Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кереге сөзін септе

Ашық сабақ

Қазақ тілі және әдебиет
пәнінің жоғары санатты
мұғалімі : Гүлнара Дәуленова
Ақмола облысы
«Балдәурен» РОСО

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй.
2 сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға киіз үйдің құрылуы туралы мағлұмат беру.
2.Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды әдептілікке, достыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, баяндау, саралап оқыту.
Көрнекіліктер: тірек-сызба, кеспе қағаздар,бағалау кестесі, суреттер,
слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа деген зейінін аудару.
Негізгі бөлім
ІІ. Блиц сұрақтар:
1. Бүгін қай күн?
2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Аптаның қай күні?
4. Қыс айлары қандай?
5. Қыста ауа -райы қандай болады?

ІІІ. Ой қозғау стратегиясы:
Слайд №1.
(Киіз үй сөзін естігенде қандай ассоциация туады.)
Слайд №2.

ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
– Біздің бүгінгі сабағымыз – тіл мәдениеті ерекше осы киіз үйдің ішінді
өтеді. Сабағымыздың тақырыбы «Киіз үй». Бүгін біз киіз үйдің құрылысымен
танысамыз.
V. Кіріспе сөз: ( музыка әуені)
Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үй адамзат тарихындағы
ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністеріне де төзімді. Киіз
үй қазақ халқының қысы-жазы отыратын баспанасы болған. Ол тез жығып
түйеге артып жүре беруге, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй негізгі
4 бөліктен тұрады. Олар: 1 - шаңырақ, 2 - уықтар, 3 - кереге, 4 -
сықырлауық немесе есік. Бұлардың барлығы: талдан, қайыңнан, теректен
жасалады. Ең жақсысы тал.
Қазақтың киіз үйі 6-қанатты,8-қанатты, 12- қанатты, 24-қанатты болады.
Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа
түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз шаңыраққа әр түрлі жіптерден
жасалған шашақтар іліп қояды. Не үшін? Иә,көз тимеу үшін. Жалпы киіз үй
оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Яғни ерлер және әйелдер жағы
болып. Ерлер жақта ер адамға тән нәрселер ілініп тұрады. Олар: шоқпар,
қамшы, садақ, т.б. қару-жарақтар. Ал әйелдер жағында тек әйелге тән
нәрселер тұрады. Олар: ыдыс-аяқ, төсек орын, бесік тағы басқалар. Төр
қазақ халқы үшін өте қасиетті болып саналады. Төрде міндетті түрде аң
терілері және қасиетті домбыра ілулі тұрады.Барлық киіз үй әдемі ою-
өрнектермен әшекейленген түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен
безендіріледі.

– Енді мәтінге кіріспес бұрын жаңа сөздермен танысайық.
Слайд №3.
VІ.Сөздік жұмысы:
1. киіз үй- юрта
2. киіз- кошма
3. шаңырақ- купол или верхняя часть юрты
4. кереге- раздвижная решетчатая основа
5. уық – купольные жерди
6. көшіп-қону – кочевать
7. жию- собирать
8. бұзу – разбирать
9. жаңбыр – дождь
10. боран – буран
11. баспана - жилище
12.қаңқасы – скелет
13. қайыс – кожаная веревка

VІІ. Мәтінмен жұмыс.
А) мәтінді оқу
Ә) аудару
Киіз үй
Киіз үй- қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-
қонғанда тез жиюға және бұзуға ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын.
Қыста қазақтартар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға
берген. Киіз үй қатты боран соққанда жығылмайды, жаңбыр жауса суды
өткізбейді.
Киіз үйдің қанқасы үш бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Кереге
ағаштары бір-бірімен қайыспен байланады. Шаңырақ деп дөңгелек ағашты
айтады. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады. Уықтар
шаңырақты тіреп тұрады.
Б) мәтіннен сөйлемдерді теріп оқу.
1. Из какиз трех частей состоит скелет юрты?
2. Какой воздух в юрте?
3. Как зимовали в юрте?
В) Жаңа сөздерді қалай меңгергендерін тексеру.
– Берілген карточкалармен сөз тіркес, сөйлем құрастыру.
Слайд №4.
VІІІ. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей
1.. Сәйкестігін тап
Ұлттық дәстүр наследие
Асыл мұра казахский народ
Әдемі киіз үй народная традиция
Қазақ халқы красивая юрта

2. Нүктенің орнына болымсыз етістіктің - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
жұрнақтарын жалға.
Бар..., жат..., отыр..., үз..., кел..., ат..., қой..., айт..., кет...,
секір... .

Слайд №5.
2-деңгей
1. Кереге сөзін септе

2. Етістіктерді нүктенің орнына қой.

Киіз үй көне дәуірінде пайда .... . Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне
... . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен .... . Киіз үй
негізгі төрт бөліктен ... .
Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.
Слайд №6
3-деңгей
1. Берілген сөздерді топтарға бөліп жаз.

Қобыз, құрт, уық,қымыз, қыз қуу, домбыра, асық, кереге, шертер,бесбармақ,
көкпар,шаңырақ, сазсырнай, ірімшік, сықырлауық, бәйге,дулыға, самса,
алтыбақан.

|Ұлттық аспаптар |Ұлттық тағамдар |Киіз үйдің |Ұлттық ойындар |
|(Музыкальные |(Национальные |бөліктері |(Национальные |
|инструменты) |блюда) |(Части юрты) |игры) |
| | | | |

2. Шаңырақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.
4-деңгей Шығармашылық
1. Киіз үйдің ерекшелігі туралы шағын әңгіме жаз.

Слайд №7.
Ашық журнал
ІХ. Балалардың еңбегін бағалау.
Слайд №8.
Х . Қорытынды.
1. Киіз үйді неден бастап құрады? (кереге)
2. Киіз үйдің ең жоғары бөлшегі не? (шаңырақ)
3.Шаңырақ пен керегені қосып тұратын бөлшек қалай аталады? (уық)
4.Қос босағадан және жарма беттен құралатын зат. (сықырлауық немесе есік)
Слайд №9. Слайд бойынша киіз үйді шығару.
5.Ертеде қазақ халқының баспанасы не болған? (киіз үй)

– Балалар, біз бүгінгі сабақта өздеріңіз көріп отырғандай киіз үй туралы
мәлімет алдық. Өздерің төрінде отырған қазақтың киіз үйі сендерге ұнады
ма? Олай болса бүгінгі тақырыпқа сай сабағымыздың соңын мына өлең шумағымен
аяқтаймын.
Слайд №10.
Киіз үй дөп-дөңгелек,
Жыққан кезде он бөлек.
Тіккен кезде топ етіп,
Қона қалар дөңге кеп.
- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп, көп рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Тұңғыш президент
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда
Көсемше (қорытынды сабақ). 6-сынып
Балалардың рахат табатын мекені тек өзен жағасы
Келер шақ жайлы ақпарат
Г дыбысы және әрпі
Қазақ тілі. Көмектес септік. 4 сынып
"Көмектес септік." 4 сынып.
Оқушыларымның сөзін сөз құрамына талда
Орыс сыныптарына арналған қазақ тілінен эмтихан билеттері
Пәндер