Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Балалар көздердіңді жұмыңдар
Тақырыбы: Күн, ауа және су - біздің достарымыз!
Мақсаты: ауа, су, күн және олардың маңызы туралы балалардың білімдерін тереңдету. Ауа туралы ұғымды түсәндіру, су - тіршілік көзі екендігін, оның пайдасы туралы білімдерін кеңейту. Күннің жылу және жарық беретіндігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: суреттер, айна, шар, электр шәйнегі, глобус.
Тәрбиеші:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастайын.
Балалар қонақтармен амандасады:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, апайлар!
Тәрбиеші: Балалар, бір-бірімізге таңғы жылы тілектерімізді білдірейік.
Балалар:
1. Аспаның ашық болсын!
2. Күніміз жарқырасын!
3. Деніміз сау болсын!
Тәрбиеші:
Балалар, жарайсыңдар! Мен де сендерге әрқашан жақсылықтар тілеймін. Балалар, мен сендерді ойын ойнауға шақырамын. <<Тамаша күн>> ойыны.
Ойынның шарты: Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына бір-біріне бас бармақтарын көрсете отырып, <<Тамаша>> деп жауап береді.
- Баланың көңіл-күйі қандай?
- Күзде күннің жарқырағаны қандай?
- Қыста тонғанда күннің жерді жылытқаны қандай?
- Көктемде күннің жерді жылытқаны қандай?
- Жазда теңізге барғанда күннің қыздырғаны қандай?
- Күн жақсы ма?
Тәрбиеші:
Бізді қоршаған орта - табиғат деп аталады. Ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай-ақ жан-жануарлар мен құстар, жәндіктер. Ал біз қзімізді табиғаттың бір бөлшегіміз деп айта аламыз.
Тәрбиеші:
Балалар біз бүгінгі сабақта табиғат бұрышына серуендеуге шығамыз. Алдымен біз тірі табиғат пен өлі табиғатты еске түсіріп алайық.
1. Тірі табиғатұа нелер жатады? (жан-жануарлар, құстар, өсімдіктер)
2. Өлі табиғатұа нелер жатады? (ауа, тас, су, күн т.б.)
Жұмбақ.
1. Өмірде одан басқа мол ештене болмайды,
Құшақтасаң құшағыңа толмайды. (ауа)
2. Бар ма жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ болса өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
Тәрбиеші:
Балалар, менің сұрақтарыма мүдірмей жауап бердіңдер, жқмбақтың дұрыс жауабын таптыңдар.
Балалар енді, барлығымыз аузымыды ауаға толтырып алып, өсімдік жапырақтарын үрлеп көрейікші.
Балалар өсімдік жапырақтарын үрлейді.
Тәрбиеші:
Балалар, міне көрдіңдер ме, жапырақтарды сендердің ауыздарыңнан шыққан ауа қозғап тұр. Далада өсімдік бұтақтарын жел қозғайды. Жел ауаның жылдам ескен күйі екен. Балалар, бөлмеде біздің аяғымызбен шаң көтеріледі, ал осы бөлме өсімдіктері осы шаңды жұтып, оның орнына бізге таза ауа бөледі. Яғни бөлме қсімдіктері ауаны тазартады.
Енді балалар орнымызға жайғасайық. Балалар, айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз бе? (жоқ). Олай болса ауа жайлы түсініктеріңізді іс-тәжірибемен толықтырамыз.
1-тәжірибе: Әр баланың қолына үрлемелі шар беріледі. Балалар өздері шарды үрлеп. Ауаны шығарып, тәжірибе жасайды.
2-тәжірибе: Әр баланың қолына айна беріледі. Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткізеді.
3-тәжірибе: Судың қайнап буға айналып ауаға тарайтынын көрсету.
СЕРГІТУ.
Табиғат, табиғат,
Тамаша ғой табиғат.
Табиғатта ойнаймыз,
Гүлдей өсіп жайнаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар көздердіңді жұмыңдар. Ненің дыбысын естіп тұрсыңдар. (Суды екі ыдысқа құйып сапыру). (Су сылдыры).
- Олай болса келесі әңгімеміз су туралы болмақ. (Глобусты көрсету). Глобусты көрсету). Глобуста көгілдір түспен не белгіленіп тұр? (су): салыстырып көрейік - жер кқп пе, әлде су көп пе? (су). Су өмір бойы айналымда болады. Су жаңбыр, қар күйінде жерге түседі, өзен-көл теніздерді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып ұайта оралады. (Екі-үш өсімдікке су құйып кқрсету). Жаңа табиғат бұрышында өсімдіктерге ауа қажет екендігін түсіндік. Енді міне су да қажет екен. Ал бөлме өсімдіктерін біз үнемі бөлмеде қайда қоямыз (терезе алдында). Міне, балалар, терезеден түскен күн өсімдікке жылуын және жарығын береді. Оған біз үшін су құямыз. Ал өсімдік бізге жұтатын ауа береді. (Балалардың мұрны мен ауыздарын өз қолымен басуын сұрап, ауасыз тыныс алу мүмкін емес екендігін түсіндіру). Иә, біз ауамен тыныс аламыз. Міне, балалар, ауа, су, күн - өмір нәрі екен.
Ауа, су, күн туралы тақпақтар айтқызу. Тілек айту.
Сабақты қорытындылау:
- Балалар, сендер табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
- Тау бұлағымен сәнді, көл құрағымен сәнді.
- Жер құтты болса, мал сүтті болады.
- Жер - ана, ел - бала.
Дәйексөз: Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға адамзаттың тілі жоқ.
Балалар табиғатқа өз ризашылығын білдіреді.
- Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
- Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
- Жер, саған жомарттығың үшін рахмет!
- Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
- Таза ауа, саған рахмет!
- Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!
- Құстар, тамылжыта салған әндерің үшін рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz