Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жеті ғажайып сыры

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Әлемнің жеті кереметі. Лексикография
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Жеті ғажайып сыры
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
6.1.5.1 -тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру; 6.4.1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаттары
Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды:
Оқылым және тыңдалған материалы бойынша жалпысұрақтарға жауап береді, Сөздерді орфографиялық нормасын сақтай алады.

Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды:тыңдалған мәтін мазмұны бойынша нақты сұрақтарға жауап береді, деректер жинақтайды, сөздердің жазылу заңдылығын сақтайды.

Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды: Мәтіннің мазмұны бойынша ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады, деректер жинақтайды, жеке, бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Бағалау критерийлері
Блум таксономиясының қолдану деңгейі
oo мәтіннің мазмұнын түсінеді;
oo мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;
oo тақырып бойынша орфографиялық норманы сақтайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады: мәтінді түсінеді және орфографиялық норма бойынша жаза алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:жеті саны, әлем, пирамида, Қытайқорғаны, Римдегі көне театр,Мачу-Пикчу, Петра, Тәж Махал, Иса Пайғамбар мүсіні, сөз тіркесі, қос сөз, біріккен сөз, мәтін
Диалог құруға (шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:)
Әлемнің жеті кереметі, Қазақстанның тарихи мекендері, киелі сандар, күрделі сөздер
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қазақта қай сандарды киелі санайды?
2. Жеті санының қасиетін білесіңдер ме?
3. Әлемнің жеті кереметі туралы не білетін едіңдер?
4. Әлемнің жеті кереметі туралы білгің келе ме?
5. Сен үшін Қазақстанның керемет жерлері бар ма, болса қай жерлер?

Сабақта қамтылатын құндылықтар
Әлемнің және Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын таныту, туризмді дамыту.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта, таныстырылым
Осыған дейін меңгерілген білім
Деректер жинай алады, кесте сыза алады

Жоспар
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Cабақтыңбасы:
Топтастыру
2 минут

Үй тапсырмасы
4минут

Сергіту сәті
2 минут

Сабақтың ортасы
8 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар қима қағаздар арқылы <<Қос сөз>>, <<Біріккен сөз>>, <<Тіркескен сөз>> топтарына топтастырылады. Қима қағаздарда он бес, ақ сары, Жер шары, озат оқушы, қазақ тілі, Көкшетау, Қызылорда, Екібастұз, Шымкент, Жұмбақтас, мақал-мәтел, ата-ана, ұстаз-ана, педагог-психолог, айран-сүт сөздері болады.

1-топ: Қос сөз
2-топ: Біріккен сөз
3-топ: Тіркескен сөз

Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика. Екпін түрлері<<Қос шеңбер>> әдісі әдісі арқылы пысықтаймын.

Белсенді әдіс <<Саяхатқа барамыз>> әдісі

Әлемнің жеті кереметінің суреттерін көрсетемін:

ҰлыҚытайқорғаны Колизей (Рим,Италия)Мачу-Пикчу(Оңт.Америка)

Петра(Иордания) ТәжМахал(Үндістан) Иса пайғамбар мүсіні
(Базилия)

Чичен-Ица (Солтүстік Америка, Мексика)

Дескриптор:
Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

Дискриптор
Қазақстанның өздері үшін керемет деген жетеуін жазады. Топ мүшелері өз пікірлерін кластер арқылы біріктіреді. Слайдтағы деректермен салыстырады.

<<Үш қадам>> әдісі

1-қадам - қайда?
2-қадам - қашан?
3-қадам - қалай?

Бағалау: Смайликтер арқылы және әрқайсысының пікірі мен үшін құнды

Қима қағаздар

Интернет

Интернет
желісі

Мәтінмен жұмыс
13 минут

Тапсырма
5 минут

<<Жеті ғажайып сыры>> мәтінін үш оқушы шығып, рөлге бөліп оқиды.
Жеті ғажайып сыры
Ел аузында сақталған көне аңыздың барлығына кейде біз <<е, жәй аңыз ғой>> деп қарайтын әдетіміз ғой. Түптеп келгенде, оның бәрі бірдей қиял дүниесі емес, бір кездердегі тарихи шындықтың негізінде туғанын қазір ғылым дәлелдей бастады. Осыған мысал аз емес. Айталық, ХХ ғасырдың басына дейін қазіргі Анатолия жеріндегі Троя деген қаланың болғанына жұрттың бәрі жай аңыз деп түсініп келген. Гомердің <<Илиада>> жырында аты аталатын бұл қаланы неміс археологы Шлиман көп жылдар бойы іздеп, ақыры тапты.
Осы тұста Мықыр екеуіміздің арамызда болған бір әңгіме есіме түсті.
<<Әлемде жеті ғажайып бар>>, - деген ғой эллиндіктер. Білесің бе? - деп сұрағанымда:
oo Білемін, - деді ол. Бірақ даусы онша сенімді шыққан жоқ.
oo Аташы, білсең.
oo Египет пирамидалары ...сонан соң ...
oo Иә, сонан соң ...
oo Александр маягі ...
oo Дұрыс. Сонан соң ...
Сонан соң ...
Қалған бесеуінол ақыры атай алмады. Әлгі екеуін білгеніне де мен ризалық таныттым.
oo Сонан соң Галикарнас кесенесі, Родостағы алып мүсін,Артемида ғибадатханасы, Олимпиялық Зевс мүсіні мен Семирамиданың аспалы бағы, - деп қалған бесеуін санап бердім.
oo Ал әлемдегі ғажайып, шыныда да, осы жетеуі болған ба? Басқа ғажаптар жоқ па екен? - деп сұрады ол.
<<Жеті ғажайып>> - шартты түрде алынған сан. <<Жеті>> саны киелі саналғаны белгілі. Біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда жоғарыда аталған жеті ғажайыпты сол киелі санмен Жерорта теңізі маңын жайлаған дуалы ауыз біреу атаған. Сонымен, әлемнің жеті ғажайыбы ел-елге тарап, құлаққа сіңіп қала берген.

1. <<Әлемнің жеті>> туралы бұрын не білетін едіңіздер?
2. Троя туралы ақпарат сіздерге не ой салды?
3. <<Жеті ғажайып>> аталу сырынан нені аңғардыңдар?
4. Әлемнің жеті кереметі туралы кеңірек ақпарат алғың келе ме?
5. Қазақстанның көрікті әрі тарихи орындарын әлемнің жеті кереметтеріне қосар ма едің?
6. Елімізде тарихи орындарға туризмді дамытуға бола ма?
Дескриптор Білімалушы
мәтіннің мазмұнын <<Өрмекші торы>> әдісі арқылы анықтайды;
сұрақтарға жауапбереді;
детальдіақпараттыанықтайды.
Топтар өз атауларына байланысты біріккен, тіркес және дефис арқылы жазылатын сөздерді теріп жазады.

4-тапсырма. Берілген сөздерді түзетіп, екі бағанға бөліп жазыңдар.
Ешуақытта, ешқайда, еттұмсықты, қаламқас, мұздыбалақ, мінтағу, саражол, телеөнім, төраға, төртелі, тұрғын үй, тірексөз, азатжол, аздапқана, ақбидай.

Таныстырылым арқылы өздерін бағалайды.

Бірге жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер

Ешқайда, еттұмсықты, қаламқас, телеөнім, төраға,

Еш уақытта, мұзды балақ, мін тағу, сара жол, төрт елі, тұрғын үй, тірек сөз, азат жол, аздап қана, ақ бидай

Бағалау парақшасы

Смайликтер
1-топ:
Біріккендер

2-топ:
Қос сөздер

3-топ:
Тіркескен сөздер

Оқулық

оқулық

Соңы
Бағалау
3 минут

Үйге тапсырма:
1 минут

<<Білім қоржыны>> кері байланыс әдісі:
2 минут

<<Екі шындық,бір өтірік>> әдісі

Дискриптор:
Оқушылар шеңберге отырып, екеуі бүгінгі сабақ бойынша шындық айтса, біреуі өтірік айтады.

Күрделі сөздерді қатыстырып, <<Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық>> тақырыбына эссе жазу.

Интербелсенді әдістер жинағы

Стикерлер

Қосымша ақпарат
Саралау - сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Оқушылардың өз ойларын еркін айтуына қолдау көрсетемін.
Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырма беремін. Топтық жұмыста белсендіремін.
Бағалау - Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

<<Білім қоржыны>> әдісі арқылы оқушылардың білімін бағалаймын.

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Тарих, әдебиет
Техника қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қадағалаймын.
Проектор пайдаланамын.
әлемнің және Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын таныту, туризмді дамыту.
Белсенді әдіс:<<Суреттер сөйлейді>>

<<Саралау>> әдісі
С деңгей: Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.
В деңгей: Суреттердің ретін сақтай отырып әңгіме жазады.
А деңгей: Өз пікірін дәлелдеп,өмірмен байланыстыра әңгіме жазады.

<<Басбармақ>> арқылы
<<Смайликтер>> арқылы
<<Жұлдызшалар>> арқылы
<<Екі жұлдыз,бір тілек >> арқылы

Бейнелеу,әдебиет Қауіпсіздік ережесі сақталады
Интербелсенді тақта Әңгіме құрастыру арқылы ұлттық салт-дәстүрімізге құрметпен қарау.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жүзеге асырылды.
Бүгін оқушылар әлемнің және Қазақстанның тарихи-мәдени жерлері туралы жалпы мәлімет алды.
Оқушылар белсенді атсалысты.

Оқушылар топтық тапсырмаларды орындады, барлығы қамтылды.

Уақытты жоспарланғандай тиімді қолдандым.
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:топтастыру тапсырмалары

2:Қазақстанның керемет жерлері тартысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Ұқсас жұмыстар
Сазды аспаптар сыры
Тақырып - Білгір биологтар
Сөз әділқазылар алқасында
Жылулық құбылыс
Танысу кезеңі
Есептер сыры
Киелі сандардың құпиясы
Сынып дарабозы - 2014
Біз – әлем балаларымыз жайлы ақпарат
Әліппе - білім бастауы 1-сынып
Пәндер