М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Тәуелсіздік күніне арналған студенттік патриоттық фестивалі Тәуелсіздік - тірегім сценарийі

Бекітемін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры, академик А. С. Иманғалиев

«___» 2015 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТІРЕГІМ» АТТЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ УНИВЕРСИТЕТІШІЛІК ПАТРИОТТЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ СЦЕНАРИЙ

Фестивальді өткізу мақсаты: Студент жастардың Қазақстан болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және дарынды жастарға қолдау көрсету.

Сценарий барысы:

Бейнеролик: «Тұңғыш Президент. Тәуелсіз Қазақстан!» (жаңа ролик)

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студентер және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Тәуелсіздік- тірегім» атты студент жастардың университетшілік патриоттық фестиваліне қош келдіңіздер!(бірге)
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
Уа, халайық, Құтты болсын қуаныш!

1 - жүргізуші: Құттықтау сөз М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жобалар және халқаралық қатынастар жөніндігі проректоры Имашов Ғизатолла Имашұлынаа беріледі.

2 - жүргізуші: Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда « » әнін орындайтын «Қоңыр» тобы

1 - жүргізуші: Сөз кезегін М. Өтемісов атындағы БҚМУ Студенттік Ғылыми Қоғамының төрағасы Сапарбаев Жұмабек Cүйеубайұлына беріледі.

2 - жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

1 - жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Кәусар» триосының орындауында « » әні

1 - жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған « Тәуелсіздік - тірегім» университетішілік патриоттық GALA-форумының ашылу салтанаты өз мәресіне де келіп жетті.

2-жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Ашық тәрбие сағаты: Қазақстан - тәуелсіздік, мемлекеттік рәміздер және патриоттық тәрбие
Менің Қазақстаным: Тәуелсіздік пен мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған музыкалық-әдеби композиция
№46 орта мектепте өткізілген Тәуелсіздік күніне арналған Білгірлер сайысының сценарийі
Тәуелсіздік және Желтоқсан: тарих, мемлекеттік рәміздер және патриоттық тәрбие
Мектепалды даярлық тобының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігі - Менің елім Қазақстан
Тәуелсіздік күніне арналған Мен елімді әнге қосып мақтан етем патриоттық әндер кешінің бағдарламасы
Тәуелсіздік таңы: тәуелсіздік тарихы және патриоттық тәрбие
Қазақстан: тәуелсіздік, мемлекеттік рәміздер және бейбітшілік пен бірлік
Менің Отаным - Қазақстан: Тәуелсіздік пен патриоттық тәрбиеге арналған мектептік ертеңгілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz