Менің педагогикалық идеям: деңгейлеп-саралап оқыту арқылы оқушыларды дамыту

ДАЛАБАЕВА ГУЛЖИХАН СЕРЖАНҚЫЗЫ

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебі

Технология пәні мұғалімі.

МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯМ.

(эссе)

Мен бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп келемін. Алдымдағы шәкірттерге зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар - ау деп пайымдаймын. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс.

Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, бірі енжар, бірі баяу, бірі тым пысық.

Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың мұны қабылдауы түрліше.

Оқушы білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықталып, бастау керек деген ойдамын.

Алдымдағы шәкірттерді тұлға ретінде қасиеттерін зерттей келе, олармен дербес жұмыс жасауға мүмкіндік беретін әдіс деп деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын таңдадым.

Осы технологияны қолданып жұмыс жасаған кезде оның тиімді тұстары мен артықшылығын байқадым. Оқыту әдістері мұғалімнің тұлғалық сапаларымен тығыз байланысты өзара әсерлесіп отырады деп ойлаймын.

Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімді өздігінен сапалы түрде меңгеруіне ерекше мән берілгенін байқадым. Бұл технологияның басты мақсаты әрбір оқушының даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ете отырып, саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Технология мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптардың ерекшеліктері, айырмашылықтары бар.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге болады.

Бүгінде білім берудің әдіс - тәсілдерінің 50-ден астам түрлері бар. Сол технологияның барлығы да тиімді қолданылса білім сапасының артуына, оқушының жан-жақты дамуына әсерін тигізетіні сөзсіз.

Бүгінгі дидактикалық «Нені оқытамыз?», «Не үшін оқытамыз?» деген сұрақтермен бірге «Қалай тиімді оқытамыз?» мәселесі ұстаздарды толғандыруда.

Өзім сабақ барысында мұғалім оқушыға проблема тудыратындай сұрақтар қойып, осы проблеманы оқушы өзінше шешіп, содан кейін барып мұғалім қорытындыласа ғана оқушының ойында ұзақ сақталады деп есептеймін.

Елбасы: «келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген - ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді» , -деген еді. Олай болса, өркениет өзегі - білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын. Шәкірт тәрбиесіне қажымай талмай еңбектеніп, Қазақстан атты мемлекеттің ертеңгі ұланын, азаматын тәрбиелей басты мақсат екендігін түсіндім.

Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттағын әрі бүлдіршін - ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі.

Мектептегі жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдану жүзеге асуда. Бірінші педтехнология деген не? Оны қалай қолдануға болады. Бірінші педтехнология деген не? Оны қалай қолдануға болады. Деп іздене бастадым. Жаңа тәсілдерді қолданып өткізген ұстаздар сабағына қатысып, тәсілдердің өзімнің сабағыма қолайлысын таңдай бастадым.

Ж. А. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясына» тоқталдым.

М. Жанпейсованың «Модульдеп оқыту технологиясын» 2 - 3 рет қолданып көрдім. Мен үшін Ж. Қараевтың технологиясы ұтымды болды. Көп білу үшін көп оқу - тоқу керек екендігін түсіндім. Ол үшін іздену, шыңдалу тағы қажет екендігін есіме алдым.

«Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтанда білім - күш», - деген ағылшын филисофы Ф. Бэкон. Бос уақытымды оқуға, үйренуге жұмсаймын. Қазақ, орыс тілдеріндегі шығармаларға көп көңіл бөлемін.

ХХІ ғасыр мұғаліміне интернет жүйесін меңгеру қажет. Соған орай комьютерді меңгеруге ұмтылдым . . .


Ұқсас жұмыстар
Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: педагогикалық тәсілдер мен саралап оқыту
Информатика пәнінде деңгейлеп-саралап оқыту: технологиялық карта және сыни ойлауды дамыту
№14 орта мектептің биология сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды енгізу: модульдік және саралап деңгейлеп оқыту
Информатика сабағында дамыта оқыту технологиясын енгізу және деңгейлеп-саралап оқыту
Бастауыш сыныптарда деңгейлеп-саралап және дамыта оқыту технологияларының қолданылуы
Танымдық белсенділік пен жеке тұлғалық қасиеттер: Ж. Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы және педагогикалық стратегиялар
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының теориясы мен орта мектеп тәжірибесіндегі қолданылуы
Кәсіби қазақ тілі сабағында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі
Өндірістік оқу сабақтарында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану және шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz