Ыбырай атамызға хат

Сабақтың тақырыбы: “Аға ұрпақ бізге үлгі”
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Ұлы жеңісті дәріптеу. Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істерін үлгі ету. Өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларды Отанын сүюге, елін қорғауға баулу. Бейбітшілік туралы түсініктерін тереңдету.
- Дамытушылық:Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
- Тәрбиелік:Оқушылырды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, елін, жерін, Отанын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, интернационалдық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлы Отан соғысының батырлары атты сурет - альбом, көрнекі мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз
Жеңіс . . Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді.
Қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде - кем. Жүз мыңдаған ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағызым етейік (1 минут) . Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Дәл осындай жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіңе алмақ сол бір апат қайғыны.
1 - Оқушы: 1941 жылы 22 - маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
2 - Оқушы: Отанымызға қатер күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер - азаматтары майданға аттанды.
3 - Оқушы: Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылады. Партизан отряды құрылды. “Бәрі де майдан үшін” деген ұран тасталды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
4 - Оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
5 - Оқушы: Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.
6 - Оқушы: Еңбек армиясы негізінен қорғаныс кәсіпорындарын, темір жолдарды, электр станцияларын салуға қатысты. Ал, арнайы құрылыс батальондарының көпшілігі майдан жеріндегі қираған темір жолдар мен басқа да әскери объектілерді салуға, жөндеп қайта іске қосуға қатысты.
7 - Оқушы: Соғыс жылдары Қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Мамышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.
8 - Оқушы: Ығысқан Жауы түрінен,
Бауыржан батыр қол бастап.
Москваның түбінен,
Ерліктер жасап ол асқақ.
Волоколам жолында,
Жауымен талай арбасқан.
Іздері бар артында,
Бауырлас ізгі ерлердің
Іздерін қалай шаң баспақ.
9 - Оқушы: Өр кеуде, отты жүрек, батыр Мәлік,
Зор даңқын дүниені кетті жарып.
Майданда, ризамыз, ойнадық сен,
Бейне бір найзағайдай жарқыл қағып.
10 - Оқушы: Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы мен төрт ұлттық атты әскери дивизиясын, 7 атқыштар бригадасы соның ішінде 2 ұлттық атқыштар бригадасы бар, әр қилы әскери түрлерінің 50 - ге жуық полктері мен батальондары құрылып, майданға аттанды.
11 - Оқушы: Біздің даңқты жерлесіміз Шыңғыстың батыры да, өжет қызының бірі Әлия Молдағұлова 1925 жылы қазіргі Әлия Молдағұлова ауылының Бұлақ бөлімшесінде дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айырылған. Ол нағашысы Әбубәкірдің қолында өскен. Әлия Молдағұлованың оқушылық өмірі Ленинград қаласында өтті. Осы жерден 1943 жылы майданға ұрысқа аттанады.
12 - Оқушы : Полковник Уральский бастаған 54 атқыштар бригадасы - Пелов облысының Казачиха селосында бекініп жатқан жау әскеріне қарысы шабулға шықты. Осы ұрыста 18 жасар Сарбаз скайнер Әлия Молдағұлова қаза тапты.
13 - Оқушы: Твердің орманы жас, жері кәрі,
Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.
Сол жерге Әлияның қаны сіңді,
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
14 - Оқушы: Даламыздың даңқысын,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен оқ жұлдыз.
15 - Оқушы: Шығыстың қос жұлдызының бірі Мәншүк Мәметова,
Сілкініп зеңбіректер жердің жүзін.
Оқ барып снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
16 - Оқушы : Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен,
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен. өзц
Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,
Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен.
Мұғалім: Отанды сүйіп қастерлей біліңдер. Ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатпен болыңдар. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.
17 - Оқушы : Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
18 - Оқушы : 1945 жылы 30 сәуірде рейхстаг үстіне Р. Қошқарбаев теккен жеңіс туы желбіреді.
19 - Оқушы : 8 - мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы 9 - мамыр күні бұрын сонды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
20 - Оқушы : Жеңіс деген жақсылықтын сыңары!
Жігерленген құштарлықтын құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Мұғалім: Балалар, Отан, батырлық, ерлік туралы кім мақал - мәтел біледі? (Оқушылар жаттаған, білетін мақал - мәтелдерін айтады) .
Қорытынды: Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әруақытта есінде сақтайды. өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанның даңқы ерлік пен қаһармандықтың даңқы.
“Менің Қазақстаным” әні орындалады.
Жасұландар ұйымы
- Топтың аты:Міржақып Дулатов
- Ұраны:“Атаның ұлы болма
Адамның ұлы бол”
- Бастаушы:Үмітпебектегі Нұрсұлтан.
- Жасұландар:Абдрахманова Әсем
Адилова Риза
Алтынбекова Назгүл
Амирханова Фархат
Әшімбаев Ерасыл
Бектұнғанова Райгүл
Болатбек Дана
Жағыпарова Диана
Көбешова Әсел
Қайролдина Айсұлу
Қалмасқарова Берікжан
Маратова Дина
Мұратова Маржан
Мырзанова Мархабат
Нұрланова Еркебұлан
Оразбаева Маржан
Орынбасар Балнұр
Сатбекова Мөлдір
Сағындықов Ернар
Серікбеков Мәди
Сүлейменов Рүстем
Сағындықов Руслан
Төкенова Әсел
Уадекова Аяулым
Жасұландар анты.
Мен,
Жасұландар ұйымына ене отырып, достарымның алдында салтанатты түрде ант беремін.
- Жасұландар дәстүрін насихаттауға және жалғастыруға!
- Мектеп пен қоғам мүліктерін, көздің қарашығындай сақтауға!
- Әрқашан талапты, қажырлы, еңбекқор, батыл болуға!
- Отанымыздың тарихын, тілін, салт - дәстүрін, ұлттық бай мұраларын оқып білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, жауапкершілігі мол, парасатты азамат болуға ант беремін!
Жасұландар жыры
- Жасұландар, жас қайратты елімнің,
Тәуелсіздік үні көкке шырқаған.
Маңдайынан туған жердің самалы,
Аялайды анашымдай сыйлаған.
Қайырмасы:
Алға жас ұлан,
Туың қолыңда.
Алға жас ұлан,
Жеңіс жолында.
- Сен барасың аяғыңды нық басып,
Қыран мінез ұландарың соңында.
Тұр алдыңда бақыт таңы нұрланып,
Екпінде, Жасұландар, адымда.
Қайырмасы:
Алға жас ұлан,
Туың қолыңда.
Алға жас ұлан,
Жеңіс жолында.
Сабақтың тақырыбы: Жазушы Дулат Исабековтың “Ата үміті” әңгімесі бойынша сот сабағы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Жазушы Дулат Исабековтың “Ата үміті” әңгімесін оқу.
- Дамытушылық:Оқушыларды жаңа сабақты жаңа қырынан тани білуге дағдыландыру. Өзіндік ой - пікірлерін қорғай білуге үйрету.
- Тәрбиелік:Әңгіме кейіпкері Омаштың іс - әрекетіне талдау жасау, Омаштың іс - әрекетіне азаматтық ар соты тұрғысынан, ҚР - ның Ата Заңы бойынша және мұсылмандық діни парыз тұрғысынан баға беру. Адамгершілікке, адалдыққа баулу. Құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Қайталау - жинақтау сабақ.
Сабақтың түрі: сот - сабақ.
Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау.
Көрнекіліктер: ҚР - ның Конституциясы, мақал - мәтелдер. “1001 хадис” кітабы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыз құрылысы жағынан өзгеше сабақ болғалы тұр. Сот - сабақ. Біз бүгін әңгіме кейіпкері Омашты айтамыз. Біз Омаштың жасаған қоғамға жат қылықтарының қаншалықты дұрыс еместігін ҚР - ның мемлекеттік Ата Заңына және мұсылман дінін уағыздаушылардың сөзіне сүйене отырып дәлелдейміз.
Сотты сот залына шақырамыз.
Бірінші сөз айтпаушыға беріледі. Ол әңгіме мазмұнына сүйене отырып Омашты айыпты деп табады.
Айыптаушы: “Ата үміті” әңгімесіндегі Тоқсанбай қарт пен Еркешбайға кездескеннен - ақ шал мен балаға көп кедергілер жасайтын Омаш әңгіме аяғында Тоқсанбай қарт пен немересінің еткен еңбегі мен үмітін жоқ қылып алдап кетеді. Әңгіме барысында Омаштың адамгершілікке жат іс - әрекеттерін тағы да қайталанып отырады. Омаш шал мен баланы қорқыту арқылы оларды өзімен бірге ұрлық жасауға итермелейді. Өзі ешкімнің рұқсатынсыз бөтен адамдардың есегі мен арбасын өз мақсатына пайдаланады. Айтқан сөзіне көнгісі келмеген қарт пен баланы қорқытады. Қарт пен баланың ақ адал еңбегін еш етіп, олардың ақшасын бермей “ұрлап кетті”, “тонап кетті” деп бала мен қартты алдайды. Омаш - қоғамға пайда әкелмейтін опасыз, зиянды адам.
Омашты айыпты деп тану үшін оған тағылған айыптарды жеке дара анықтап алуымыз керек. Омаштың іс - әрекетіне әңгіме бойынша талдау жасаған сарапшыларға сөз берейік.
1 - сарапшы:
Алғаш Тоқсанбай қарт пен Еркешбайға кездескеннен - ақ Омаш өзінің әдепсіз, тәрбиесіз екендігін көрсетті.
- Әй, мені . . . Мені шотпен . . . аха - аха - ха - ха . . . шотпен ұрмақ! Уһ - уһ - уһ, ішім - ай . . . Катюшамен атпаса анау - мынау мылтыққы өле қоймаймын. Ал бұлар . . . Шотпен! - Ол шалдың қолынан шотты алып аспанға лақтырып жібереді де, сабынан қайта қағып алды.
- Ал, ішке кірейік. Қарыным да ашты, жейтін бірдемелерің бар ма еді?
Бұл үзіндіден оның әдепсіз, мәдениетсіз екенін көреміз.
2 - сарапшы:
Омаш өзінің қолын сұғанақ, ұры екенін әңгімеден ашық көресіз.
- Көрдіңіз бе, бір түнде қырманыңызға бір арба дермене бір - ақ төгілді. Құмырсқадай қыбырлап жүріп, осыны немереңіз екеуіңіз үш күн орар едіңіз. Білем ғой, білем мен істің өнер жерін! - Ол масаттанғандай шалдың иығынан ұстап ақырын күліп қойды. Бұл арада ол елдің еңбектеніп орған дерменесін шалдың қырманына әкеп түсіреді. Оған өзі қуанады. Оның бұл әрекетінің ұры екенін білеміз.
3 - сарапшы:
- Жылама иттің күшігі! Сендерге жақсылық ойлап түн ұйқымнан безіп жүрсем, оны жамандық деп ұққан екенсіңдер. Мен сендермен басқа тілде сөйлесейін! . . .
- Ол қуыс құлақ күректей алақанымен оның бетінен салып жіберді.
- Қалай, кетесің бе?
- Ата - а - немересі бетін басып атасына тығылды.
Бұл жерде Омаш Еркешбайға қол жұмсайды. Қорқытып, жәбірлейді.
4 - сарапшы:
Омаш Тоқсанбай қарт пен Еркешке әлімжеттік көрсетіп, қорқытып оларды өзімен бірге ұрлық жасауға итермелейді.
Ендігәрі қит еткен мінезіңді көрсем айтпады деме, мына ілмиген мойыныңды әнеукүнгі жұмыртқадан шыққан балапандай бұрап - бұрап жұлып аламын да отқа лақтырып жіберемін - дейді Омаш. Тоқсанбай қарт пен бала Омаштың айтқанын істейді.
5 - сарапшы:
Омаш, Тоқсанбай қарт пен немересі Еркешбайдың ақшасын бермей алдайды. “Ақшаны алып кетті, тонап кетті” деп бар ақшаны жасырып бермей қояды.
Сөз Омашты қорғаушыға беріледі.
Қорғаушы : Омаштың тәртіпсіздігіне, жасаған іс - әрекетіне оның тәрбиесіз өскенін кінәлайды.
Сот шешім шығарады.
Сот: ҚР - ның Конституциясының қылмыстық істер кодексінің бөгде мүлікті меншіктеу 76 - 4 бап, бөтен адамның мүлкін қасақана жою 187-3 бап, ұрлық 175 бап 3 бөлігі, алаяқтық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz