан)
1. Архимед Герон тәжінің таза алтын емес екенін қалай білді?
(тығыздықты салыстыру арқылы)
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір - бірлеп алды, сонда дорбада 1 асық
қалып қойды. Бұл қалай? (бір бала асықты дорбасымен алды)
3. Түнгі сағат 10 - да жауын жауып тұр. 24 сағаттан кейін күннің жарқырап
тұруы мүмкін бе? (жоқ.. түнде күн шықпайды)
4. 2 қолда 10 саусақ 10 қолда неше саусақ? (50)
8 - кезең. «Қызықты сұрақтар» (Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайдан)
1. Қай жерде дыбыс жақсы таралады, суда ма әлде ауада ма? (Суда)
2. Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой – қиял)
3. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың (Көлеңке)
4. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (Жарық)
5. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады.? (Тамшы)
6. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады, қар мен мұз күйінде)
7. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ , ішінде не қалады? (Ауа)
8. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
9. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)
10. Бөлмеде 16 орындық бар. Әр қабырғаға бес орындықтан қалай қоямыз?
9 - кезең. «Данышпандар» елінде ( 1 ұпайдан)
Сұрақ жауабымен айтылады. Дұрыс жауапқа «иә» деп, дұрыс емесіне «жоқ» деп
жауап беру керек.
1 - топ
1. Заттың 3 күйі бар(иә)
2. Нейтронның заряды оң (жоқ)
3. Күшті өлшейтін құрал барометр (жоқ)
4. Энергияның өлшем бірлігі Джоуль (иә)
5. 1-ші Ғарыштық жылдамдық 11 км/с - ға тең (жоқ)
6. Мензурка көлемді өлшейтін құрал (иә)
7. Жиіліктің өлшем бірлігі - Гц (иә)
8. Жарықтың әсерінен заттарды электрондардың ыршып шығуы - фотоэффект деп
аталады. (иә)
9. Жылдамдық - скаляр шама (жоқ)
10. Аттас зарядтар бір - біріне тартылады (жоқ)
2 - топ
1. Біз тұрған планета – жер (иә)
2. Қуаттың өлшем бірлігі ватт (иә)
3. Интерференция - толқынның бөгетті, орағытып өту қасиеті (жоқ)
4. Диэлектрлік электр тогын өткізбейді (иә)
5. Линзаның екі түрі бар (иә)
6. Толық бір айналым жасауға кеткен уақыт - период (иә)
7. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі - Генри (жоқ)
8. Жарық бөлшектері фотон деп аталады (иә)
9. Манометр күшті өлшейтін құрал (жоқ)
10. 1л 10 -6 м3 тең (жоқ)
10 - кезең. «Кім тапқыр?» сөз құрау
«Динамометр» сөзінен мағынасы бар сөздер құру. (Мағынасы бар әр сөз 1
ұпайдан)
Өділқазылар алқасына сөз беру, марапаттау.
Білім алып, іздену ешқашан да кеш емес!
Ізденімпаздықпен кешке қатысуларыңыз да – бос емес!
Талаптанайық жас достар ғылым деп,
Ғылыммен ұлтымыз да ұлт болып білінбек.
Ғылыммен тереземіз теңдік ап,
Болашақтың атар таңы күлімдеп.
Қадірлі ұстаздар, оқушылар, сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды
бөліп, келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамын!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша,
Осымен біздің сайыс аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz