Алтын қақпа ойыны

Тақырыбы: Тәрбие отбасынан басталады
Мақсаты: Халқымыздың отбасында балаларын тәрбиелеу ерекшеліктері жайлы мағлұмат беріледі.
Міндеттері:
1. Ұрпақ тәрбиесі туралы мағлұмат алады.
2. Ата-ана берген тәрбиені дұрыс қоя білуге жаттығады, үйренеді.
3. Сүйіспеншілікке, жылылықты ұялата білуге, ата-ананы құрмет тұтуға, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиеленеді.
Түрі: “Алтын қақпа” ойыны
Әдіс-тәсілдері: ойын, ән, көрініс, әдеби монтаж.
Көрнекілігі: алтын, тас, күміс қақпа, сандық, тәрбиелі сөздер.
Барысы:
1. Қазақстан Республикасының әнұранын айтуға дайындал!
2. Әнұран айтылады.
3. Тақырыбы таныстырылады.
- Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата-аналар!
- Қош, келдіңіздер, жиналған қауым!
- Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге қарап марапатты бастар күн
“Тәрбие отбасынан басталатын”
Тәрбие сағатын мәңгі есте сақтар күн.
-О, ата-анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
-Ата-ана алдындағы әдептілік-баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау - елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.
Хормен: Қымбатты, ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз - сіздерді құрметтеу.
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Ән: «Келші, келші, балашым» Е. Хасанғалиевтікі.
ІІ. 1. «Алтын қақпа» ойыны арқылы жүргіземіз. Ол төрт сатыдан тұрады.
1-ші - тас қақпа тапсырмалары.
2-ші - күміс қақпа тапсырмалары.
3-ші - алтын қақпа тапсырмалары.
4-ші - сандықтағы жасырылған не құпия?
Осы 3 қақпа ашылса сандықтағы құпия сұраққа жауап бере алсақ «Алтын қақпа» сыйына ие боламыз. Ал, іске сәт!
2. Ендігі кезекте «Тас қақпа» тапсырмалары ретінде ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрейік:
«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды!»
-Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адам да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Ата-ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
-Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
-Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы
-Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
-Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол - қорлық.
-Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас, туыстарыңды сыйлап жүріңдер.
Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың,
Ана-жарық дүниеге әкелуші.
* Тас қақпа ашылады.
ІІІ. 1. «Күміс қақпа» тапсырмасына көшелік «Қария мен бала» арасында қандай өнегелі әңгіме болған екен назар аударайық.
-Ата, өзіңізбен ала кетіңізші!
-Сен әлі жассың!
-Ата, маған сұрақ қойыңызшы!
Балам үйдің алтын қазығы кім?
- Ата, үйдің алтын қазығы - бала.
Жоқ, үйдің алтын қазығы - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана - тәрбиесі - қызға үлгі, әке тәрбиесі - ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-қамқоршың, аға-қорғанышың, інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың екенін ұмытпа!
Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
-Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке.
-Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол - ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
-Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
-Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су-тіршіліктің нәрін береді, от-өмірге жалын береді, тұз-астын дәмін келтіреді, қыз-өмірдің сәнін береді, ақыл- өмірдің мәнін келтіреді.
Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтар екен?
-Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Адамға ақыл беретін кім, балаларым?
-Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз-досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Ал, өмірде не жетім? сұрағына өзім жауап берейін.
-Өмірде жеті жетім бар:
1. Ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім.
2. Халқына сенімсіз болса, хан жетім.
Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.
3. Суы жоқ - құдық жетім.
4. Шәкіртсіз - ұстаз жетім.
5. Досы жоқ - жігіт жетім.
6. Қызы жетесіз болса, ана жетім.
7. Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
-Иә, балаларым, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен балаларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер! Әумин!
Күміс қақпа ашылады.
ІҮ. «Алтын қақпа» тапсырмасы- «Бала тәрбиесі - бесіктен» кезек берейік.
Бала тәрбиесі - бесіктен, - дейді қазақ әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше, біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек:
- Ата-ананы ренжітпе
- Түнде суға барма
- Таңдайыңды қақпа
- Кісіге қарап есінеме
- Дастарқанға қарап жөтелме
- Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе
- Нанды баспа
- Табаныңды тартпа
- Қолыңды төбеңе қойма
- Ошаққа су құйма
- Бас киіммен ойнама
- Бос бесікті тербетпе
- Малды теппе
- Бүйіріңді таяңба
- Кешқұрым ұйықтама
- Айға қолыңды шошайтпа
- Үйге жүгіріп кірме
- Біреудің иығын баспа
2. Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді білетін оқушыларымызды тыңдап көрелік.
- Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі, бұл баланың түп негізі ата-ана болып табылады.
- Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.
- Сен ата-анаңның еңбегін дін жағынан өтей алмасаң оза ақыл-санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.
- Борыш - ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсаң, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын ұмытпа
Бәрі: Құрметті, әке-шеше, атына кір келтірмеуге ант етеміз!
Алтын қақпа ашылады.
Ү. 1. Мұнда алтын сандық тұр ғой, онда қандай тапсырма, жасырылған екен, оқып көрелік!
а) Ата-ана балаларға қандай ақыл айтар едіңіз?
Қазақ отбасында тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.
1-ден тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына «әдепті бол» дегенді басты міндет еткен.
2-ден баланы мейірімді, қайырымды, иманды болуға тәрбиелеген.
3-ден тіл алғыш, елгезек болуға баулыған.
4-ден адал, шыншыл болуға үйреткен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz