Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі

МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Қазақ отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие . . . 5
2. 2 Өзін-өзі тану-рухани тәрбие көзі . . . 12
2. 3 Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтар . . . 17
ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2. 1 Қарттарға қамқорлық жасайық
(Тәрбие сағатының сценарийі. ) . . . 20
ІІІ. Қорытынды . . . 23
Қолданылған әдебиеттер . . . 24
КІРІСПЕ
Мақсаты: Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтаы келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы.
Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие - ел болашағы.
Міндеті: Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т. б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. [17, 26]
Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлыҒы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Зерттеу объектісі: Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ қазақ отбасында адам зиялылығының негізі - ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ халқында ерекше кұрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі - ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.
Өзектілігі: Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. [5, 20]
Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын деген болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ.
2. 1 Қазақ отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. [3, 34]
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т. б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Абайдың бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) . [6, 27] Қазақ халқы - мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Сералин, М. Әуезов, С. Мұқанов, С. Көбеев, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету . Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы,
ХҮП-ХҮШ ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері
Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жанды жүрек, қан қайнап.,
Ел-жұртты қорғайлап
Өлімге жүрміз бас байлап, -деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан
аямай, кескілесе күресуге шақырады.
XIX ғасырда өмір сүрген Д. Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді:
Ер қолынан іс келмес, Жігерім болса жетем де,
Сарбаздайын тайсалмай. Еліме барып ел болам.
Буынып белін бекінбей, Жігерсіз болсам жетесіз,
Зердесі жігер қайнамай . . . Қойын жайып құл болам . . .
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отансүйгіштікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. [1, 30]
Махамбет, Ақтамберді, Шал, т. б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М. Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. [24, 29]
Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы. Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б. Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды.
"Ерлік тәрбиеден туады" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С. Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз. [2, 43]
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С. Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. " Туған елін сүю сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлтжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.
С. Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.
С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді.
Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген С. Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - отаншылдық (патриоттық) қасиеттер. Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раітів - отан деген сөзі, ең бірінші рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолданылды. Монархияға қарсы күресіп революцияны қорғаушыларды патриоттар деп атады.
В. И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын сүйіп, оның қуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. [4, 26]
Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді. Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:
- әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;
- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлау;
- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетістіктерге оң баға беру;
- олармен жақсы қарым-қатынаста болу. [13, 28]
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсақ:
- Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
• Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
• Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы. Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ащы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше. Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ұсынамыз.
"Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамнан өз анасынан басқа
жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,
Қадамына, шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
Ұлттың қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Халқымыздың рухани бейнесін әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар, т. б. бейнелейді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақ жайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты
терең білуі қажет. [27, 40]
Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдың бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері мен мазмұны және негізгі бағыттарын алып қарастыратын болсақ:
Халықты азаматтық, гуманистік рухта тәрбиелеу . "Ел боламын десең, бесігіңді түзе". М. Әуезов. Адамгершілік тәрбиеде гуманистік рухта тәрбме берудің бір негізі-діни рухтық тәрбие болып табылады. Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады.
Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдың "ғылымхалын", Абайдың "Қара сөздеріндегі" діни рухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдауына сай лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу. [21, 41]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz