9-сынып: Паскаль тіліндегі тармақталу командасы және тармақталған алгоритмдер

Бұл сабағымда сайтта жарияланған әріптестерімнің жұмыстарын пайдаландым.
Бәріңізге рахмет!!!
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу командасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тармақталу командасымен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету;
Алгоритмдік ойлау стилін дамыту;
Тапсырманы тиянақты, өз мезгілінде орындау жауапкершілігіне тәрбиелеу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың білімміне қойылатын талаптар: Оқушылар тармақталу командасының жазылу тәртібін біліп, тармақталған алгоритмдерге бағдарлама құра білуі тиісү
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру;
3. Өтілген материалдарды қайталау « Лото» ойнау
Сұрақтары:
- Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады? (3: программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі)
- Div және Mod функцияларын не үшін қолданылады? (Div бүтін, Mod бүтін қалдық)
- Var операторының қызметі қандай? (айнымалыларды сипаттау)
- Const операторының қызметі қандай? (Тұрақтыларды сипаттау)
- Read операторының қызметі қандай? (Берілгендерді енгізу)
- Write операторының қызметі қандай? (Нәтижені шығару)
- Программа үзіндісінің міндеті қандай?Program esep1; Var x: integer; (x айнымалысы бүтін типті мәндер қабылдайды)
- Программа үзіндісінің міндеті қандай?BEGIN
Read (X) ;
Y:=SQR(X) ;
Write (Y) ;
End. (Х-тің квадратын есептеу)
- Қай операторлар дұрыс жазылмаған:
program qq;
var a, b: integer;
x, y: real;
begin
a := 5;
10 := x;
y := 7, 8;
b := 2. 5;
x := 2*(a + y) ;
a := b + x;
end.
- Программа үзіндісінің міндеті қандай?BEGIN
Read (X) ;
Х:=SQRТ(X) ;
Write (Y) ;
End. ( Х-тің квадрат түбірін есептеу)
- Меншіктеу операторы ( :=)
4. Сөзжұмбақ шешу:
- Негізгі бағдарламаның басы
- Шығару операторы
- Бағдарлама тақырыбы
- Бүтін санның типі (-32768 - +32767)
- Символдық тип
- Бүтін санның типі (-127 - +127)
- Енгізу операторы
- Бағдарламаның соңы
Ортадағы ерекше тор көздегі сөзге назар аудару. « Branched » сөзі ағылшын тілінен аударғанда тармақталған мағынаны береді екен.
Ендеше бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Тармақталу командасы»
5. Жаңа материалды ашу
6 тақырыпты пысықтау
7. Компьютермен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар
.
8. Үйге тапсырма беру Оқулықтан 1. 9 тақырып (23-26 беттер), 3. 5 тақырып (11-83 беттер) . Есептер жинағы 9, 10 жаттығу (18 бет)