Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың басы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология
Мектеп:

Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6
Қатысқан оқушылар саны: 21
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Наурыз - жыл басы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
6.1.1.1. мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.
6.4.4.3. үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаттары
Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды:
Мәтіннің тақырыбын болжайды, үстеудің мағыналық түрлерін біледі.

Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды:
Алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды, үстеудің синонимдік қатарларын қолданады.

Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды:
Көтерілетін мәселені өмірдегі мәселелермен салыстыра отырып болжайды, үстеудің синонимдік қатарын түрлендіріп қолданады.

Бағалау критерийлері
1. Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі мәселені болжайды.
2. Үстеудің мағыналық түрлерін анықтап, синонимдерді түрлендіреді.

Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
Мәтінді, мәтіннің тақырыбын болжайды, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдерді түрлендіреді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Аңыз, ертегі, сөз, философия, ғылым, доктор, профессор, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, сүйінші, сыбаға, шашу, кеусен, көгендік, байғазы, көрімдік, ерулік, мүсәпір, садақа, шүлен, қалжа.
Диалог құруға (шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:)
Наурыз мерекесі, Иран аңызы, Сүлейменнің жүзігі, түркі тайпалары, отқа май құю, шыны аяқты сындыру, Самарқанның көк тасы еріген күн, мейірім айы.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Наурыз мерекесі не себепті пайда болған деп ойлайсыңдар?
2. Наурыз мерекесінде орындалатын дәстүрлер неге байланысты туған деп ойлайсыңдар?
3. Наурыз мерекесі қай дәуірден бастап тойланып келеді?
4. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың негізінде не жатыр деп ойлайсыз?
Сабақта қамтылатын құндылықтар
Мәтінді талдау арқылы салт-дәстүрімізге құрметпен қарауға баулу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, әдебиет, этнография
АКТ қолдану дағдылары
Проектор: аудио, фото, слайд
Осыған дейін меңгерілген білім
Мәтінді талқылайды, үстеудің мағыналық түрлерін біледі.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Сабақтың басы:
Жағымды ахуал орнату
2 минут

Топқа бөлу
1 минут

5 минут

2 минут

Сабақтың ортасы:
2 минут

8 минут

6 минут

3 минут

3 минут
Оқушылар шеңберге тұрады. <<Жүректен-жүрекке>> әдісі бойынша <<Наурыз>> мерекесінде айтылатын тілекті айтып, төс қағыстырады.

<<Мозайка>> әдісі. Қоржындағы пазлдардан суреттер құрастыру арқылы 3 топқа топтасады.

ІІІ топ. <<Ұлттық ойындар>>
І топ. <<Ұлттық тағамдар>>
ІІ топ. <<Ұлттық киімдер>>

Үй тапсырмасын <<Мина алаңы>> әдісі арқылы сұраймын. Үй тапсырмасына байланысты сұрақтарды жерге шашып тастап, көзі байланған оқушы басып кеткен сұраққа жауап береді.

Бағалау: Ауызша кері байланыс беремін.

1. Ойтүрткі
Суретті мұқият зерттеп, өз ойларыңмен бөлісіңдер

*Оқушылар сурет бойынша сөйлеп, өз ойларымен, бұған дейін осы тақырып бойынша білетін білімімен бөліседі. Солай бүгінгі сабақтың тақырыбы оқушыларға өздігінен белгілі болады.

Жаңа сабақтың оқу мақсаттарын оқушыларға айтып өтемін.

1. Оқылым
Жұптық жұмыс.
<<Ойлан, жұптас, бөліс>> әдісі. Оқушыларға тапсырма беріледі. Әр оқушы 1 минут қағаз бетіне өз ойын түсіреді. Содан соң қасындағы оқушымен жұптасып талқылайды (1 минут). Ортақ қорытынды шығарады.

І тапсырма
Берілген сөздерге қарап, мәтіннің атауын талқылаңыз.
Жыл басы, ақ, көктем мезгілі, мереке.

ІІ тапсырма
Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы болатынын болжап, өз болжамыңызбен салыстырыңыз.

С деңгей - мәтінді жұбыңмен талқыла.
В деңгей - алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжа.
А деңгей - мәтіндегі мәселені өмірмен байланыстыра отырып болжа.
Наурыз - жыл басы
1-бөлім
Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы әркім әртүрлі дерек айтады. Біреулер Сүлейменнің жүзігі табылған күн десе, Иран аңыздарында адамзаттың отты пайдалана білген сәтін Наурыз деп атаған деседі. Адамзат емес, бір ғана түркі тайпаларында бұл күн жайлы аңыз да, ертегі де көп. (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)
2-бөлім
<<Жалпы, көне дәуірде бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құйған; жаңа жеті дәнге қарап болашақты болжаған; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже <<сумалақ>>
ұсынған; ескі киімдерін тастаған; ескірген шыны аяқты сындырған; 22 наурызға бір күн қалғанда, күл-қоқыстардан құтылған; бір-біріне гүл сыйлаған, үйге күн символын салу
дәстүрі де болған. Бір сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, мен де жаңарсам деген тілек. Халық бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмектеседі. Олардың ұлы күнге сай
шат-шадыман, көңілді жүруін қамтамасыз етуге тырысады>>, - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов. Ал қазақ ұлысы болып қалыптасқалы Наурыз тойы ешбір қазақ хандығында елеусіз қалған емес. Қайта қазақ ұлтының ең ұлы мерекесінің бірі болып тойланып келді. Бұл туралы көптеген деректерді келтіруге болады.
Жалпы <<Самарқанның көк тасы еріген күн>> қазақ даласы үшін құт-берекенің басы. Қазіргі кезеңде 22 наурыз қалай тойланып жүр?! Наурыз десе, жұрт тек қана ішіп-жеу мен ас мәзірін ғана тілге тиек етеді. Одан қалса, атам қазақ Алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап қарсы алған дейтін сыңар жақтылы көзқарас бар. Әрине, 22 наурызда бұл дәстүрлі ойындар мен ас-тағамдар тарихтан бері жалғасып келе жатыр. Дей тұрғанмен, біз Наурыз тойының ең басты ерекшелігін ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Ол - қамқорлықтың, мейірімнің айы болған
Наурызды ізгі тілек, ізетті қамқорлықпен қарсы алу еді. Бұл дегеніміз ошақтың үш бұтындай болған ұлыстың кем-кетігін толтыру, аш-жалаңашын тойдыру еді.

Дескриптор
- мәтіннің атауын талқылайды;
- алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;
- өз болжамымен салыстырады.
Бағалау: өзара бағалау. <<Екі жұлдыз, бір тілек>> әдісі арқылы жұптар бір-біріне кері байланыс береді.

1. Жазылым
<<Ара ұясы>> техникасы әдісі.
Мұғалім топтағы оқушыларға суретке байланысты пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір топ кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланады, өңделеді.
Тапсырма
Суретке назар қойып қарап, қандай салт-дәстүрлер бейнеленгенін анықтаңыз, бұл дәстүрлер қалай орындалатыны туралы топта талқылаңыз.

С деңгей - берілген суретке байланысты өз пікіріңді білдір.
В деңгей - пікір алмаса отырып сұрақ дайында.
А деңгей - салт-дәстүрді анықтап, өз ойыңды білдір.
Дескриптор
- суреттегі салт-дәстүрлерді анықтайды;
- дәстүрлердің жүзеге асырылуын талқылайды.
Бағалау: <<Температураны өлшеу>> әдісі. Іс-әрекет кезінде оқушыларды бір сәтке тоқтатып, не істеп жатқандығы туралы сұраймын. Ары қарай жасайтын нәрселеріне бағыт-бағдар беремін.
<<Екі жақты күнделік>> әдісі. Оқушылаға кесте беріледі. Мәтінді оқи отырып, кестені толтырады. Үстеулерді теріп жазады.
С деңгей - үстеулерді теріп жазыңыз.
В деңгей - мағыналық түрлерін ажырата отырып жазыңыз.
А деңгей - үстеулердің синонимдерін түрлендіріп қолдан.
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, үстеулерді теріп жазыңыз.
Жазылмаған дала заңы қазақ халқының кеше ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ар жағында биік парасат пен даналық жатыр. Әрқашан ұрпағының тектілігін сақтауды көздеген батыр бабаларымыз оны өздерінің қасиетті борышы санаған. Дархан даламыздың кешегі жазылмаған заңдарын білесіз бе? Олар бүгін қаншалықты орындалып жүр? Ертең оны келешек ұрпаққа жеткізе аламыз ба? Ендеше қандай жағдайда не істеу керектігін әрқашан білген артық етпейді. Олай болса, не беру керек, не сұрау керек және не тілеу керек екенін біле жүрейік. Мыналарды үнемі есте сақтау керек: үлкенге - ілтипатпен сәлем, қуантқанға - сүйінші, қуанышқа - шашу, соғымнан - сыбаға, егіннен - кеусен, малдан - көгендік, балаға - мол базарлық, киімге - байғазы, сәбиге - көрімдік, төркіндеген қызға - қалауын, жаңа көршіге - құрметпен ерулік, досқа - естелік, жетімге - жанашырлықпен қолқайыр, мүсәпірге - садақа, байлықтан - шүлен үлестіру, тойға - сияпат, жас босанған анаға - қалжа, сағынғанға - ыстық сәлемдеме.
Дескриптор
- мәтіндегі үстеулерді ажыратады.
Бағалау: <<Сөзбен бағалау>> әдісі. Оқушылардың жұмысына дескриптор арқылы кері байланыс беремін.

<<Алтын қоржын>> әдісі. Оқушылар қоржын ішінен сөйлемді алып оқиды. Топтың қалған мүшелері үстеуді тауып, синонимдерімен ауыстырып айтады.
Тапсырма
Мәтіндегі үстеулердің синонимдерін тауып, сөйлемдегі үстеулердің орнына қойып айтыңыз.
Үлгі: Жазылмаған дала заңы қазақ халқының кеше (өткен замандарда) ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ар жағында (астарында) биік парасат пен даналық жатыр.
Дескриптор
- үстеулердің синонимдерін табады;
- орнын алмастырып қолданады.
Бағалау: <<Шапалақ>> әдісі. Қол соғу арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Сабақтың аяғы:
5 минут
Бүгінгі сабақты бекіту тапсырмасы.

Үйге тапсырма
Қыздарға: Наурыз мерекесінде дайындалатын <<Наурыз көженің>> қалай дайындалады?
Ұлдарға: Наурыз мерекесінде өткізілетін ұлттық ойын аттарын білу

<<Сана аллеясы>> әдісі бойынша екі қатарға тұрып, бүгінгі сабақ бойынша бір ақпараттан айтады. Бір оқушы ортадан тыңдап өтіп, қатардың басына барған соң, естіген ақпараттарды қайталайды. Осылай сабақ қорытындыланады.

Қосымша ақпарат
Саралау - сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау - Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Сабақ мақсатын оқушылардың деңгейін ескере отырып құрамын.
Үдеріс кезінде оқушыларға қолдау көрсетемін.
Тапсырмаларды деңгейлеп беремін.
Мәтіндегі мәселені өмірмен байланыстыра отырып болжауға тапсырма беремін.
Үстеулердің синонимдерін түрлендіріп қолдануға тапсырма беремін.
Кері байланыс
<<Екі жұлдыз, бір тілек>>
<<Сөзбен бағалау>>
<<Шапалақ>>

Тарих, әдебиет, этнография
АКТ-мен байланыс сабақтың өн бойында жүріп отырады. Мысалы: презентация, аудио тыңдалым т.б.
Мәтінді талдау арқылы салт-дәстүрімізге құрметпен қарауға баулу.

Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Ұқсас жұмыстар
Алгоритмнің жай командалары
Түйе жайлы ақпарат
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Сабақты аяқтау
Атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі. Алгоритм типтері
Алгоритм түрлері. 9-сынып
Циклдік алгоритм
Cызықтық алгоритм,блок-схема. 7 сынып
Циклдік алгоритм. 9 сынып
Ө.Ақыпбеков Наурыз-жыл басы
Пәндер