Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жұмыста жетістікке жету
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
<<Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі>> КМҚК
Бекітемін
Директордың әлеуметтік
және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
_________ Б.Ж.Бахтиярова
<<____>>____________ 2018 ж.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОП САҒАТЫ
Тақырыбы: <<Мен және менің жетістігім>>
Дайындаған: 3 қысқартылған ИС тобының
жетекшісі А.Б.Қалымжанова
2017-2018 оқу жылы
Топ сағатының тақырыбы: <<Мен және менің жетістігім>>
Топ сағатының мақсаттары:
Оқушыларға атақты адамдардың өмірбаяндарын арқау ете отырып, табысқа қол жеткізудің жолдарын көрсету; оқушыларда өз мүмкіндіктерін талдай білу, алдарына үлкен мақсат қоюға қорықпау қасиетін ояту; оқушылардың өмірге бейімділіктерін арттыру, заман талабына сай тұлғаны қалыптастыру, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге баулу, бірлікке, татулыққа шақыру
Топ сағатының формасы: шығармашылық сағат
Топ сағатының өткізілу уақыты: 12.04.2018 жыл
Өткізілу орны: 802 дәрісхана
Қатысушылар: 3 қысқ ИС тобының студенттері
Өткізілу уақыты: 45 минут
Барысы:
І Пікір алысу.
1. Жетістік дегеніміз не?
Жетістік дегеніміз - рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де - жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман - жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік - адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыға адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолдарының бірі - жетістік.
2. Жетістікке жету үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
Үлкен жартышарлар
Адам өмірінде мидың үлкен жартышарлары маңызды рөл атқарады. Мидың ерекшеліктерін біле отырып, адамның қандай салада табысқа көбірек жете алатынын болжауға болады. Біздің қай жартышарымыз жетекші екенін қалай білуге болады?
Мінезге экспресс-талдау жасау әдісі ойлап табылған. Бұл әдіс өмірдің соңына дейін өзгермейтін төрт қасиет арқылы анықталады.
1. Қолдарыңыздың саусақтарын айқастырсаңыз, қандай да бір саусақтың ылғи да жоғарыда тұратынын байқайсыз. Егер бұл сол жақ саусақ болса, сіз эмоционалдыадамсыз. Оң жақ саусақ болса - сізде логикалық ойлау дамыған.
2. Қалам арқылы бір нүктеге <<көздеңіз>>. Оң көзіңіз жетекші болса - мінезіңіз орнықты, өз айтқаныңыздан қайтпайтын адамсыз. Сол жақ көзіңіз жетекші болса - мінезіңіз жұмсақ, көнгіш келеді.
3. Егер қолдарыңызды кеудеңізде айқастырған кезде үстінде сол жақ қолыңыз болса, онда сіз менменшілдікке бейімсіз, оң жақ қол болса - қарапайымдылыққа бейімсіз.
4. Егер шапалақтау кезінде оң жақ қолмен шапалақтаған ыңғайлы болса, батыл, жылдам шешім қабылдайтын мінез - құлық туралы айтуға болады. Сол жақ қолыңыз болса, қандай да бір шешім қабылдау үшін көп ойланасыз.
3. Жетістікке жетуге бөгет жасайтын факторлар не деп ойлайсыздар?
Уақыттың жауларын білесіздер ме?
Психолог А.Файзуллина уақыттың жаулары деп мыналарды айтады:
Түсініксіз мақсаттар.
Тыңдай білмеу.
Жоқ деп айта алмау.
Телефонмен сөйлесу.
Асығыс шешімдер.
Бәрін бірден орындауға ұмтылу.
Ұмытшақтық.
Толық ақпараттың болмауы.
Өзіндік тәртіптің жоқтығы.
Жұмыс уақытында шай ішуге кететін үзілістер.
Жоспарлай білмеу.
Тосын шешімдер.
Жұмысты аяғына дейін жеткізбеу, т.б.
<<Түйіншекті шешу>>
Топ жетекшісі:
Қараңыздар, мынау жібек орамал. Ал енді мен мұнда түйіншектер жасаймын (5 түйіншек жасайды). Ал енді айтыңыздаршы, мынау жаңағы жібек орамал ма, жоқ па? - балаларға көрсетеді.
