Табиғат арқылы мейірімділік пен қоршаған ортаға қамқорлыққа тәрбиелеу

Мейірімділікті табиғаттан үйренейік
Сабақтың мақсаты: Табиғатқа қамқорлық жасау туралы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- жағымды қарым- қатынас дағдыларын дамыту.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ермексаз, түрлі-түсті қағаз, қайшы, үнтаспа, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбер
Балалар шеңбер құрады, бір-бірімен сәлемдесіп «Табиғат» өлеңін қосылып айтады.
Табиғатты қорғауға біз жарасқан,
Қорық жасап берер едік, қала сан,
О, адамзат туған үйің т абиғат
Талап етер бізден биік парасат.
ІІ. Мәтінмен жұмыс;
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Төрт тілек» мәтінін оқып беру. Мәтін бойынша сұрақтар қою. Балалар сұрақ бойынша жауап береді.
Сұрақтар:
1. Сен қай мезгілді ұнатасың?
2. Табиғатқа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіресің?
(Балалардың жауаптары тыңдалады)
ІІІ. Тыныштық сәті:
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
ІҮ. Дәйексөз .
Оқушыларға «мейірімділікті табиғаттан үйрен» деген халық нақылын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Табиғат бар тіршілік иелеріне мейірімді, біз мейірімділікті табиғаттан үйренейік.
Ү. Шығармашылық жұмыс:
І топ ермексазбен жұмыс жасайды
ІІ топ құрастырма қағазбен жұмыс жасайды.
Екі топтың жасаған жұмыстарын әр топтан бір оқушы шығып талдайды.
ҮІ. Ойын-жаттығу. (Интеративтік тақтадағы тапсырмалар орындайды) .
Қорытындылау: Біз қоршаған ортаның бәрі керемет жаратылыс, табиғат екенін танып білдік. Табиғаттың бар тіршілік иелеріне берері мол екенін түсіндік. Ал, ең бастысы - Табиғат -Ана бізге күш қуат пен денсаулық беретінін білдік. Табиғат бізді мейірімділікке, үйлесімділікке, үйрететініне көзіміз жетті.
Жүректен жүрекке:
Балалар табиғаттан не үйренгендерін кезектеп айтады.
Мен күннен мейірімділікті үйрендім.
Мен құстардан ән салуды үйрендім.
Мен көбелектен әдемілікті көріп, үйрендім.
Мен жерден төзімділікті үйрендім.
Мен судан тазалықты үйрендім.