Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары

Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
Кеңестөбе ауылы
<<Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп>>
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
тарих пәні мұғалімі
Арынбеков Марат
5 сынып

Қысқа мерзімді жоспар
ҚМЖ
Мектеп: Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Арынбеков Марат

Сыныптағы оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
5.4.2.1. еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Сабақ мақсаттары:
Тас дәуіріндегі Қазақстанда табылған тұрақтарды анықтап, археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін білу, қазақстандық археологтармен танысу
Бағалау критерийлері:
Білу және түсінудағдысы:тұрақ,оба,бифас, ретушь, микролит ұғымының мағыналарының кемінде 4-уін біледі;
Қолдану дағдысы:тас дәуірі тұрақтарының табылған аймақтарының кемінде 4-уін картадан көрсетеді;
Сыни ойлау мен талдау дағдысы:тас дәуірінің тұрақтарын зерттеу арқылы әр топ тапсырмаларына орай 3 ерекшелікті талдайды
Тілдік мақсаттары:
Қазақстанның тас дәуірін зерттеген археологтар туралы, алғашқы адамдардың тұрақтары мен еңбек құралдары туралы ақпараттарды тыңдайды, оқиды, әңгімелейді, жазады (оқылым, тыңдалым, жазылым дағдылары)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Тұрақ, оба, қорған, қорым, бифас, ретушь, микролит
Құндылықтарға баулу:
Тарихи білімді тұлға, азамат пен патриот қалыптастыру. Адамзат тарихы мен археологиялық ескерткіштерге құрметпен қарау
Пәнаралық байланыс:
География
Алдыңғы білім:
Ежелгі адамдардың эволюциясы, олардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Сабақтағы жоспарланған жұмыс
Ресурстар

Сабақтың басы
Кіріспе

1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру,оқушылардың көңілін сабаққа аудару
2.Қызығушылықты ояту:
<<Жүректен-жүрекке>> әдісі арқылы жағымды ахуал орнату.
1-тапсырма.
Үй тапсырмасын пысықтау<<Кім жылдам>> әдісі арқылы. Мақсаты: өткенді қайталау
Стикердің түстері арқылы топқа бөлу
1- топ <<Палеолит>>
2- топ <<Мезолит>>
3- топ <<Неолит>>

АКТ

стикер

Сабақтың ортасы
Негізгі бөлім:

Мәтінге байланысты аудиожазба тыңдау.
1тапсырма. Тас құралдар мен археологиялық қазба жұмыстарының суреттері көрсетіледі(Жеке, жұптық). (Білу, түсіну)
1. Суреттерде не бейнеленген?
2. Бұл тас құралдарды кімдер және қалай жасады?
3. Бұл тас құралдар не үшін қолданылған?
4. Бұл олжаларды археологтар қалай тапты деп ойлайсыздар?
5. Көне ескерткіштерді зерттеудің маңыздылығы неде?

Жұптарға тас дәуірінің еңбек құралдары мен қару-жарақтардың суреті бар карточкалары ұсынылады. Берілген карточкаға оқушылар еңбек құралы және қару-жарақтың атауын, қолданылуын, жасалу технологиясын жазулары тиіс.
Дескриптор
- еңбек құралдарының атауын атайды;
- еңбек құралдарын суреттер бойынша сәйкестендіреді;
- ежелгі адамдардың еңбек құралдарын қолдану қызметін атайды.
- еңбек құралдарының жасалу технологиясын жазады
- көне ескерткіштерді зерттеудің маңыздылығын түсіндіреді
2-тапсырма. <<Ойлан-Жұптас-Пікірлес.
( топтық). (Қолдану, талдау)
Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым,айтылым)
<<Тұрақтарды зерттеу>>
Жоғарыда көрсетілген Қазақстандағы тас дәуірі тұрақтары туралы зерттеу тапсырмасы беріледі (ықшамдалған мәтін таратылады).Оқушылар мәтін мазмұнын оқып, талдайды.

Дескрипторлары:
1-топ. Тас дәуірінің әр кезеңінің тұрақтарының ұқсастықтарын табады, картадан орындарын белгілейді (кем дегенде 3-5-еуін табады)
2-топ. Тас дәуірінің әр кезеңінің еңбек құралдарының айырмашылықтарын табады (кем дегенде 2-3-еуін табады)
3-топ. Археологиялық ескерткіштер неліктен зерттелетінін анықтайды (кем дегенде 3 дәйек келтіреді)

Топтар зерттеу нәтижесінде жинақтаған дәлелдемелерін сынып алдында қорғайды. Оқушылардың таныстырылымы кезіндеоқушылардың жауаптарын бағалау парағына белгілеп тұру қажет.

3-тапсырма. Жеке жұмыс. (Жинақтау)
адамдардың ең алғашқы құралы тастан жасалған
<<Сұрақты тап>> әдісі.Оқушылар берілген жауаптарға қарап сұрақтар дайындайды.Қаратау жотасы
ежелгі адамдар мекені
Олдувай шатқалы ең көне құралдар табылған орын

Сұрақты тап

Соңғы палеолит кезеңі 40 мың жыл бұрын басталды
Қоныстар негізінен ірі өзен алқаптарында орналасқан

Дескриптор
1. Берілген жауаптарға сұрақтар қоя алады
2. Сұрақтар қоя отырып жауапты дамытады
3. Алған білімдерін өз бетінше қолдана алады
4. Жауаптарды қорыта келе ежелгі адамдардың өмірін сипаттайды.

Үйге тапсырма
Жаңа игерілген білімді қайталау, пысықтау;
<< Ежелгі адамдардың бір күні>> тақырыбына 50 сөзден тұратын ой-толғау жазу

АКТ
Оқулық
маркер

Тапсырма карточкалары

<<Қазақстан тас дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі>>
мәтін
http://history.tarsu.kz/index.php/lektsii?id=72

қазақстан
аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштерінің картасы:
http://ok-t.ru/studopediaru/baza8/824259538287.files/image028.jpg

Оқулық

АКТ

Сабақтың соңы
Кері байланыс
Сауалнама
1. Мен бүгін білдім...
2. Қиын болды...
3. Тапсырмалар орындадым.....
4. Көп тапсырманы орындадым...
5. Мен талпынып,тырыстым...

кері байланыс
парағы

Ұқсас жұмыстар
тоқсан (18 сағат)
Сабақ басында
Соңғы тас дәуірі
Қола дәуіріндегі Қазақстан жайлы ақпарат
Қазақ хандығының мемлекеттік -әкімшілік құрылымы. . ,ғұндар сабақ презентациямен 6 сынып, тас дәуіріндегі Қазақстан 6 сынып
6-ші сыныптарға арналған тарих сабағына жоспар
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Мезолит дәуіріндегі өзгерістер
Кесте тапсырмасы
ТАС ДӘУІРІ
Пәндер