Қалжыныңыз ба? Әрине, бұл жаңағы орамал.
Жоқ, жаңағы орамал түйіншексіз болған. Бес түйіншек - бұл еріншектік, көре алмаушылық, ашуланшақтық, өзін ғана ойлаушылық, қанағатсыздық. Ал қазір мен осы түйіншектерді шешуге тырысамын. Маған көмектесіңіздер! - Топ жетекшісі түйіндерді екі жаққа тартады.
Сіз не істеп тұрсыз, сіз оларды шешкеннің орнына қаттырақ байлап жатырсыз ғой.
Сонда оларды қалай шешуім керек?
Алдымен, олардың қалай байланғанын көру керек. Егер біз оларды босатсақ, олар оңай шешіледі.
Бұл адамдардың көпшілігінде кездесетін бес теріс қасиеттер. Біздің міндетіміз - оларды шешу. Адамдар осы түйіндерден босатылса жетістікке жетеді.
Бақа туралы аңыз
Есте жоқ ерте заманда бақалардың балалары арасындажүгіруден жарыс өткізіліпті.Олардың мақсаты биік мұнараның басына шығу екен.Жарысты тамашалау үшін көптеген көрермендер жиналыпты. Олар орнында отырып алып, жарысқа қатысушыларды сынап-мінеп, мазақтап күліп отырады. Жарыс басталады...
Ақиқаты сол, бірде-бір көрермен кішкене бақалардың мұнараның ұшар басына шыға алатынына сенім білдірмейді.Мынадай дауыстар естіліп жатты:
<<Бұл өте қиын ғой!>><<Олар ешқашан биіктікті бағындыра алмайды!>>және<<Олардың мүмкіндігі жоқ, қолынан келмейді! Мұнара тым биік!>>
Ең кішкентай бақа қалың топты жарып алға шыға бастайды.
... Кенеттен жетінші түйсігі оянып, өзге бақалардан биікке оза секіре береді, секіре береді...Тамашалап отырған көрермендер әлі айқайлағанынтоқатар емес.
"Өте қиын!!! Біреуінің қолынан келмейді!"Жарысқа қатысушы бақалар шаршап-шалдығып, өкпесі өшіп, сүрініп жарты жолда бірте-бірте жарыстан шығып қалып жатты. Шешуші кезең келді.
Мәреге екі бақа ғана келді. Соңында әлгі кішкентай бақа бар күш-жігерін салып мәреге бірінші болып жетеді!СОЛ КЕЗДЕ жарысқа қатысқан бақалар таң қалып кішкентай бақаның жетістікке жетуінің сырын сұрай бастайды!
ШындығындаЖеңіске жеткен кішкентай бақа САҢЫРАУ екен!!!!
Бұдан шығатын қорытынды:
Көңіл-күйіңізге әсер етпесін десеңіз ешқашан жұрттың айтқан пессимистік және негативтік сөздеріне құлақ аспаңыз...
Әйтпесе, сіздің алға қойған бар арман, мақсаттарыңыздың орындалуына кедергі жасайтын болады.
Сөздің қасиеті барын ұмытпаңыз.
Сіздің әрбір естіген немесе оқыған нәрселеріңіздің бәрі де сіздің іс-әрекеттеріңізге әсер ететінін ескеріңіз!
Бір стақан су
Топ жетекшісі бір стақан суды ұстап, қолын созады. Бір стақан судың салмағы қанша?
Егер мен осы стақанды бірнеше минут ұстап тұрсам не өзгереді? Ештеңе.
Егер мен бірнеше сағат ұстап тұрсам не болады?Қолым ауыра бастайды.
Ал егер бір күн ұстап тұрсам не болады? Паралич болуы мүмкін. Емханаға баруға тура келеді.
Ал осы күні бойы ұстағаннан стақанның салмағы өзгереді ме? Жоқ, әрине. Істелуі қажет іс те солай. Бірден істемей, келесі жолға қалдыра берсек, біздің жағдайымыз ауырлай береді. Сондықтан бүгін істеуге болатын нәрсені ертеңге қалдырмағыздар.
Түйін.
Сен көз тастаған жер - ол сенің мақсатың. Сол жерге туыңды тігіп, ордаңды құр. Ол үшін рухани әрі дене қуатыңды сол мақсатқа сарқа жұмса. Жетістікөздігінен келмейді. Оның кілті: талап және еңбек. Не істесең де мақсатың менарманыңнан айныма. Ісің ойдағыдай істелсін, жұмысың жоспарланғандайатқарылсын, тілегің мұрат етілгендей орындалсын. Сонда жетістікке жетесің.Өмірде жақсы мен жаман қатар жүреді. Сен жақсылардың ізімен жүр,адаспайсың, Бірақ жолдың шегіне жеткенде тоқтап қалма, оны ары қарайжалғастыра біл. Сен де өкшеңді басатын өзгелерге жол сал.
4. Жетістікке қай жерде және қалай жетуге болады?
А) Колледжде жетістікке жету.
1. Күнделікті сабақ оқы.
2. Төменгі курс оқулықтарынан баста.
3. Оқытушылардан сабақтан тыс дәріс ал.
4. Ел сүйсінетіндей тәрбиелі бол.
5. Қоғамдық жұмыстарға белсене аралас.
Ә) Отбасында жетістікке жету.
1. Ата-анаңды құрметте.
2. Бауырларыңа ыстық бол.
3. Үй шаруасынан жалықпа.
4. Қонақтарға көңіл қой.
5. Өз отбасыңа дайындал.
Б) Қоғамда жетістікке жету.
1. Қоғамда адамдар бар.
2. Қоғамдық салт-дәстүр.
3. Қоғам біртұтас.
4. Қоғамдық көзқарас.
5. Қоғамдық ләззат.
6. Қоғамдық рақат.
7. Қоғамдық құлық.
В) Жұмыста жетістікке жету.
1. Жұмыс уақытына мән бер.
2. Жұмыста тиянақты бол.
3. Жұмысты жауапкешілікпен атқар.
4. Жұмыста өз пікірлеріңді білдір.
5. Әріптестеріңмен істесе біл.Түйін.
<<Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ>> деген халық даналығына құлақ сал.Білім жолын қу, оқы, адам бол. Қызыққа толы өмір сүрем десең, оқуыңболсын. Қандай білім алсаң, өмірде соның қызығын көресің. Сеналатын тәрбие ұлттық тәрбие болсын. Ана тіліңді, дініңді, салт-дәстүріңді,мәдениетіңді, тарихыңды бойыңа дарытып, ғұмырыңды осыларменнақыштай біл. Колледж қабырғасынан тек білім мен тәрбие алып шығамындесең, қателесесің. Колледжде сен үлкен өмірге дайындаласың. Бұл дайындыққоғамдық жұмыстарға араласудан басталады. Ата-анаңды көзі тірісінде де,дүние салғаннан кейін де сыйлап өт. Олардың ризашылығын алмай жеткенжетістігің ешкімге де керек емес. <<Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар>> дегенданалы сөз бар қазақта. Қоғам - жарыс алаңы. Бұл жарыста оза шауып бәйгеалу сенің қолыңда. Биікке талпынған адам әуелі өз жұмысына мән береді.Жұмыс үшін жаныңды аяма. Ғұмырың жұмыспенөрнектелсін.
<<Интервью>> ойыны
Тақтаға бір студент шығады. Көз алдыңызға елестетіңіз. Сіздің жасыңыз 80-де. Сіз өмірде көпті көрген адамсыз. Енді менің мына сұрақтарыма жауап беріңізші:
Алдымен отбасыңыз туралы әңгімелеп берсеңіз. Неше балаңыз, немерелеріңіз бар? Олар қайда жұмыс істейді?
Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?
Қандай жұмыспен айналыстыңыз?
Материалдық жағдйыңыз қандай?
Халыққа қандай еңбегіңіз сіңді?
Өмірде қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?
Оларды жеңу үшін не істедіңіз?
Сіз үшін өмірдегі ең басты құндылықтар не?
Сіздің өмірлік ұстанымыз қандай болды? Ол ұстанымыңыз сізге көмектесті ме?
Бейне ролик
Топ жетекшісі Қалымжанова А.Б.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz