Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: тарихы, маңызы және патриоттық тәрбие

Күні: 15. 12. 16жыл

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- тірегім»

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Тақырып, ән ұран, суреттер т. б.

Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол.

1-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,

Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Та-тас көшеде тас -талқан боп өлгені

Ақталды бодақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады

2-оқушы: Тәуелсіздік биік болсын, тұғырың.

Тарылмасын терең алған тынысың

Бұдан алған күндеріміз құрсын,

Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.

3-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын, айналайын, қасиетті халқымның.

4-оқушы: Тұрағым Қазақстан елді мекенім,

Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

Ән:Ақ көгершін.

Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік алған 21жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз. Барлығымыз тәуелсіз заманның, егеменді елдің бақытты қожасы болдық. Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн дегім келеді. Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі, көрмеген қасіреті қалмаған.

Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі. Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді. Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң. Тәуелсіздік монументі Елбасының Н. Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші, Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған.

1986жылы 16желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек»деген тілегімен жиналды. Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекшк. Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы. Сөйтіп, 1997жылы 17шілде де Қазақстанда «тіл туралы»заң қабылданды. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады. Қазақ тілі өте бай, терең мағыналы, көркем тіл.

16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Хор: «Арайлап таңым»

Қорытынды:Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.


Ұқсас жұмыстар
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: тарихы, маңызы және патриоттық тәрбие
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы, символикасы және патриоттық тәрбие
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістемесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні: тарихы, маңызы және орындау мәдениеті
Балаларға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және патриоттық тәрбие сабағы
Мектептік әдеби-сахналық кеш: Қазақстан тәуелсіздігі және Желтоқсан оқиғасының маңызы
Бабалар аманаты: Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы және патриоттық тәрбие
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: Қазақстан тарихы мен патриоттық тәрбие
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: мәні және патриоттық тәрбиедегі рөлі
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні: Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, қызметі және патриоттық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz