Бейне бөліктерін көшіру құралдары

Бөлім . . . 1 . . . Курс . . . ІІ . . . Топ . . . К-29 . . .
Уақыты . . .
Пән . . . . Компьютерлік графика . . .
Оқытушының аты-жөні . . . Телбаева Ақтолқын Қасымқызы . . . .
1. Сабақтың тақырыбы . . . Компьютерлік графикаға кіріспе. Компьютерлік графика түрлері . . . . .
2. Сабақтың түрі және типі . . . Жаңа білім беру сабағы, Лекция сабақ,
Білімді тексеру, Тәжірибелік сабақ
Сабақтың мақсаты (білімдік: оқу білім дағдысының қалыптасуы, арнайы білім, кәсіптік белгілі бір деңгейдегі мәселелерді шешу қабылеттілігін қоса) . . .
Түс ұғымы. Түстік палитра. Түстік моделдер. Графикалық файл форматтары. Графикалық ақпаратты сығу. Графикалық ақпаратпен жұмыстың аппараттық және программалық құралдары
Міндеттері:
а) Білімдік міндет ( қандай оқу біліктілігі оқыту барысында қалыптастырылады)
Компьютерлік графика түрлері. Қолдану салалары. Түстік палитра. Түстік моделдер. Графикалық файл форматтары. Графикалық ақпаратты сығу. . . . . .
б) Тәрбиелік міндет (оқыту материалдарын жүргізу барысында қандай тәрбиелік мүмкіншіліктер іске асырылады)
Жұмыс экраны көрінісінің режимдері.
Палитралар (қызметші терезелер) және олардың бейнемен жұмыс жасаудағы орны
в) Дамытушылық міндет (ойлау іс әрекетінің жолдарын игеру, салыстыру, синтез, анализ, жалпылау, классификациялау т. б. )
Растрлық графика құралдары түстерді беруде жоғары дәлдікті қажет ететін жұмыстарды иллюстрациялау Зейінін, ойлау қабілетін, дағдыларын дамыту .
3. Күтілетін нәтиже:
а) Оқушылар түсінуі тиіс : TIFF, PSD (Photoshop Document), PСX, PhotoCD
Windows Bitmap, JPEG (Joint Photographic Experts Groups), GIF (Graphics Interchange Format), PNG (Portable Network Graphics), EPS (Encapsulated PostScript), PDF (Portable Document Format), Растрлық графика құралдары түстерді беруде жоғары дәлдікті қажет ететін жұмыстарды иллюстрациялау
б) Оқушылардың құндылық бағдары болуы : Растрлық графика. Векторлық графика. Фракталдық графика. Түстік моделдер. Түстік модельдер типі. Аддитивті түстік моделдер
Субрактивті түстік модельдер
в) Оқушылар жасай біледі : Растрлық графика. Векторлық графика. Векторлық редактор. Adobe Illustrator. Векторлық редактор. Macromedia Freehand. Векторлық редактор. Corel Draw. Фракталдық графика. Компьютерлік графиканың қолдану салалары:Ғылыми графика. Іскерлік графика. Конструкторлық графика. Безендірмелік графика. Көркемдік және жарнамалық графика
Дәріс№1
Компьютерлік графикаға кіріспе. Компьютерлік графика түрлері.
Компьютерлік графика - бұл компьютерде графикалық бейнелермен (суреттермен, сызумен, бейнекадрлармен және т. б. ) жұмыс істеу мүмкіндігін беретін информатиканың бір бөлімі. Сонымен бірге мұнда компьютер көмегімен графикалық бейнелер алу әдістері құрылып, қолданылады. Графикалық редакторды пайдаланып, төмендегі әрекеттерді орындай алады: - суретті мәтінмен рәсімдеу, хабарландыру, жарнамалық плакат, қызметтік карточкаларды және т. с. с. безендіруді;
- бұрын салынған кескіндерді біртұтас суретке біріктіруді;
- кескіннің кез келген бөлігін “қиып алу”, “жапсыру” және “өшіру”;
- ұсақ бөлігін өңдеу үшін кескін фрагментін үлкейтуді;
- суреттерді сыртқы тасушыларда сақтауға;
- бояуға, түстерін өзгертуге, сурет салу үшін түрлі “бояу” мен “қылқаламды” қолдануды.
Бұдан басқа, сурет салу немесе оны өңдеу процесінде қолдануға болатын қосымша аспаптары бар. Бұлар қандай да бір сызық жүргізуге арналған қылқалам; өшіруге арналған өшіргіш; бояуға арналған құйма; сурет үзіндісін қиып алуға арналған қайшы, т. б. аспаптар.
Растрлық графика
Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.
Растрлық кескіннің әрбір нүктесіне компьютер жадында ұяшық сәйкес келеді. Графикалық кескінді сақтаған жағдайда жадқа енгізілетін элементтер саны экранның графикалық кескін алып тұрған нүктелерінің санына сәйкес келеді. Нүктелерден тұратын растрлық бейне үшін белгілі бір ұзындық бірлігіндегі нүкте санын сипаттайтын көрсетілім түсінігінің маңызы зор. Бұл жерде мыналардың ара-жігін ажырата білу керек, яғни:
түпнұсқаның көрсетілімі; экрандық бейненің көрсетілімі; басылған бейненің көрсетілімі.
Растрлық кескіндеудің артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді, қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әрбір нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгерткенде, кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтатындықтан) .
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады) .
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық суреттер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Векторлық графика
Кескін салудың векторлық түрі де бар, мұнда кескін элементтері нүкте түрінде емес, әріпті-цифрлық (математикалық формулалар жиынтығы) ақпарат түрінде беріледі. Кейіннен бастапқы кескінді салу үшін бұл ақпарат арнайы программаларда өңделеді.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер.
Мысалы, сызба. Компьютерге оларды сипаттаушы параметрлердің мәнін енгізуге болады:
- кесінді үшін оның екі нүктесінің координаттарын;
- шеңбер үшін центрінің координаттары мен радиусының ұзындығын;
- доға үшін доғаның басы мен соңының, центрінің және радиусының координаталарын;
- әрбір сызық үшін оның типі жіңішке, штрихталған, пунктирлі және т. с. с. көрсетіледі.
Содан кейін бұл ақпарат арнайы программамен өңделеді (яғни суреттің әрбір нүктесінің орны векторлық графикалық файлда жазылған формулалар бойынша есептеледі) де, сызба экранға шығарылады. Бұл элементтер дискретті болып табылады, олар өзара байланыспаған, сондықтан олардың өлшемін сурет сапасын жоғалтпай-ақ оңай өзгертуге болады.
Сонымен қатар бұл сызбаның параметрлерімен берілетін әріпті-цифрлық ақпараттың ақпараттық көлемі сызбаны компьютерге растрлық түрде енгізгенге қарағанда жүздеген, мыңдаған есе кіші болады. Векторлық әдістің тағы бір артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы.
Кейде сызық түсінігінің орнына контур түсінігі қолданылады. Бұл термин толығымен, жан-жақты сипаттайды, себебі контур кез-келген форманы қабылдай алады - түзудің, қисық сызықтың, сынық сызықтың, фигураның және т. б.
Әр контурдың екі немесе одан да көп тіреу нүктелері болады, сонымен қатар оларды түйіндер деп те атайды. Екі қатар тіреу нүктелерінің арасында орналасқан контур элементі, контур сегменті деп аталады. Контурдың формасын тіреу нүктелерін қозғалту, олардың қасиеттерін өзгерту, жаңа түйіндерді қосу немесе бар түйіндерді жою арқылы өзгертуге болады. Контур ашық немесе тұйықталған болуы мүмкін. Ашық және тұйықталған контурлардың қасиеттері әр түрлі.
Контур графикалық объект болып табылады. Контурлардан жаңа нысандар немесе олардың топтамалары құрылады. Нәтижесінде құрылады: нысандар ттоптамалары, құрама контур, жаңа контур. Топтау операциясынан кейін әрбір контур өз қасиеттерін және түйіндерін сақтайды. Комбинациялау операциясынан кейін құрама контурда жаңа қасиеттер пайда болады, бірақ түйіндер сол күйінде қалады. Біріктіру операциясынан кейін жаңа түйіндер пайда болып, бастапқы контурлардың қасиеттері өзгереді. Контурдың сыртқы сызығының параметрлері оның көрсетудегі түрін анықтайды. Оның параметрлері болып табылады:
- сызықтың қалыңдығы;
- сызықтың түсі;
- сызықтың типі (тұтас, пунктирлі және т. б. ) ; соңының формасы (бағытталған, дөңгелектелген және т. б. ) .
Тұйықталған контурлар ерекше қасиеттерге ие - бояу, яғни алып жатқан аймақты параметрлермен толтыру. Бояу да нысан болып табылады және өз қасиеттері болады. Бірнеше бояу типтерін ажыратуға болады: негізгі түспен бояу, яғни ішкі аймақты таңдаған түспен толтыру;
- градиентті бояу - екі түспен бояу;
- текстуралы бояу - бірқалыпты құрылымды өрнекпен толтыру;
- карта бейнемен бояу - карта деп аталатын дайын растрлық бейнемен толтыру.
Векторлық кескіндер векторлық графикалық редакторларда жасалады. Олардың ішіндегі ең кең таралғаны, сонымен қатар Windows-та жұмыс істейтіні CorelDraw болып табылады. Жұмыс істегенде сегменттер мен аймақтардың барлық мүмкін математикалық сипаттамалары, бекітілген белгілері, бағыттаушы нүктелері және т. с. с. қолданылады.
Сызықтармен салынатын суреттерді және бірнеше объектілерден тұратын суреттерді векторлық графикалық редакторларды пайдаланып салған дұрыс.
Растрлық графикалық редактордың артықшылығы - векторлық графикалық редактордың кемшілігі болып табылады. Мысалы, векторлық кескінді оңай масштабтауға, яғни оның өлшемдерін бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу арқылы өзгертуге болады. Векторлық кескіндермен жұмыс істеудің кемшілігі - оларды растрлық сияқты жай ғана өзгерте салуға болмайтындығы.
Векторлық графиканың қолданылу саласы өте кең:
- біріншіден, ол компьютерлік полиграфияда өте үлкен рөл атқарады. Оңай масштабталатын және баспа өнімдері мен бейнематериалдарда қолданылатын жүздеген түрлі түсті сурет (адамдардың, заттардың бейнесінен бастап, оюлар мен әшекейлерге дейін) векторлық әдіспен түсіріледі;
- екіншіден, векторлық әдіс конструкторлық және ғылыми жұмыстардағы компьютерлік сызу автоматтандырылған жобалау жүйелерінде, үшөлшемді графикада және т. с. с. таптырмайтын әдіс болып табылады.
Векторлық графиканы құруға және өңдеуге арналған программалық құралдарға графикалық редакторлар (мысалы Adobe Illustrator, Macromedia Freehand, Corel Draw) және векторизаторлар (трассирлеушілер - растрлық бейнелерді векторлыққа ауыстыратын программалық кешендер, мысалы Adobe StreamLine, CorelTrace) жатады.
Векторлық редактор Adobe Illustrator осы тектес программалардың ішіндегі ең танымалы. Оның ең басты ерекшелігі Adobe компаниясының басқа өнімдерімен жақсы қарым-қатынасында, оның ішінде ең алдымен Photoshop және PageMarker кешендерімен. Бұл программалар бір стильде орындалып, бір кешенді құрайды.
Векторлық редактор Macromedia Freehand қарапайым интерфейсімен жаңадан үйренушілерге қолайлы құрал болып табылады. Программа аз мөлшерімен және жақсы жылдамдығымен ерекшеленеді. Аппараттық ресурстарға қоятын талабы аз болғандықтан орташа деңгейдегі компьютерлерде жұмыс істей береді. Программа құралдары күрделі құжаттармен жұмыс істеуге жеткілікті, тек кейбір элементтерде ғана Adobe Illustrator және Corel Draw сияқты қуатты құралдарға жол береді.
Векторлық редактор Corel Draw Windows платформасында жұмыс істейтін негізгі векторлық графиканы құру және өңдеу кешені болып саналады. Оның ерекшеліктеріне дамыған басқару жүйесі және кеңейтілген құралдар жатады. Ең күрделі көркем композицияларды құру мүмкіндіктеріне қарай Corel Draw бәсекелестерінен әлдеқайда алда тұр. Алайда программаның интерфейсі игеруге күрделі.
Трассирлеуші Adobe StreamLine өзі тектес программалардың ішінде заңды түрде алдыңғы қатарда тұр. Сызбаларды өңдеуге арналған басқа да қуатты кешендер бар болғанымен олардың аппараттық құралдарға қоятын талабы күшті, әрі бағалары да қымбаттырақ. Adobe StreamLine растрлық графикадан векторлық графикаға ауыстырғанда өлшемдерді өте дәл қоюға мүмкіндік береді. Векторизациялау ең алдымен сызбалар, ақ-қара суреттер және басқа қарапайым графика үшін қолайлы. Күрделі және түрлі-түсті бейнелерді нашарлау өңдейді, және нәтижесі түпнұсқаға ұқсау үшін біраз жұмыс жасауды қажет етеді.
Компьютерлік графика растрлық пен векторлық болып қана қоймай, фракталдық болып та бөлінеді.
Фракталдық графика. Фракталдық графика векторлық графика сияқты, математикалық есептеулерге негізделген. Егер растрлық графикада негізгі элемент растр (пиксель), ал векторлық графикада - сызық болса, фракталды графикада негізгі элемент - математикалық формула, яғни компьютер жадында ешқандай объектілер сақталмайды, бейнелер тек теңдеулер көмегімен ғана салынады.
Компьютерлік графиканың қолдану салалары
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын. Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын арнайы программалық қамтамасыз етулері жасалады. Компьютерлік графиканың төмендегідей бағыттары бар: 1. Ғылыми графика
2. Іскерлік графика 3. Конструкторлық графика
- Безендірмелікграфика.
- Көркемдік және жарнамалық графика
Ғылыми графика. Бұл бағыт бірінші пайда болды. Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика, ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, експеримент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т. с. с. түрінде қолданылады. Ал, білім беруде - мультимедиалық программалық құралдар түрінде қолданылады. Іскерлік графика. Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын безендірмелер (иллюстрация) жасауға арналған. Іскерлік графика көмегімен жасалынатын безендірме материалдар объектісі - жоспарлық көрсеткіштер, есеп құжаттар, статистикалық мәліметтер, бұл графиктер көбінесе диаграмма түрінде болады. Білім беруде компьютерлік графика университеттердегі дәріс оқуда, мектептегі сабақ беруде, компьютерлік оқыту программаларында, сонымен бірге Internet беттерінде қолданылады. Іскерлік графиканың программалық құралдары әдетте кестелік процессорлардың (электрондық кестелердің) құрамына кіреді.
Конструкторлық графика. Бұл автоматтандырылған проектілеу жүйесінің элементі. Оның міндеті:
- техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшөлшемді бейнелерді алу) сызба дайындау;
- модельдеу (графика+есептеу) - оптимальды конструкциялау.
Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар көмегіменсурет салу;
Көркемдік және жарнамалық графика. Ӛте күшті графикалық пакеттерді пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер, қиын шынайы графикалық бейнелер құру. Яғни, графикалық бейнелерді құру және өңдеу үшін қолданылады, мысалы, баспа басылымдарын, жарнамалық роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу, мультфильм құру, видеосабақ, компьютерлік ойын жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.
Дәріс 2.
Түс ұғымы. Түстік палитра. Түстік моделдер. Түстер теориясының негізгі түсініктері.
RGB аддитивті түстік модельдері. CMY(К) түстік моделі. HSB және HSL түстік моделі. . Ғылымда адам көзі жануарлардан айырмашылығы түсті айыра алатындығын дәлелдеген. Көз сырттан ақпараты қабылдайтын каналдар бірінің функциясын атқаратындықтан, түс оны интерпретациялау процесінде маңызды роль атқарады. Түстің адамға әсері көп. Ол күнделікті өмірде біздің көңіл күйімізді анықтайды. Біздің жұмыс қабілетімізге және психологиялық жағдайымызға әсер етеді.
Түстік модельдер Түстік модельде құру негізінде әмбебап тілдерді қолдану жатыр, олар математикалық стандартты өрнектер көмегімен нақты түсті сипаттау тәсілін іске асыруға көмектеседі. Олардың көмегінсіз сандық кескіндердің баспаның редактрлеу, сканерлеудің өңдеудің ешбір кезеңін орындай алмаймыз.
Қазіргі компьютердегі программада түспен басқару режимдерге түстік модель көмегімен іске асырылады. Түстік модельдер (немесе түстік кескіндік ) түсті сипаттаудың концептуальды және мөлшері үшін амалдарын ұсынады. Негізгі түсті концептуальды ұсынылын танысқаннан кейін сіз жұмыс барысында түстер арасындағы қатынасты жақсы түсінесіз. Режим бұл анықталған түстік модельдердің нақты графикалық программа көлемінде іске асырылу тәсілі.
Түстік модельдің түсінігі Түстік модельдер (color model) спектрдің анықталған түстік ауданын математикалық сипаттау үшін қолданылады. Көптеген компьютерлі түсті модельдер адамдар көзімен қабылданатын үш негізгі түстер қолдануға негізделген. Әр негізгі түске анықталған сандық код мәні меншіктеледі, содан кейін қалған түстердің барлығы негізгі түстер комбинациясы ретінде анықталады. Осындай тәсілді сүретшілер шектеулі түстер палитрасы базасында сүрет салу үшін қолданады. Түстік модельдер түсті математикалық ұсынылуына қарамастан әлсіз. Бірақ олар компьютерлік программада шығарылатын түстің бірмәнді анықталуы үшін қолданылу ыңғайлы. Егер мониторға R. 255 G000 Б255 түсті сигналын жіберсек онда жақсы мониторда жақсы бір түс пайда болу керек. (берілген жағдайда ) өзінің негізінде не жатқанына тәуелсіз кез-келген модель үш талапты қанағаттандыруы керек: қандай болмасын нақты құрылғы мүмкіндіктеріне тәуелсіз, түстерді кейбір стандартты әдіспен анықтауды іске асыру; қайта өңдейтін түстер диапазонын нақты беру; түстерді қабылдау механизімін ескері шағылысу немесе сәулелену.
Қазіргі графикалық дестелер керек түсті модельді таңдау үшін дамыған интерфейстер орналасады. Ары қарай бұл бөлімде қазіргі графикалық дестелерде қолданылатын көптеген түстік модельдер толық қарастырылады.
Түстік модельдер типі Графикалық дестелердің көпшілігі түстік модельдердің кең көлемімен операцияларды олардың бір бөлігі арнайы мақсаттарға құрылған, ал келесі бөлігі-бояудың маңызды типтері үшін атап өтелік CMY, CMYK, RGB, HSB, HLS, Lab, YIQ және YCC. Әрекеттер принциптері үшін аталған түстік модельдерді үш класқа бөлуге болады. аддитивті (RCB), түстерді қоюға негізделген; субтрактивті (СМУ, СМУК) есептеу операциясының негізін құрайды (субрактивті синтез) перцепционды (HSB, HLS, Lab, YCC) қабылдауға қор жинайды. Нақты түстік модельге көшпестен бұрын түс табиғатына тән физикалық заңдылықтарға назар аударайық.
Аддитивті түстік моделдер Аддитивті түсті әртүрлі түстер жарық сәулелерін біріктіру жолымен Грассман заңы негізінде алынады. Көптеген түстері үш негізгі түстік код көрінетін спектрдің компоненттерін араластырылғанда алынады. Мұндай түстер теорияда бастапқы түстер деп аталады, қызыл (Red), жасыл ( Green) және көк (Blue) түстер. Бастапқы түстерді жұпты араластырғанда екінші түстер пайда болады: көгілдір (Cyan), сары (Yellow) бастапқы және екінші түстер қорлық үстерге жатады. Көрінетін түстердің барлық спектрын алуға болатын түстерді қорлық түстер деп атайды. Аддитивті синтез көмегімен жаңа түстерді алу үшін әртүрлі комбинациялауға 2 негізгі түстерді қолдануға болады. Қызыл және жасыл түстерді қолданып екі бастапқы қорда жаңа түстерді алу сұлбасы келтіріледі. Қызыл және жасыл әртүрлі пайызды екі бастапқы шешім базасында түстерді жаңа түстер аддитивті синтез. Аддитивті түстер жарақаттану жүйелерінде видеожүйелерінде, фотоүлгілерінде, жазба құрылғыларында, мониторда, сканерде, сандық комераларда, кең қолданыс тапты. RGP модельдерді тұрғызу үшін қолданылатынбастапқы немесе Аддитивті түстердің тағы бір атауы. Кейде интенсивті жарықты түске қосқан кезде түстер көбейеді мұндай модельдерді қосатын немесе терминдер деп аталады, олар RGВ -модельді сипаттау үшін қолданылады.
Субрактивті түстік модельдер Монитор экранына қарағанда жарық шағылысуына негізделген түстерді қайта өндіру, баслатын бет тек түсті ғана бейнелейді. Сондықтан бұл жағдайда RGB модель қолайсыз. Оның орнына басылатын түстрді сипаттау үшін субрактивті түстерге бағаланатын сму моделі қолданылады. Аддитивті түстердің субрактивті түстерден айырмашылығы жарықтың жалпы сәулесінен екінші түстерді есептеунде. Бұл жүйеде ақ түс барлық түстер болмағанда пайда болады, олар болғанда қара түс береді. Соңғы кезде «субрактивті» терминнің синонимі деп «шығарылатын» термині қолданылады. Бұл атау бояғыш жабылған жарықтың шағылысуына байланысты пайда болады. үш базалық түстің көгілдір, қара қошқыл, сары қағазға түсуі көптеген субрактивті түстерді құруға мүмкіндік береді. Түстің субрактивті синтез негізінде жатқан физикалық процестер «шағылысқан және бейнеленген түс» бөлімінде қаралған. Біз осы модельді қолданудың кейбір бөлшектерін атап өтеміз.
Біз аддитивті және субрактивті түстерді байланыстратын қатынас жазуымыз керек:
Жасыл+көк=көгілдір
Жасыл+қызыл=сары
Қызыл+көк=қара қошқыл
Жасыл+көк+қызыл=ақ
Көгілдір+сары+қара қошқыл=қара
Сонымн бояғыш жағылған қағазға ақ жарық түскенде не болады. Егер бояғыш көгілдір болса онда, спектірден қызыл түсті алып, көгілдір түсті бейнелейді. Қарақошқыл жасыл түсті, сары - көк түсті, егер басу кезінде қара қошқыл мен сары түсті қойса, онда қызыл түс алынады. Субрактивті түсті үшеуінде қойса, онда нәтижесі қара болады. Полиграфияда бояйтын затты баспа бояуы д. а. бояу сүйық немесе қатты пигмент бөліктерінен тұрады. Қатты пигмент бөлігінің орнына бояғыштар қолданатын бояулар бар, оларды әдетте қара сия деп атайды. Бояулар, сиялар тлерлер триадты немесе аралас деп бөлінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz