Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың міндеті

Сабақтың тақырыбы: ь дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: ь дыбысын таныту, меңгерту
Сабақтың міндеті:
1. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту
2. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаза алуға, сөз ішінде жіңішкелік белгіні дұрыс пайдалануға дағдыландыру
3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту
Сабақтың түрі: жаңа
Әдісі: түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрнекілік
Көрнекілігі: ь белгісі кездесетін заттар суреттері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
II. Өткенді пысықтау
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ч дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ч дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?
III. Жаңа сабақ
Мақсаты: жаңа ь дыбысын таныстыру, оның орыс тілінен енген дыбыс екенін айтып өту
1) мағынаны тану
- ь - жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылып айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.
2) жұмбақ жасыру
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)
3) ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру
Мақсаты: ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту
- лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер
- Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь - балалардың демалыс орны
рояль - музыкалық аспап
альбом - сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық
циркуль - өлшеуіш құрал
фильм - кино
рельс - пойыз жолы
коньки - сырғанақ жабдығы
компьютер - техника
- ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу
- ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу
- осы сөздерді буынға бөлдіру
- 1 буынды сөзді тапқызу
- 2 буынды сөзді тапқызу
- 3 буынды сөзді тапқызу
4) Суретпен жұмыс
Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ойлау кеңістіктерін кеңейту
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату
- мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату
5) Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Өлең жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
- <<Лагерь жыры>> өлеңін оқу
- Өлең не туралы екенін түсіндіру
- Өлеңді жаттату
6) Дәптермен жұмыс
- ь әрпінің жазылу түрін көрсету
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу
- ь әрпіне берілген сөздерді жаздыру
- диктант жаздыру
ь, лагерь, альбом, фильм, коньки, циркуль, компьютер. Балалар жазда лагерьге барды. Оқушылар лагерьде қызықты ойындар ойнады.
IV. Сабақты қорытындылау
- Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Оның жазылу түрін кім көрсетеді?
- ь дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Дидактикалық ойын: <<Жоғалған буындар>>
..... - бом, ла -....., ро -.....,..... - ки
Мадақтау

Астана гуманитарлық колледж

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: ь дыбысы мен әрпі

Орындаған: Барланқызы М.
Тексерген: Аубакирова. А.М

2018 жыл

Ұқсас жұмыстар
Есептер шығару сабағы
Ішкі бөкей ордасы
Абайдың мұражай -үйі Мақсат және қимыл- сын
Айналу денелерінің көлемдері
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы. Сабақтың барысында оқушылардың ой – өрісін кеңейту, есеп шығару қабілетін дамыту
Ауыр доппен жаттығулар
Комплекс сан ұғымы. комплекс сандарға амалдар қолдану
Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы
Материалдық мәдениет
Тармақталу командасы
Пәндер