Мария Монтессори педагогикасының мектепке дейінгі балалардың өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырудағы рөлі

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы болса, екінші бесік - мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдерін, қалыптастырудың қайнар көзі - мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат. Мектепке дейінгі тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

«Жас бала - жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай заманға лайық тәрбие мен білім беру ісін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылықты қажет етеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор.

«Бөбек» қорының президенті С. А. Назарбаеваның сөзімен айтқанда «Әр баланың қабілетін, өзіне жол табу, өзінің күш-жігеріне, өзінің жазмышына сену өте маңызды. Ол өзін-өзі сыйлап, ар-ожданына сәйкес өмір сүріп, жансақ қадамдарының неге соқтыратынын нақты білу үшін керек». Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіне - өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырудың негізгі бағыттардың бірі.

Мектепке дейінгі жастағы баларадың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын атқаруда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түрлендіре отырып, әр формада технологияларды пайдалана отырып жүргізу қажеттілігі заман талабына сай туындайды.

Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінде қолданатын Монтессори педагогикасының ерекшеліктерін айқындау.

Көздеген мақсатқа жету үшін төмендегідей зерттеу міндеттері қойылады :

  • М. Монтессоридің педагогикалық жүйесін анықтап білу;
  • М. Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидаларын айқындау;
  • М. Монтессори педагогикасының әдістерін анықтау.

Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі баларға білім беру үрдісі.

Зерттеу пәні: Мария Монтессори педагогикасының ерекшеліктері.

Зерттеу базасы: Мектепке дейінгі балалар.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: Мария Монтессори педагогикасының ерекшеліктерін пайдалану жолымен мектепке дейінгі балалардың ой - өрісін дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның логикалық ойлау қабілеттерінің жетілуін, өмірде қолдана білу ұстанымдарын және білім, біліктерін қалыптастыруды көздейді.

Зерттеудің ғылыми болжамдары: Егер , мектепке дейінгі балардың сабақтарында Монтессори педагогикасының қолданудың әдіс тәсілдері жүзеге асатын болса, онда , балардың ойлау қабілеттері қалыптасып, мүмкіндіктері артады, өйткені, педагогикалық ерекшеліктері арқылы балалардың практикалық іс жүзінде іскерлік дағдылары, білім біліктері қалыптасады.

Зeрттeудің дерек көздeрі: М. Монтессори педагогикасының әдістері, мектепке дейінгі балалардың оқыту-тәрбиeлeу үрдісі, білімнің мeмлeкeттік стaндaрты, оқыту бaғдaрлaмaсы, философ, социолог, пeдaгог, психолог, пeдaгогикaлық оқу орындaрының оқу-тәрбиe үрдісіндeгі мaтeриaлдaрды тиімді жүзeгe aсыру жөніндeгі тәжірибeлeр, зeрттeу жaғдaйлaрының eңбeктeрі, жaңaшыл-пeдaгогтaрдың жұмысы.

Зерттеу тақырыбының зерттелген деңгейі: М. Монтессоридің педагогикалық ерекшеліктерін ерекше бағалап, бұл әдістердің дамуына мәнді үлес қосқан ұлы педагогтар: Ушинский К. Д. [4], Пышкало А. М. [5], Бабанский Ю. К. [6], Скаткин М. Н. [7], Занков Л. В. [8]

Зеттеудің әдістері: курстық жұмысты орындау барысында талдау, жинақтау, салыстыру, байқау және эксперимент тәсілдерін пайдалану болды.

Курстық жұмысының құрылымы және көлемі:

Курстық жұмысымыз 25 беттен тұрады, оның ішінде кіріспеден, негізгі бөлімнен және жaлпы қорытынды мен пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.

Курстық жұмысымыздың негізгі бөлімінде М. Монтессори педагогикасының жүйесі мен тәрбиелеудің жолдaрының әдіс-тәсілдері қaрaстырылады.

Қорытынды бөлімде aлынғaн нaқты нәтижелер тұжырымдaлaды.

Әдебиеттер тізімінде тaқырыпқa бaйлaнысты психологиялық, педaгогикaлық және әдістемелік әдебиеттер тізімі берілген.


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен коррекциясында ойынның психологиялық-педагогикалық рөлі
Жас ерекшелігіне сәйкес мектепке дейінгі балалардың еңбек әрекетін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерін ойын арқылы дамытудың әдістері
Мектепке дейінгі жаста ойынның тәрбиелік және дамытушылық рөлі
Мектепке дейінгі геометриялық пішіндер сабағы: Монтессори және билингвальды оқу-әдістемелік жоспар
Қоршаған ортамен танысу арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту: математикалық және логикалық ойындардың әдістемесі
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсету саласының рөлі
Жаңа ұлттық білім үлгісіндегі мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекеттерін дамыту және бағалау
Мектепке дейінгі білімдегі инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялардың рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz