Балалардың жүмысы

Білім беру саласы: Денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық, әлеумет

Тақырыбы: көлік түрлері

Мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытудың қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан - жақты білімдерін кеңейту.

Өзін - өзі көпшілік ортада ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, үнтаспа, ойын элементтері (машина рөлі, гараж), жол макеті.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Әрекет кезеңі: Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

- Балалар, сендер күннен әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма? Балалар хормен, қимыл, іс - әрекет арқылы көрсетеді.

Сәлем саған алтын күн!

Сәлем саған көк аспан!

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған достарым!

- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Жақсылықты үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан.

Балалардың іс-әрекеті.:

Балалар тәрбиешімен бірге қимлдарын жасайды.

Әрекет кезеңі:

Іздену-ұйымдастырушы

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

- Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.

- Көлік дегеніміз не? Ол адамға неге қажет?

- Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?

- Енді, мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Біздің қазақ халқы ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа - сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.

- Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.

Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер. Сендер оларды атап көріңдер. Жұмбақ:

1. Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр.

- Автобуспен қайда баруға болады?

- Ол қайда тоқтайды және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?

2. Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.

- Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?

Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат, түйені көлік қылып мінсе, үндістер пілді, ал кейбір шығыс халқы есек, бұқаларды көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған, ат арба онымен адамдар шөп, ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.

Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге болады мысалы:суда жүзетін, жерде жүретін, әуеде ұшатын және жер асты көліктері.

Жерде жүретін көліктерге:

Жеңіл көлік, велосипед, пойыз,

автобус, троллейбус, жүк көлігі.

Әуеде ұшатын көлік түрлеріне :

Ұшақ, тік ұшақ, зымыран.

Суда жүзетін көлік түрлеріне:

Кеме, қайық жатады.

Жер асты көліктеріне : метро.

Тосын сәт. (Дымбілмес кіреді)

СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ.

Қане кімнің бойы ұзын

Паровоз ол поездің

Қатар-қатар тұрайық

Пойызді біз құрайық

Ал паровоз баста алға

Бәрімізді басқарда

Пш-пш пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде

Пш-пш пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік.

-Балалар ойын ұнадыма?

-Тағы ойнаймызба?

-Өте жақсы енді орнымызға жайғасамыз балалар көліктердің пайдалы да зиянды жақтары бар.

Пайдалы жағы :

адамдар баратын жерлеріне осы көлікпен жетіп қалады. Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз, өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз.

Зиянды жағы :

көліктерден шыққан түтін, улы газдар қоршаған ортаның ауасын ластайды,

адамдардың ағзасына яғни ден саулығына кері әсерін тигізеді.

Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап адамдар қаза табады

, сондықтанда жолдан откенде абай болып өткен жөн. Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек.

Балалар ойнайды.

Сапқа тізбектеліп тұрады.

Пойыз кетіп барады

Жан жағына қарады

Бағдаршамда қызыл жанғанда

Пойыз тоқтап қалады.

- Қызыл - тоқта

- Сары - дайындал

- Жасыл - жүресің.

- Жаяу жүргіншінің өткеліне өту керек (пешеходный переход)

- Автобустың артқы жағынан өту қажет. Жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып қалташаларға салады.

- Балалар жолаушылар жүретін көліктерде өз ережелері бар :

1. Автобус, пойыз, троллейбусқа мінгенде міндетті түрде жол ақысын төлеу керек.

2. Үлкен адамдарға орын беру керек.

3. Қатты сөйлеуге, жүруге болмайды.

4. Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек.

Балалар мен жұмбақ жасырайын сендер сол жұмбақтардың шешуін табыңдар.

1-Төбесінде күндегі

Жалғанған желігі

Қабырғада күндегі

Нұр шашақан төрінде

2. -Әкемнің тор тайы

Май жалап су ішкен

Тоқтамай жортады.

3. -Құстан аумайды

Көкте зулайды.

4. Екі аяқты жануар

жаны жоқ басқан

ізі


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогтың даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысы
Әдістемелік кеңес отырысы
Инклюзивті сыныптардағы білім беруді ұйымдастыру
Сынып жұмысы
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы бала тілін дамыту
Балалар жұмбақты түзетімдеуші
Зиятында ауытқушылықтары бар балаларға диагностика жасау
Президент күні. даярлық тобы
Көмекші мектептегі сөйлеу терапиясының ерекшелігі
Табиғат – сұлулықтың таусылмас қайнар көзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz