Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Романтикалық махаббатқа менің көзқарасым

«Сіз қандай құссыз?» тесті

Орындау ережесі: әр адмның бойында табиғат өкілдеріне тән қасиеттер
кездеседі.Бұл тесттің көмегімен өзіңіздің әр түрлі және жарқын тұлғаңызды
тереңірек біліп, құстардың қандай қасиеттері сізге тән екенін біле аласыз.
Тест тапсырмаларын мұқият тыңдап әр сұрақтың соңында берілген үш
варианттағы тұжырымдамалардың біреуін белгілеңіз.

Тапсырмалар:
1. Менің жасым 12-де, мен қыдыруға шығып жатқан едім,анам: «Кеш болды,
сен ешқайда бармайсың» - деді.Сонда мен:
А) Анамнан тағы да жақсылап сұранамын, егер ол өз райынан қайтпаса,
ешқайда бармай үйде қаламын;
Б) өзіме: «Ал менің ешқайда барғым келіп тұрған жоқ» - деймін де үйде
қаламын;
В) Анам ұрысатын болса , мен оған: «Ешқандайда кеш емес, мен барамын
дегеннен соң барамын» - деп шығып кетемін.

2. Келіспеушілік болған жағдайда , мен негізінен:
А) Басқа адамның ойын тыңдап , келісім табуға тырысамын;
Б) Керексіз талас – тартыстан қашамын және өз дегенімді істеу үшін басқа
жолдармен мәселені шешуге тырысамын;
В) Өз бағытымды ашып көрсетіп, әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысамын.

3. Мен өзімді мынадай адаммын деп санаймын:
А) Өзгелерге жағымды және барлық адамдар сияқты болғанды ұнататын;
Б) Әр қашанда өз бетіммен жүремін;
В) Басқаларды өзіне бағындыруды ұнататын.

4. Романтикалық махаббатқа менің көзқарасым:
А) Сүйген адамыңмен бірге болу өмірдегі ең үлкен бақыт;
Б) Жаман емес, бірақ сенен ол көп нәрсені талап етпесе және жаныңа
бататын мінез көрсетпесе;
В) Ол өте керемет, әсіресе сүйгенің қажет нәрсенің барлығымен қамтамасыз
етіп тұрса.

5. Егер менің көңілім бұзылса, онда:
А) Мені жұбататын адам табуға тырысамын;
Б) Оған көңіл бөлмеуге тырысамын;
В) Қатты ашуланамын, айналамдағылар мені жұбата алмаймын.

6. Егер бастық менің жұмысымды әділетті бағаламаса, онда:
А) Ол менің жыныма тиеді, бірақ сыр бермеуге тырысамын;
Б) Менің ашуым келіп, белсенді түрде қорғанамын және өз шағымымды айта
аламын;
В) Мен өкпелемеймін, бірақ оның дұрыс ескеру жасағанын қабылдап, қатемді
түзетуге тырысамын.

7. Кімде – кім кемшілігімді басқаларға айтып мені жәбірлесе, мен:
А) Ашуланамын және үндемей, өкпемді ішімде сақтаймын;
Б) Ашуланып дәл өзі сияқты жауап қайтарамын;
В) Көңілім бұзылып, ақтала бастаймын.

8. Мен іс - әрекетте табысты боламын,егер де мен:
А) Ол жұмысты өз бетімше орындасам;
Б) Лидер,басшы ретінде басқалардың жұмысын басқарсам;
В) Топ құрамында орындаушы болсам:

9. Егер де мен өте күрделі жұмысты бітірсем:
А) Бірден келесі бір жұмысқа өтемін;
Б) Қоршағандардың барлығына мен не бергенімді айтып,көрсетіп шығамын;
В) Мені мақтағанды ұнатамын.

10. Мен сауық кештерінде негізінен:
А) Тыныш қана бір орында отырамын;
Б) Бар оқиғаның ортасында болғанды ұнатамын;
В) Көп уақытымды дастархан жаюға және ыдыс жууға көмектесіп өткіземін.

11. Дүкенде кассир ақшаны дұрыс қайтармаса, мен:
А) Әрине, мен одан ақшаны дұрыс қайтаруды сұраймын;
Б) Көңілім бұзылып, үндемеймін, өйткені мен кассирмен ұрыс-қағыс көтеріп
отырғанды ұнатпаймын;
В) Сондай ұсақ-түйек нәрсеге көңіл аудармауға тырысамын.

12. Егерде ашуланғанымды сезсем, мен:
А) Өз сезімімді өзгелерге білдіріп, тез арада ашудан арыламын;
Б) Өзімді қолайсыз сезінемін;
В) Өзімді тыныштандыруға тырысамын.

13. Ауырып қалған жағдайда, мен:
А) Ашушаң және сабырсыз боламын;
Б) Төсекке жатып, басқалардың мені бағып қағуын талап етемін;
В) Көңіл аудармауға тырысамын және айналадағылардан да соны талап етемін.

14. Егер де бір адам иенің ашуымды келтірсе,мен;
А) Өз сезімімді ашық және бетіне айтуға тырысамын;
Б)Басқа жұмыстармен айналысып немесе біреулермен әңгімелесіп өз эмоциямды
жөндеп аламын;
В) Ол адамға жанама түрде, яғни басқа біреуге айтқызу арқылы
ашуланғанымды білдіремін.

15. Менің ұраным, сірә, мынадай:
А) «Жеңімпаз ешқашан қателеспейді.»
Б) «Әлем сүюшіні сүйеді»
В) «Қасқырды аяғы асырайды»

Нәтижелерді талдау.
Жоғарыда тапсырмаларға берген жаауаптарыңызды қарап шығып, оларды үш
бестікке бөліңіз: 1-5, 6-10, 11-15.
Сіздің тұлғалық қасиеттеріңізде «Көгершін» көрсеткіштерін бағалау
үшін бірінші бестікке қанша «А» жауабы,екінші бестікке қанша «В» жауабы,
үшінші бестікке қанша «Б» жауабы бар екенін есептеп шығыңыз.
Өзіңізге қаншалықты «Түйеқұс» мінізінен бар екенін білу үшін –
бірінші бестіктегі «Б» жауаптар санын, екіншідегі «А»,ал үшіншіде «В»
жауаптар бар екндігін есептеңіз.
Тұлғалық қасиеттеріңіздегі «Қаршығаның» үлесін білу үшін- бірінші
бестікте қанша «В», екіншіде қанша «Б», үшіншіде қанша «А» бар екнін
есептеңіз.

Көгершін.
Бұл сезімтал,өте жұмсақ мінезді, сүйіспеншілігі мол адамдар. Олар
махаббатқа үлкен мән беріп, ол үшін өзін-өзі құрбандыққа келтіруге дайын.
«Көгершіндер», көп жағдайда жігерсіздік және сылбырлық көрсетеді.Олар
көбінесе басқаларға көмек беруге дайын және оны көпшілікке жарияламай,
құпия түрде жасайды.Олар өзіне керекті нәрсені тікелей сұрауға батылы
бармайды,қорқады немесе өтініш жасау қолынан келмейді.
«Көгершіндер» өзінің арман – тілектерін айтқызбай орындайтын
адамдарды өмір бойы іздейді. Мұндай адамдарды кездестіре алмаса өмірге
өкпелі болып жүреді. Шынайы жұмыспен айналысудың орнына, олар армандары
мен уайым-қайғыларына көп бөлініп, уақытын босқа өткізуі мүмкін.
«Көгершіндер» көбінесе басқа біреудің беделін көтеруге
көмектесіп,мансаптық жолда қосалқы роль атқарады.Бұл жағдай олардың
кемшілігінен емес, өздері тақта отырғаннан, оның артында тұрғанын
қалайтындығынан.Өз мойнына жауапкершілікті алуға қорқады, көшбасшы ролін
атқаруға шамасы келмейтіндігіне сенімсіздік білдіреді. Олар
айналадағылардың көзқарастарына тәуелді, ұсақ-түйекке көңіл бөлгіш,
ырымшыл, қайырымды және қорқақ. «Көгершіндер» қызу қанды адамдарға оң
әсерін тигізіп, олардың лауазымдық қызметке тез көтерілуіне әсер етеді.
Эмоционалдық шытырман жағдайларды өз ашуын өзіне жұмсап, денсаулығын
жоғалтып, шұжықтың орнына саусақтарын кесетін кездеріде болады.

Түйеқұс.
«Түйеқұс» - суық қанды, есепшіл, байқағыш адамдар. Олар барлық өзін
қоршаған адамдардан арақашықтық сақтайды, өйткені оған айналсынада
кеңістік болғаны қажет. Егер біреу «Түйеқұсқа» жақындағысы
келсе, ол одан қашқалақтап, жасырынады. Түйеқұс өзімшіл және тыныштықты
қалайды. Егер өмірде өте қиын жағдайлар, шешу жолы анық емес жағдай орын
алса олар басымен қоса,жүрегін,дарындылығын да құмға көміп жасырады.
«Түйеқұс» өз басына күрделі міндетті жүктейтін байланыстардан аулақ
жүреді. «Түйеқұсқа» күйеуге шыққан немесе үйленген адамдар өз өмірінің
суықтыққа тола болатынын білуі керек. «Түйеқұстар» өмірлік серігін
тапқысы келеді, оны кездестірмесе көңілі бұзылып, қайғырады,бірақ бұл
сезімі аса ауыр емес, күйзеліске бармайды,себебі олар өзін-өзі қоршаған
ортадан қорғай алады. Тіпті олар жалғыз қалсада міз қақпайды, өйткені
олар өмірден және адамдардан көп нәрсе күтпейді, сондықтан да өмірдегі
сәтсіздіктерге онша қиналмастан, ешкімге өкпелеместен өзін-өзі
қанағаттандырып жүре береді.Мінезі ауыр, тұйық болып келеді.
«Түйеқұстарда» «Көгершіндерге» жетіспейтін тәуелсіздіктің және
өзімшілдіктің көрінісі жеткілікті мөлшерде бар және «Қаршыға» сияқты
әрқашанда әрекет үстінде болып, жетістікке жетіп жүреді. Олар өмірдің
ағымымен байланысты қалқып жүре алмайды.

Қаршыға.
«Қаршыға» - өзін - өзі жақсы көретін, тік мінезді, қайсар адам.Оған
әрқашанда басқаларға билігін жүргізу қажет.Өз мақсаттарына жету жолында
олар көптеген қарсыластар, қастандық жасаушыларды кездестіреді. «Қаршыға»
білімділігі мен іскерлігі арқасында өмірде көптеген жетістіктерге жете
алады. Олар агрессивті, демонстративті болғандықтан өздеріне өмірлік жар
табуы өте қиын адамдар.. Басқалар «қаршығаны» жақсы көргеннен бұрын,
оларды құрмет тұтады, жақындауға қорқады.
«Қаршығалар» өз басына күрделі міндетті жүктейтін жұмыстарға, өте
байланыстарға құмар болады. «Қаршығалар» өмірлік серігін тапқасын отбасы
туралы мәселелерді соған жүктеп қояды, ал өзі тек лауазымдық қызметімен
болады. «Қаршығалар» жалғыз қалса, өз өмірін қоғамдық немесе ғылыми
жұмысқа толық бағыштайды, өкпелеместен өкімет қызметімен қанағаттанып
жүре береді. Мінезі ауыр. Кейде ашық-жарқын, кейде тұйық болып келеді.
«Қаршығалар» барлық уақытта іс-әрекет үстінде болып, қай салада
болсын табысқа жете алады, айналасындағылардың өзіне бағынғанын, барлығы
құрмет тұтқанын ұнатады.Дегенмен олар басқалардан еселеп көп жұмыс
істейді, сондықтан үлкен дәрежеге ие болып, лауазымдық сатымен
көтеріледі.

Ұқсас жұмыстар
Стиль, сән, костюм туралы түсінік
Кейбір ата - аналар
Арыстан мен тышқан 4 сынып
Сән ұғымы. стиль
Шаш сәндерінің негізгі стильдері
Классикалық стиль
Эссе. мен және менің оқушыларым қалай өзгерді?
Ата -ана алтын тұғырың. 11 сынып
Мағжан жумабаев "сүйемін". 7-сынып
Әміре бейнесімен салыстыру
Пәндер