Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ойын барысы

Дайындаған: БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинетінің психолог маманы Мухтарова Шынар Шоханқызы

Тақырыбы: Оқушылардың қарым-қатынасындағы қиындықтарды ойын арқылы түзету
Мақсаты: Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде
оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке үйрету, ұсақ қол
моторикасын дамыту.
Түзеу мақсаты: Оқушының танымдық процесін, есте сақтау, логикалық ойлау
қабілеттерін және жалпы моторикасын қалыптастыру. Ойынның ережесін түсініп,
мұғалімнің нұсқауы бойынша қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, қалам, түрлі түсті макарондар,
майшам, слайд көрсетуге арналған интерактивтік тақта мен проектор.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу. Сәлемдесейік иіліп
Жылы жүзбен жымиып
Қызығы мол сабақта
Ойнайықта күлейік.
Менің тренингтік есімім.
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр
оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.
Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап,
қортындылай келе тренинг сабақтың ережесін түсіндіреді.
ЕРЕЖЕ:
1. Құпиялылық
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
3. Белсенді боламыз
4. Бір-бірімізге ренжімейміз
«қазір» және «осында» принціпі
ІІ.Негізгі бөлім.
III.Жаттығу «Пульс ойыны»
Барысы: Дөңгеленіп тұрамыз. Бір – біріміздің қолымыздан ұстап бір-
бірімізге импульс береміз.
IV.Жаттығу «Жүретін орындықтар»
Мақсаты: топпен біріге жұмыс істеуге ынталандыру, кеңістікте бағдарлау
икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Ойын барысы: Ойынға 3-4 оқушы қатысады. Балалар үлкен бөлмеде қатар
қойылған орындықтардың екі жағынан ұстап музыка басталысымен алға қарай
жылжиды, ойында бірі біріне бөгет жасамай, итермей, музыканың қарқынына
қарай бірде баяу, бірде жылдам қозғала отырып, белгіленген межеге жетулері
керек. Кім басқаларды итермей, межеге бірінші жетсе, сол жеңімпаз атанады.
V.Жаттығу «Суретті аяқта»
Барысы: Оқушыларға плакатқа немесе тақтаға сурет салу ұсынылады. Әр оқушы
бір бірінің ойын түсініп, кезек-кезек шығып, суретті жалғастыру. Соңында
шыққан суретті бағалап, әркім өзі салған суретпен нені бейнелеуге
тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.
VI.Жаттығу «Төрт өлең»
Мақсаты: есту талдағыштарымен байланысты қозғалу талдағыштары дамиды.
Барысы: Ойыншылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші алдын ала келісіп
алады: «жер» сөзі айтылса барлығы қолдарын төмен түсіреді, егер «су» сөзін
айтса, қолдарын алға көтереді, «ауа» сөзі айтылса қолдарын жоғары, «от»
сөзін айтса қолдарының саусақ буындарын айналдырады. Кім қателессе, сол
бала жеңілген болып есептеледі.
VII.Жаттығу. Коллаж «Менің бойтұмарым»
Барысы: Берілген түрлі-түсті макарондарды жіпке тізбектей отырып, ішімізден
жақсы тілек тілеп, өз бойтұмарымызды жасаймыз.
VIII.Сергіту сәті
Әуен арқылы іс-қимылдар жасау.
- жай жүріс,
- балшықпен жүру,
- жаңбыр жауды, басымызға су тимес үшін не істейміз?
- жүгіру,
- орнымызға отырамыз.
IX.Жаттығу «Алақан жылуы»
Мақсаты: Алақан жылу арқылы топ мүшелері бір-біріне жақсы сөз айта білуге
және сол сөздерді сездіре білуге дағдыландыру.
Өту барысы:Ойынға қатысушылар бірінің үстіне бірі алақандарын қойып жақсы
сөздер айтады.
X. Жаттығу. «Импульс»
Барысы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің арқасына жасалған
іс-әрекеттерін келесі адамға қайталап жасау. Қандай  әсер алдыңыздар? Не
қиындық келтірді?
XI. Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз» Әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және
күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін
сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын
орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін,
бұл сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты кездеріңізді
еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге
тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз.
Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) оқушылар алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) жұлдыздарға болашақта өзіңізді қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) талқылау.
XII.Үйге тапсырма беру.
Өз досың туралы әңгімелеп кел.
XІII. Қорытындылау. «Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Міне, қоштасатын да сәт жетті, оқушылар. Бір - бірімізге мына шамды бере
отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында
айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.

Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі заттар суреттері, пішіндер
Ойна да ойла вариативтік компанет
Жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 2014 - 2015 оқу жылы
Суретті тіз
Дидактикалық ойындар
Саяси кейстің құрылымы
Кел тыңдайық ертегі
Түзету жұмысының барысы
Математикалық ойын есептер
Оқушының зейінін сабаққа аудару
Пәндер