Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелері: жанр, идея және тәрбиелік мәні

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ыбырай - шағын әңгіме шебері

10 «в» сынып

Орындаған: Балтабаева У. С.

Тексерген:

Алматы - 2006 ж

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін айта отырып, Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тақырыбын, идеясын, Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тақырыбын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш Европалық үлгідегі шағын жанрды қалдырушы болғанын ұғындыру.

а) Білімділік: Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқаша мазмұндата отырып, аз суретпен көп мағына аңғартатындығын әрі олардың шынайы өмірден алынғандығына назар аударту. Көркем қара сөзбен жазылып баяндап айтуға негізделген шығарманың әңғіме болып табылатындығын ұқтыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту. Әңгімелерін қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттырып, өздігінен білім алуға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Ыбырай Алтынсариннің портреті, «Таза бұлақ» жинағы, Ы. Алтынсарин туралы ғалымдардың зерттеу пікірлері.

«Ірі ағартушы, өнерлі ақынның артында қалдырған ізіне қарап отырсақ, көңілге алғысқа толы ойлар келеді (М. Әуезов) ».

Ы . Алтынсарин қазақ арасына әуелі Европалық білім - ғылымының көзін ашқан білім аяулы жан болды. («Оренбургский листок» газеті 1889 ж)

Новелла - бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме. (Гете)

Әңгіме - шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша үлгісі (З. Қабдолов) .

Ең парасатты проза - дәл және қысқа жазылған проза. (А. С. Пушкин) .

Нағыз күшті, нағыз құдіретті проза жинақты проза. Жинақтық - мұқит мықтының ісі, онда айтпауға болмайтын алындық қана қалған . ( К. Таустовский ) .

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, әдеп пәндері.

Оқытудың әдістері:

1) Проблемалық оқу: а) сұрақтар арқылы проблемалық жағдаят туғызу; ә) жағдаятты саналы ұғындыру; б) жағдайяттың шешімін іздеу.

2) Дамыта оқыту: а) оқушылардың шығарманы қабылдау қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру, қосымша білім көздерін насихаттау арқылы өздігінен білім алуға баулу.

Сабақтың құрлымы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру; Өткен сабақта берілген материалды сұрау, тексеру, бекіту;

Ы. Алтынсаринның өнер-білім тақырыбындағы «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңдерін бірер оқушыға жатқа айтқызып, сұрақ қою арқылы олардың идеялық мәнін ашамыз.

1. Аталған өлеңдердің сол кез үшін қандай маңызы болды?

2. Ыбырай өзінің ойын жеткізуде қандай әдіс пайдаланған? Неге өлең мен жеткізуді таңдады?

3. Оқыған мен оқымағанның айырмасын қалай таңдады?

4. Аталған өлеңдерден алатын тағлымымыз қандай?

Жаңа сабақты хабарлау. Сабақтың мақсатын қою.

Ы. Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан тұңғыш прозаик ретінде елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптасқан жоқ еді. Оның әңгімелерін жанр жағынан 3 топқа бөлген орынды. Оның әңгімелерін жанр жағынан 3 топқа бөлген орынды. Оның бірі - новелла, екінші тобы - ертегі - аңыз үлгісінде жазылған әңгіме, үшіншісі - шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер.

Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезеңінің келесі мәселелерін қамтиды, әділдікке, адамгершілікке, ізгілік пен мейірімділікке, талаптылық пен білімділік секілді ізгі - қасиеттерді игеруге шақырады.

Оқушылардың назарын бүгінгі сабақ тақырыбына аудармын да, төмендегі сұрақтарды қоямын.

1. Әңгіме деп қандай шығарманы айтамыз?

2. Оның жанрлық қандай ерекшеліктері бар?

Сұрақтарға жауап алынған соң. Ы. Алтынсариннің «Шеше мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек» әңгімелері жайлы сұрақтар қоя отырып мән-мағынасын ашамыз.

1. Осы аталған шығармаларды неліктен әңгіме жанрына жатқызамыз?

2. Осы әңгімелерде ортақ желі бар ма? Осы желінің қаншалық маңызы бар?

3. Шынайы өмір мен халық тұрмысы қаншылқ дәрежеде байланысы бар?

4. Осы әңгімелерде айтылған ойға байланысты қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер білесіңдер?

Аталған сұрақтарға тиісті жауаптар алынған соң нәтижесін бекітіп, ортақ пікірге келеміз.

1. Ыбырай әңгімелері қарапайым жазылған әрі нақты өмірмен байланысты.

2. Әңгіме жанрының талаптарына толық сай келеді.

3. Әңгіме барысында ағартушының ойы айқын көрінеді.

4. Әңгімелерінде көтерілген мәселелердің өміршеңдігі: сол кез үшін және бүгінгі өмір.

5. Ы. Алтынсарин әңгімелерінің идеялық қуаты қуаты неде?

6. Әңгемелері арқылы көрінетін жазушының өз бейнесі.

Өтілген жаңа сабақты қорыту.


Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің Дала жұлдызы әңгімелері: тәрбиелік мәні мен сабақ жоспары
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәні: сабақ жоспары
9-сынып: Ыбырай Алтынсариннің прозалық шығармалары мен аудармаларының ағартушылық және тәрбиелік мәні
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шағын әңгімелерін талдау
9-сынып: Ыбырай Алтынсарин - шағын әңгіме шебері және шығармашылық мұрасы
Ыбырай Алтынсарин: шағын әңгімелер арқылы әдеби талдау және адамгершілік тәрбиесі
Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі және әдеби шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармалары: жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы: ағартушылық қызметі және шығармашылық мұрасы
5-сыныптың қазақ әдебиеті сабағы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz