Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қойшы бала

Лаханова Роза Коспановна
Шардара ауданы <<Балбөбек>>
Балабақшасының тәрбиешісі
Ашық сабақ ересектер тобы.

Тақырыбы: <<Бәрін білгім келеді>>.
Білімділік мақсаты: Балалардың санасындағы туған республикамыз туралы мағлуматтарын кеңейту. Тәуелсіздік егеменді ел болғандағы ұлтымыздың болмысын бейнелейтін нақыштарды дұрыс түсіну туралы білімдерін дамыту, балалардың сөздік қорларын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, сөзден сөйлем құрауға дағдыларындыру.
Дамытушылық мақсаты: Еліміздің қалаларының атауларыг дұрыс атап, ұлан ғайыр жерді алып жатқан табиғатын, тұнып тұрған жер байлығы бай ел екендігі туралы және әрбір қалаға жеке сипаттама беруге баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Туған өлкеге, туған Отанға деген балалардың зейінін аудара отырып, балаларды Отаншылдық нығайтуға баулу. Өз туған Республикасын білуге, туған жеріне, туған қаласына деген көңілдеріндегі мақтаныш сезімдерін ұялату.
Костілділік компонент: Отан-родина, туған-родной, күріш-рис, бидай-пшеница, алма-яблоко.
Сөздік жұмыс: Есіл, бәйтерек, қамшы, қоржын, қойшы бала.
Жабдықтар: қоржын, қамшы, карточкалар.
Мотиватциялық қозғаушылық.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Кәне, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.
Ал енді балалар, бір-біріміздің қолымызды ұстап, алақан жылуы арқылы да бір-бірімізге жылы лебіздер білдірейік!
-Армысың бақ дәулетті жерім менің.
-Армысың асқар тауым, көлім менің.
-Армысың еңсілі елім менің!
-Еліме тыныштық тілеймін!
-Күніміз жарқын болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Көк туымыз биік болсын!
-Бәріміз дос болайық!
-Бәріміз тату болайық!
Ұйымдастыру - іздестіру.
Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Балалар ойын ойнайды. Ойынның аты <<Ғажайып қамшы>>. Включаю музыку веселую казахскую.
(Әуен ойнап тұрып, тоқтап қалса, қамшы кімнің қолында болса, сол бала сұраққа жауап береді).
Біздің Республикамыз қалай аталады?
Ел басымыз кім?
Ел ордасы қай қалада?
Біз қандай қалада тұрамыз?
Біздің балабақшаның аты қалай?
Қазақстанның қандай қаларын білесіңдер?
Қалалардың атын айтады.
-Ал енді сендер осы қалаларға саяхатқа барлығың келе ме?
-Балалар, саяхатқа немен барсақ болады?
Пойызбен саяхатқа барады.
-Балалар мен бүгін саяхатқа пойызбен барлығым келіп тұр.
Сендер пойызбен барғыларын келе ме?
Пойыз дауысты естіледі. Топты бір айналып, орындарына келіп отырады.
-Балалар міне қаламызға де келіп жеттік.
Балалардың қөңілін тақтадағы картадағы аударады.
Балалардың қөңілін тақтадағы картаға аударады.
-Балалар сендер нені көріп тұрсыңдар?
-Картада не бейнеленген?
Қала, тау, өзен, көл.
Есік қағылады қойшы бала келеді.
Қолында суреттер мен флешка.
Қойшы бала:-Балалар, сәлеметсіздер ме! Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен қойшы баламын, менің кәсібім қой бағу. Мен сендер сияқты еш нәрсе біле қоймаймын. Менде бірнеше сұрақтар бар, сендерден соны білгім келеді. Мынаны тауып алдым ол не зат екенін білмеймін. Сендерге сыйлық та ала келдім.
Педагог: Қойшы бала, кел отыр сенің сұрағыңа біздің балалар жауап бере алады.
Ойын <<Ғажайып алаң>>.
Үстел үстін қазба байлық өнімдері жайлы айту.
Ойынның шарты: кеглиді айналдырып, бағыт қай жақты көрсетеді, сол зат қай қалада өсір-өніп, сондай ақ, өндірілетінін айту керек.
Алматыда алма бағы бар, алма өседі.
Қарағандыда көмір шығарылады.
Шымкентте мақта өседі.
Қызылордада күріш өседі.
Көкшетауда бидай өседі.
-Балалар жаңа біз қалалар туралы айттық. Енді сендер осы қалалардың қандай болғанын қалайсыңдар?
Олай болса қазір біз өзімізге ұнаған қалаларымызға түймедақ гүлін жапыстырамыз.
Әдемі, көрікті, әсем.
-Балалар қарандаршы, қай қалаға гүл көп жапсырылды. Қане санайық. Жарайсыңдар балалар.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Құс болып қанат қағайық.
Астананың төріндегі
Бәйтерекке ұқсайық.

-Балалар , кім Отан туралы тақпақтар біледі?
Амина: Отан-туған еліміз.
Отан-туған жеріміз.
Отан-ортақ үйіміз.
Көңілді ән мен күйіміз.
Айару: Отанымның төрінде.
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам.
Әсем қалам, бас қалам.
Бекзат:
Отан-жерім, Отан-суым.
Отан-қуат, нәр береді.
Отан-ұран, Отан-туым.
Отан мәңгі гүлдененді
Ержүрек:
Отан-сенің ата-анаң.
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң.
Отан-аудан, ауылың.
Әділ: Астана-арман қала.
Бағы бір жаңған қала.
Тұрады ол жап-жасыл боп.
Мен үлкен болғанда да.
Айару : жап-жасыл ағашы.
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар.

Дастарханға нан қайдан келетінін сендер білесіңдер ме?
Қазір сұрақтарға жауап берейік. Мұнда суреттер берілген, сендер соны рет-ретімен тізбектеп қойып, айтып берулерің керек. (Комбайн, егін, диқан, диірмен, наубай, дүкен, үй). Балалар тапсырманы тақтада орындайды.
Қойшы бала: Балалар мен сендерден көп ніәрсе үйрендім. Қалалардың аттарын білдім. Менің сендерге дайындаған сыйымды апайларыңа беремін балабақшаларыңа барып ауыз тиесіңдер. Қош сау болыңдар!
-Балалар енді біздің балабақшаға оралатын кезіміз жетті. Қане пойызымызға мініп қайтайық.
Рефлексивті-түзетушілік.
Барлықтарың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.
Енді Қойшы баланың сыйлығын таратуға болады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Балалар санасындағы туған республикамыз туралы мағлұматтары кеңейді. Тәуелсіздік егеменді ел болғандағы ұлтымыздың болмысын бейнелейтін нақыштарды дұрыс түсінді. Балалардың сөздік қорлары артты, тіл мәдениеті жетілді, сөзден сөйлем құрауға дағдыланды.
Қандай түсініктерді игерді:Еліміздің қалаларың атауларын дұрыс атап, ұлан ғайыр жерді алып атқан табиғатын, тұнып тұрған жер байлығы бай ел екендігі туралы, және әрбір қалаға жеке сипаттама беруге қаланы дұрыс көрсетуді жалғастырды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Туған өлкеге, туған Отанға деген балалардың сүйіспеншілігі артты, балалар Отаншылдық рухта тәрбиеленеді. Отанды сүюге, қорғауға достығымызды нығайтуға дағдыланды. Өз туған Республикасын білуге, туған жеріне, туған қаласына, деген қөңілдеріндегі мақтаныш сезімдері ұялады.

Ұқсас жұмыстар
Ә.сәрсенбаев «халық кегінің күйшісі»
Ауыз әдебиет түрлері
Сазды аспаптар сыры
Керқұла атты Кендебай, ертегі
Ата - аналарға кеңес
Айтшы әжетай
Батырлық пен өжеттілік
Мұзбалақ ақын мұқағали мақатаевтың өмірі, шығармашылығы
Тойды бастаушы бала
Ғарыш
Пәндер