Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Көбелекті бейнелеу


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін
мектептің бейнелеу өнері және технология пәні мұғалімі Қажымұратова
Венера Санкибаевна

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Көбелекті бейнелеу»
Білімділік мақсаты: Симметрия туралы түсінік беру, көбелек бейнесін
салып үйрену, палитра арқылы қосынды түсті тауып, көбелек қанаттарының
түсін бояу, бейнелеу өнері пәнінің терминдерін білу;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, білімін, шығармашылық
қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Өнерді қастерлеуге, эстетикалық тәрбие беруге,
ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жазықтықта бейнелеу;
Сабақтың көрнекілігі: «Спектр» шеңбері; салқын, жылы, қосынды түстер
таблицасы; сурет көрмесі; суретшілер шығармалары; табиғат әуендері;
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ:
ІV.Сергіту сәті.
V. Сарамандық жұмыс
VI.Үйге тапсырма
VIІ.Сабақты қорытындылау.

І.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабаққа қатысуын түгендеу:
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, талқылау, бағалау.
ІІІ.Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта табиғатта кездесетін әдемі жәндіктердің бірі
көбелектерге
тоқталамыз.
- Балалар сіздерге көбелек несімен ұнайды? (оқушылар жауабы)
А.Әлімқұловтың «Көбелек» өлеңін оқиын.
Мен теймеймін жасқанба,
Дос болайық, көбелек!
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан жел соғып,
Жаңбыр жауса себелеп,
Тақиямның астына,
Тығыла кет, көбелек!
(Интерактивті тақтадан көбелек түрлерін бейнесін көрсетемін)
- Балалар! жаз, табиғат, көбелек туралы мына шумақтарменде баяндай
аламыз:
Жаздыгүні шілдеде
Жеміс пісіп толады.
Қызыл, жасыл гүлдерге
Көбелектер қонады.
- Балалар табиғат аясында көбелекті қалай, қайда кездестірдіңдер?
(Оқушылар жауабы)
Бүгінгі сабақта балалар: «Көбелектер» деген тақырыпқа композиция
құрамыз. Әдемі көбелектерді салмастан бұрын «симмитрия» деген сөзбен
танысамыз.
«Симмитрия» деп қандай да заттың немесе бұйымның екі бүйірі
немесе екі жағының тепе тең болуы. Мысалы: жапырақ, саңырауқұлақ, өрнек,
құмыра, қоңыз (қағазды ортасынан бүктеп қиып көрсетемін)
Көбелекті бейнелеу үшін бізге: қарандаш, альбом, палитра тақтайшасы,
акварель краскасы, №1, №3, №6 қылқаламдар, керек. Суретті салмастан
бұрын форматқа көбелектің орнын композициялық тұрғыда белгілеп аламыз. Яғни
орналасу бағыты форматтың ортасы болу керек.
Көгорай шалғын жерлерден көптеген әдемі көбелектер көруге болады. Көк
шөпте отырып оларды ұзақ қадағаласаң өте тамаша әсер қалдырады. Ал егер
ұстап көргің келсе, табиғаттың осынау керемет, аса нәзік туындысын
жарақаттап, кемтар етіп қоймауға тырысыңдар.
Көбелектің бәрі ашық реңді бола бермейді. Мысалы, ағаштың
қабығына
қонып отырған түңгі қоңыр көбелекті ешкім де байқай алмайды.Сиқырлы қалпақ
киіп алған ба дерсің. Оның әр келкі сұр өрнекті қанаты қабықтың бетімен
бедерлес, біркелкі.
Көбелектің ғылыми түрдегі атаулары: адмирал, галатея, махаон, ақ
көбелек, көк көбелек т.б.түрлері бар.
Бүгінгі сабақта салатын көбелектерімізді «салқын», «жылы» түстермен
бояймыз. Оқушыларға «Спектр» шеңберіндегі түстерді қайталап айтып естеріне
түсіремін. Салқын түстер деп: көгілдір, көк, сия көк, күрең қызыл, көкшіл
жасыл түстерді айтамыз. Табиғатта салқын мұз, қар, су, аспан түстерін
яғни Жылы түстер деп:сары, қызғылт-сары, қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Сабақ
барысында көбелек бейнесін палитра есебінде алып жылы түстердің
реңін форматтың бір жақ бетіне, көбелектің бір жақ қанатын бояп,
форматтың екінші бетін беттестіреміз. Қағаз бетін ашқанда көбелектің
қанаттары бірдей симметриялы шығып, әрі түстеріде бірдей болып қайталанады.
Екінші көбелекті бейнелегенде салқын түстерді қолданамыз.

ІV. Сергіту сәті.

V. Сарамандық жұмыс:

Оқушылар альбомдарын ашып композиция құруға кіріседі.
Балалардың ой-өрісінің дамуына, қиялына, өзін еркін ұстауына, ойлануына
саз әуені психалогиялық тұрғыдан жақсы әсер береді. Сондықтан
оқушылар жұмысқа кірісерде Италия композиторы, дирижёры, педагогы Антонио
Вивальдидің «Табиғат әуендері» деген симфониялық сазы қойылады.

VІ.Үйге тапсырма: «Жылы» түсті, «салқын» түсті көбелек тақырыптарына
композиция құрып келу.
VІІ.Сабақты қорытындылау: Жақсы орындалған жұмыстарға тоқталып, қате
жұмыстарға ескертпелер айтылады.
«Табиғат» сөзіне топтастыру стратегиясы бойынша оқушылардың өздері
үйден орындаған шығармашылық суреттері арқылы қортындылау.

[pic] [pic] [pic] [pic]

[pic] Табиғат [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic]

Ұқсас жұмыстар
Көбелектер әлемі
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі. 7 сынып
Ата - анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі
Жоғары сынып оқушыларын арналған сыныптан тыс шара "менің таңдауым өмір"
Бисерден көбелек тоқу
Жарақаттың түрлері
Өмір - шексіз керуен
Бай баласы мен жарлы баласы
Құрметті ата - аналар
Неделя молодого педагога
Пәндер