Нүкте және түзу: жазықтықтағы екі түзудің өзара орналасуы және қасиеттері

Сабақ тақырыбы: Нүкте және түзу. Екі түзудің өзара орналасуы .

Сабақ мақсаты: Біліктілік: Жазықтықтағы негізгі фигураларға нүкте мен түзу жататындығын, оларды қалай белгілейтіндігін түсіндіру, түзулердің қиылысатын және қиылыспайтындығын айту.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың геометрия пәніне ынталығын, қызығушылығын арттыру.

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, Microsoft PowerPoint презентациясы.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Қайталау. Геометрия - геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жазықтықтағы негізгі геометриялық фигуралар: нүкте мен түзу.

Жазықтықтағы нүктелер мен түзулердің орналасуының негізгі қасиеттері:

I. а) Қандай түзу болмасын, ол түзуде жататын нүктелер де, жатпайтын нүктелер де болады.

ә) Кез келген екі нүкте арқылы бір және тек бір ғана түзу жүргізуге болады.

Екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда түзулер қиылысады.

мен түзулерінің ешбір ортақ нүктесі жоқ. Бұл түзулер қиылыспайды.

Қорытынды: Екі түзудің жазықтықта өзара орналасуының екі жағдайы болады.

  1. Екі түзу қиылысады да, олардың бір ғана ортақ нүктесі бар болады. Осы нүкте берілген екі түзудің қиылысу нүктесі деп аталады.
  2. Екі түзу қиылыспайды, олардың ортақ нүктесі жоқ.

Параллель түзулердің негізгі қасиеті:

II. Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы осы түзуге паралель жалғыз ғана түзу жүргізуге болады.

Егер түзу өзара параллель екі түзудің біреуін қиятын болса, онда ол екінші түзуді де қияды.

IV. Жаңа тақырыпқа есептер шығару.

№1 тапсырма

№2 тапсырма

№3 тапсырма

Жауабы: шексіз көп түзулер жүргізуге болады.

№4 тапсырма

Жауабы: бір ғана түзу жүргізуге болады.

№5 тапсырма

V. Сабақты қорытындылау: Тест тапсырмалары

  1. Жазықтықтағы негізгі геометриялық фигураларды атаңдар.

А) нүкте, түзу В) нүкте, сәуле С) түзу, сәуле

2. Нүктелерді қандай әріптермен белгілейді? Түзулерді ше?

А) Латынның бас әріптерімен, латынның бас әріптерімен

В) Латынның бас әріптерімен, латынның кіші әріптерімен

С) Латынның кіші әріптерімен, латынның кіші әріптерімен

3. Қандай түзулерді қиылысатын түзулер деп атайды?

А) Ортақ нүктесі болмаса В) Параллель болса С) Ортақ нүктесі бар болса

4. Қиылыспайтын түзулер деп қандай түзулерді атайды?

А) Ортақ нүктесі болса В) Ортақ нүктесі жоқ болса

С) Екі ортақ нүктесі болса

5. Қандай түзулерді параллель түзулер деп атайды?

А) Қиылысатын В) Ортақ нүктесі бар түзулер С) Қиылыспайтын

VI. Сөзжұмбақты шешу.

  1. дөңгелек
  2. сәуле
  3. конус
  4. пирамида
  5. шеңбер
  6. нүкте
  7. бұрыш
  8. цилиндр
  9. тақия

VII. Үйге тапсырма: №14, №15, №16 сұрақтарға жауап беру.

VIII. Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Шеңбер элементтері, шеңбер мен түзудің өзара орналасуы және хордаға перпендикуляр диаметр теоремасы
Стериометрия аксиомалары және түзудің кеңістіктегі орналасуы
7-сыныптың сабақ жоспары: Екі шеңбердің өзара орналасуы
Түзулердің өзара орналасуы: параллельдік, қиылысу және перпендикулярлық
Нүкте, түзу, сәуле және кесінді: 1-сынып математика сабақ жоспары
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы: қиылысу, параллельдік және перпендикулярлық шарттары
7-сынып: Сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы және коэффициенттерге тәуелділігін негіздеу
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы: бұрыштық коэффициент k және ығысу l-тің әсері
9-сынып геометрия: Жазықтық пен түзудің перпендикулярлығы - сабақ жоспары
9-сынып геометриясы: Жазықтықтағы түрлендірулер - қозғалыс, центрлік және осьтік симметрия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz