Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жақсы оқитын баланы

Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»
Мақсаты: Оқушыларды кішіпейілділікке үлкенді сыйлауға, көмектесуге
достыққа, үйрете отырып, жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен
жиректу арқылы адамгершілік сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Ата – анасын, туған жерін, мектебін сүюге тәрбиелеу.
Көркенілік: Абай портреті, нақыл сөздер, түрлі-түсті суреттер, бейне таспа.
Сабақтың барысы.
І – ұйымдастыру:
Оқушыларды даярлау, назарларын сабаққа аудару
Мұғалім: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жақсы деген
немене, жаман деген немене?». Кәне жаман мен жақсыны ажыратайық.
-Ата –ананың тілегі, сенің – жақсы азамат болуың, сенің еңбек сүйгіштігің,
оқу мен еңбектегі табыс – ана үшін бақыт.
Мұғалім: Кішіге мейірімді,
Досыңа қайырымды.
Бойында осындай жақсы қасиеті бар
Баланы, қандай бала дейміз?
- Жақсы бала қандай болу керек?
Оқушылар: Тәртіпті, әдепті, үлгілі бала дейміз.
Мұғалім: Ұлы Абай атамыз:
«Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалам»,
Дегенде оқушыларды болашаққа әдепті саналы өмірге шақырған. Осы әдептілік
жақсы қасиеттер:
- Онда қандай нәрсені «жақсы» деп түсінесіңдер?
Оқушылар: Үлкенді сыйлау, көмек көрсету, кішіпейіл болу жаман сөз айтпау.
1 сынып оқушылары:
Мақал - мәтелдер:
1. Жақсы ай мен күндей,
Әлемге бірдей.
2. Күн ортақ, ай ортақ жақсы ортақ.
3. Жақсы мен сөйлессең
Көкілің ашылады.
4. Жақсы болсаң, жақын көп.
5. Жолдасы көптің, қолдасы көп.
6. Жақсы дос үшін жан пида.
7. Жаман аттан алғыш артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
Мұғалім: Оқушылар қандай нәрсені «жаман» деп түсінесіңдер:
Оқушылар: Сөзді тыңдамау, өтірік, айтастын еріншік, еңбектен қашатын
қылықтары бар баланы жаман дейміз, кір жүретін.
-Жарайсыңдар, балалар!
-Оқушылар, сендер кішіпейіл, әдептілік туралы тақпақ білесіңдер ме?
2 сынып: Адам менің қашанда,
Әдепті жан бол деген,
Асыл сөзді санамда,
Жасы үлкенге жас берем.
2 сынып: Атам менің қашанда,
Кіші пейіл бол деген,
Асыл сөзді санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
1 бала: Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек?
- «Рахмет» – деу керек.
Мұғалім: Балалар, дұрыс сәлемдесу, мәдениеттілік белгісі.
Көшеде, мектепте, үйде, таныс адамдар, мұғалімдер кездесе не деу керек?
Оқушылар: «Сәлеметсіз бе!»
Мұғалім: Үлкен, кісі қолындағы нәрсені көтере алмай келе жатса, оған не
деу керек?
Оқушылар: «Көмектесейік» - деу керек.
Мұғалім: Байқаусызда біреуді қағып кетсең, не жаман сөз айтсаң не деу
керек?
Оқушылар: «Кешіріңіз» - деу керек.
2 сынып: Би «Жорға»
- Ал, балалар, біз сендермен жақсы, жаман туралы көп нәрсені айттың,
білдік.
1 сынып оқушылары ертегісін тамашалайық. «Мақта қыз бен мысық».
- Ертегі үнады ма?
- Ертегі кейіпкерлерін атаңдар? /мақтақыз, мысық, сиыр, ағаш... т.б./
-Мысық не істеді? Мақтақыз қайтті?
2 сынып оқушылары:
Әдептілік туралы: «Кім дейміз?» тақпақты айтады.
Таудай үлкен талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
-Үлгілі.
Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
- Ұқыпты.
Сыйлар үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
- Әдепті.
Өте жақсы, біз сендерге ризамыз.
Мұғалім: Енді оқушылар мен сендерге жұмбақ жасырамын: Сендер шешуін
табыңдар.
1. Бұдан кір қорқады?
Судан бұл қорқады /сабын/.
2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ /су/.
3. Жуынып болғанда,
Жүреді қолдарында /орамал/.
4. Қалтамда жатыр, тісі бар,
Тістемей –ақ, істер ісі бар /тарақ/.
Мұғалім: Енді мына бейне таспаға назар аударайық: «Кірқоймас» туралы айтып
берейік.
- Оқушылар кірқоймас туралы түсінігін айтады.
Ал, қане еді шеңбер жасап, бірбірімізге мейірімді, жылы лебіз, тілек
білдірейік / үлгілі, сүйнімді, мейірімді, ақылды, сыпайы, әдепті, ұқыпты,
тату тәтті, достық/ деп өз тілектерін айтып тәрбие сағатымызды аяқтаймын.

Ұқсас жұмыстар
Әліппеден мәңгілік
Сыйласаң, сыйлы боласың
Есептің мәнді белгісі
ТУҒАН ТІЛІМ
Кітапханамыз - біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз
Тілашар сценарий
Тақырып Топтық жұмыстың тиімділігі
Жаңашаруа аруы-2012
Балаңызбен қарым - қатынасыңыз қалай
Әріптердің атаманы қай әріп
Пәндер