6-сынып биологиясы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңданудың түрлері - №15 зертханалық жұмыс (бунақденелілер мен жел арқылы тозаңданатын гүлдерді салыстыру)

Күні 20. 11. 2015ж.

Сыныбы 6 сынып

Пәні биология

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдану, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру) .

№15 зертханалық жұмыс.

Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы жайлы толық мағлұмат беру.

Білімділік : өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы жайында қысқаша шолу;

Тәрбиелік - түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Дамытушылық - өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануымен танысу арқылы пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларының бар ынта жігерін сабаққа аудару.

- Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

- Жаңа сабаққа зейіндерін тұрақтандыру.

- сынып тазалығына көңіл бөлу.

II. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Гүл бөлімдерін ата

Тостағанша жапырақтың күлте жапырақтан айырмашылығы неде?

III. Жаңа сабақты меңгерту.

Жынысты көбею - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері - аталық пен аналық

Тозаңдану - аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.

Өздігінен тозаңдану - бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты гүл) түсуі.

Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық, тары өсімдіктерінің гүлдері.

Айқас тозаңдану - бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі. Айқас тозаңдануы - бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі.

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.

Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз, құмырсқалар гүлдің тозаңымен, шірнесімен қоректенеді. Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне

тозаңдар жабысады. Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузында қалып, тозаңдануға себепші болады.

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары, лимон.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы, қарабидай, қарасора, қайың, емен. Тозаңдануы ауа- райына байланысты. Бұлтты, жаңбырлы күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді.

Ұрықтану - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады.

IV Сабақты қорытындылау: мысалар келтіру.

V Оқушыларды бағалау.

VI Үй тапсырмасы: : $22 78-80 бет оқуға.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып биологиясы: Түр, түр критерийлері мен популяция; өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері (№7 зертханалық жұмыс)
6-сынып биологиясы: Балдырлар бөлімі - біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы (№17 зертханалық жұмыс)
6-сынып биологиясы: Гүлдің құрылысы - сабақ жоспары және зертханалық жұмыс
6-сынып биологиясы: Буылтық құрттар типі бойынша панорамалық сабақ, зертханалық жұмыс және бағалау әдістері
8-сынып биологиясы: бунақденелілер класының құрылысы, дамуы, маңызы және зияны
6-сынып биология пәні: Өсімдіктердің жынысты көбеюі - тозаңдану мен ұрықтану (сабақ жоспары)
8-сынып биологиясы: Жүректің құрылысы, қақпақшалары, жұмыс кезеңдері және қан тамырлары (зертханалық жұмыс №11)
7-сынып биологиясы: Өсімдіктердің қозғалысы, тропизмдер, таксистер және фотопериодизм
6-сынып биологиясы: сабақтың түрлері, құрылысы және қызметі
7-сынып биологиясы: Құстардың көбеюі мен дамуы - №10 зертханалық жұмыс, тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz